Сабақ тақырыбы: Тұрақтандыруға арналған жабдықтар және апаттық-құтқару құрал-саймандарына арналған қосалқы жабдықтар



жүктеу 162.44 Kb.
Дата02.12.2017
өлшемі162.44 Kb.
түріСабақ

Қызылорда облысының білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі
«Келісілді» «Бекітемін»

Әдіскер__________ Жалғасова О Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________Тоқтамысова Д

Ашық сабақ

Пән аты: Апаттық құтқару техникасы және жабдықтары
Сабақ тақырыбы: Тұрақтандыруға арналған жабдықтар және апаттық-құтқару құрал-саймандарына арналған қосалқы жабдықтар
Оқу тобы: ТЖ-14-9

Өткізілетін күні: 14.04.2017 ж

«Техникалық» пәндер бірлестігінің арнайы пән оқытушысы: Оспанов Қ

«Техникалық» пәндер

бірлестігінде қаралды

Хаттама № _____

«_____»______ 2017 ж.

Бірлестік жетекшісі:

__________ Шалқарбаев А.

Қызылорда, 2017 жыл

Апаттық құтқару техникасы және жабдықтары пәні бойынша ашық сабақ жоспары

Сабактың өткізілетін күні: 14.04.2017ж

Оқу тобы: ТЖ-14-9

Сабақтың тақырыбы: Тұрақтандыруға арналған жабдықтар және апаттық-құтқару құрал-саймандарына арналған қосалқы жабдықтар

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: Апаттық-құтқару құрал-саймандарына арналған қосалқы жабдықтарды қайталап, болашақ маман ретінде өз ойын айта алуға қалыптастыру.

ә) тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, теория мен тәжірибені байланыстыра отырып, жауапкершілігін, адамгершілігін арттыруға тәрбиелеу .

б) дамытушылық: Салыстыра білу қабілеттерін, танымдық қызығушылықты дамыту, жаңашылдық, жүйені ойлауға дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: бейне материалдар, слайдтар, оқулықтар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: «Жұмыстар тактикасы мен технологиясы», «ТЖ-да іліп тасу және такелажды жұмыстар ».

Сабақтың құрылымы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына назар аудару 5 мин

  2. Өткен тақырып бойынша сабақ сұрау, тексеру, бекіту - 30 мин

  3. Оқушылардың білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту -30 мин

  4. Оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру тест ретінде -20 мин

  5. Үй тапсырмасы 5 мин


Сабақтың өткізілу барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басталмай тұрып алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына назар аударамыз. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру кезінде кезекші арқылы кімнің жоқ екенін белгілейміз.



II. Өткен білімін тексеру кезеңі

Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін тексеру жүргізіледі. Өткен сабақ бойынша дайындалуға үш-төрт минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң оқушылардан сабақ сұралады.

Үй жұмысын ауызша сұрауда оқушылармен пікірлесе отырып, олардың ойлау қабілетін және сөз қорын дамытуға бірінің білмегенін екіншісі толықтыру арқылы бір бірімен жақсы қарым қатынаста болуға тигізетін әсері мол.

ІІІ. Тест және бақылау сұрақтары






Сұрақ 1

Өрт анықтамаларының қайсысы берілген?



Ответ1 тез тұтанғыш заттар мен сұйықтықтардың жануы;

Ответ2 материалдық құндылықтарды жоятын және қоршаған ортаны ластайтын бақылаусыз жану;

Ответ3 адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүлкіне зиян,

материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.



Ответ4 Барлық жауап дұрыс










Сұрақ 2.

Өрт сөндіру – бұл...



Ответ1 адамдарды, мүліктерді құтқару мен өртті жоюға бағытталған жауынгерлік іс-әрекеттер;

Ответ2 өртті жоюға жұмылдырылатын адамдар мен техника күші;

Ответ3 пайда болған өртті барлық жеткілікті әдістермен және құралдармен жою.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс










Сұрақ 3.

Қазақстан Республикасы азаматтары ... құқылы.



Ответ1 өрттер болған жағдайда өздерінің өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға;

Ответ2 өрт сөндіру бөлімдерінің орналасуымен танысуға;

Ответ3 өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс










Вопрос 4

Меншік нысанына қарамастан, объектілердегі өрт қауіпсіздігін және

өрт сөндіруді қамтамасыз ету ... жүктеледі.

Ответ1 еңбек ұжымына;

Ответ2 өртке қарсы қызмет органдарына;

Ответ3 ұйым басшысына.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс










Сұрақ 5.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру үшін негіз

болып табылатын өртке қарсы қызмет органының құжаты-

Ответ1 тексеріс белгілеу туралы акт;

Ответ2 тексеріс белгілеу туралы ұйғарымдама;

Ответ3 тексерісті есепке алу карточкасы.





Ответ4 Барлық жауап дұрыс







Сұрақ 6.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның құзыреті:



Ответ1 өрт қауіпсіздігі саласындағы хабарландыру, білімді насихаттау, халықты және мамандарды

оқыту тәртібін анықтау;



Ответ2 біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізеді, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік бақылауды

жүзеге асыру;



Ответ3 мемлекеттік органдарда өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді, өрттердің

алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді.



Ответ4 Барлық жауап дұрыс










Сұрақ 7.Өртке қарсы қызметі органына қызметке қай жастағы тұлғалар қабылданады?

Ответ1 16 жастағы;

Ответ2 18 жастағы;

Ответ3 21 жастағы.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс






Сұрақ 8.

Өртке қарсы қызметі органына алғаш қабылданған тұлғаларға сынақ мерзімі қай аралықта белгіленеді?



Ответ1 6 айға дейін;

Ответ2 3 айға дейін;

Ответ3 12 айға дейін.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс





Сұрақ 9.

Өртке қарсы қызметінің қызметкері қызметтен басқа қандай жұмыспен айналысуына рұқсат берілмейді?



Ответ1 оқытушылық;

Ответ2 ғылыми;

Ответ3 коммерциялық.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс










Сұрақ 10.

Өртке қарсы қызметі органдарының құрамына не кіреді?



Ответ1 басқару органы, күштер мен құралдар,

оның ішінде өртке қарсы құрамалары, сондай-ақ өрт-техникалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу

мекемелері;

Ответ2 басқару органы, күштер мен құралдар, оның ішінде өртке қарсы құрамалары;

Ответ3 басқару органы, күштер мен құралдар, оның ішінде өртке қарсы құрамалары мен ғылыми-зерттеу

мекемелері.



Ответ4 Барлық жауап дұрыс











Сұрақ 11.

Өрт сөндіру кезінде өртке қарсы қызметі қызметкерінің қандай құқықтары бар?



Ответ1 барлық тұрғын үйлерге және кәсіпорынның бірінші басшысының рұқсатымен өндірістік

бөлмелерге еш кедергісіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды қорғауға, жалынның таралуынан алдын алуға

және өрттерді жоюға бағытталған заңды шаралар қолдануға;

Ответ2 барлық тұрғын үйлерге және кәсіпорынның бірінші басшысының рұқсатымен өндірістік

бөлмелерге еш кедергізсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды қорғауға, жалынның таралуынан алдын алуға

және өртті жоюға бағытталған кез келген шаралар қолдануға;

Ответ3 жауыптың екеуі де дұрыс емес.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс





Сұрақ 12.

Өрт сөндіру кезінде келтірілген материалдық шығын қалай қалпына келтіріледі?



Ответ1 сот шешімі бойынша;

Ответ2 қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте;

Ответ3 сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс


Сұрақ 13.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат...



Ответ1 ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелерi арқылы жариялануға тиiс;

Ответ2 бұқаралық ақпарат құралады үшін жабық;

Ответ3 төтенше жағдайлардың ауқымына байланысты.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс
Сұрақ 14.

Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету ... жүргізіледі.



Ответ1 мектеп жасына дейiнгi мекемелер мен жалпы орта бiлiм беретiн мекемелерде, жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлердегi ұйымдарда, мамандарды оқытып-үйрету кәсiптiк-техникалық, орта арнаулы және жоғары бiлiм беру мекемелерiнде;

Ответ2 бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды қайта даярлау мекемелерiнде;

Ответ3 төтенше жағдайдағы iс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орнындағы ұйымдарда;

Ответ4 Барлық жауап дұрыс
Сұрақ 15.

Қандай ұйымдар ТЖ кезінде қорғаныс әдістері мен қимылдарына қызметкерлерді оқытып, қорғаныс іс-шараларын жоспарлайды және өткізеді?



Ответ1 мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер;

Ответ2 коммерциялық кәсіпорындар ;

Ответ3 жеке кәсіпорындар.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс
Сұрақ 16.

Төтенше жағдайларды енгізу кезінде азаматтардың жекелеген құқықтары мен бостандықтарының шектелуі мүмкін бе?



Ответ1 жоқ, мүмкін емес

Ответ2 иә, мүмкін

Ответ3 мүмкін, егер бұл шектеу жеке меншікке байланысты болмаса.

Ответ4 Барлық жауап дұрыс
Сұрақ 17.

Авариялық –құтқару құрамасы дегеніміз қандай құрылым?



Ответ1 авариялық-құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым

Ответ2 авариялыќ-құтқару қызметінің құрамына енбейтін құрылым

Ответ3 өзінше авариялыќ-құтқару қызметін атқаратын құрылым

Ответ4 Барлық жауап дұрыс
Сұрақ 18.

Төтенше жағдай дегеніміз не?



Ответ1 авария, зілзала немесе апат салдарынан бір неше аумаќты қамтитын жағдай

Ответ2 тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзылуы мүмкін, авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумаќта туындаған жағдай

Ответ3 орын алєан авария немесе апат

Ответ4 Барлық жауап дұрыс
Сұрақ 19.

Құтқарушы дегеніміз кім?



Ответ1 төтенше жағдайды жоюға қабілетті ҚР азаматы

Ответ2 құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргіуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан қайта аттестаттаудан өткен азамат

Ответ3 жасы 18-ге толған ҚР-да жұмыс жасайтын азамат

Ответ4.Барлық жауап дұрыс
Сұрақ 20.

Табиғи апат дегеніміз не?



Ответ1 су тасқыны салдарынан пайда болған апат

Ответ2 жер сілкінісінен пайда болған апат

Ответ4 өрт салдарынан пайда болған апат

Ответ4 барлық жауап дұрыс
Оқушылардың білімін тексеріп болған соң, мұғалім сөз алады. Оқытушы жаңа тақырыпты жариялайды, тақырып бойынша қаралатын сұрақтарды атап өтеді.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған техникалар мен құрал-жабдықтар. Авариялық - құтқару жұмыстарының механизация құрал-дары.

Жер сілкіну, жарылыс, дауыл, құйын салдарын жою кезінде полотнолар мен подъезд жолдарын салуға арналған авариялық-құтқару жұмыстарының механизацияларының құралдары, үйінділерге бару және жүру жолдарына құрылғылар, үйінділерді, құлайын деп тұрған бұзылған конструкцияларды тазалау және бұзу, өртке қарсы қоршау жолақтарын орнату, электр қуатының күшті тұтынудың қуат көздерін, жүргізіліп жатқан жұмыс орындарын жарықпен қамтамасыз ету және адамдарды орналастыру құралдары пайдаланылады. Оларға мыналар жатады:

– кедергілерді жеңу және бұзу құралдары;

– жол және жер жұмыстарының механизация құралдары;

– жүк көтеру құралдары;

– электр техникалық құралдар.



Авариялық-құтқару құрал-сайманы

Құтқару жұмыстарын жүргізген кезде гидравликалық және пневмати-калық жетегі бар авариялық-құтқару құрал-сайманының кешені және жиынтығы пайдаланылады. Авариялық-құтқару құрал-сайманының кешен-дері мен жиынтықтары тістегіштермен (қайшылармен), қысқыштармен (кеңейткіштермен), қысқыш-тістегіштермен (аралас сайманмен), домкрат-тармен (цилиндрлармен), сығылған ауа баллоны бар пневмодомкрат-тармен (пневмоподушкалармен), сораптармен және сорап станцияларымен, катушкалармен және шлангтармен, қосымша жинақтаушы құралдармен жинақталады.

Тістегіштерді арматураларды, түрлі бейіндегі болат конструкциялардың элементтерін, есік, терезе тіреулерін, металл құбырларын, болат тросстарды тістеу (кесу) кезінде пайдаланады.

Қысқыштар тар ойықтарды кеңейту, құрылысы конструкцияларының элементтерін көтеру және орнын ауыстыру, авариялар мен ағуды тоқтату үшін құбырларды қысу үшін қолданылады.

Қысқыш-тістегіштер арматураларды, металл құбырларды, болат тростарды тістеу үшін, сондай-ақ тар ойықтарды кеңейту, құрылыс конструкция элементтерін көтеру және орнын ауыстыру үшін қолданылады.

Домкраттар тым жоғары емес биіктікке көтеруге, ілуге және құрылыс конструкция элементтерін, транспорт құралдарын, түрлі жүктердің орнын ауыстыруға, сондай-ақ саңылау, тесіктерді және тағы басқа тар орындарды кеңейтуге арналған. Цилиндрлерді кіру кеңістігін кеңейту үшін, құрылыс конструкцияларының түрлі элементтерін тіреу үшін қолданады. Қос әрекетті цилиндрлердің шынжырлар жиынтығының көмегімен «қысып» жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.

Пневмодомкраттар жетуге қиын орындарда үйінділер болған кезде құрылыс конструкцияларының элементтерін, әртүрлі жүктерді көтеруге арнап шығарылған.

Сораптар мен сорап станциялары жұмыс құрал-сайманына қысым арқылы гидравликалық сұйықтық беруге арналған.

Сығылған ауасы бар баллондар пневмодомкраттардың жұмысын қамтамасыз етеді.

Катушкалар мен шлангтер жұмыс құрал-саймандарын қол сорабына, сорап станциясына немесе сығылған ауасы бар баллондарға қосуға арналған.

Қосымша және кешенді заттар АСИ (типтік шынжыр жиынтығы, ауыспалы ұштар, қысқыштар, ұзартқыштар, құлақшалар, табандар, қапсырмалар, тіректер) қолдану мүмкіндігін ұлғайтуға арналған.
Механикаландырылған құрал-саймандар

Механикаландырылған құрал-сайман ТЖ зардабын жою кезінде авариялық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізгенде іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру және дене энергиясының шығынын азайтуға ықпал ететін ішкі немесе автономиялық энергия көздерінен жұмыс істейтін техникалық құралдардың бір түрі болып табылады.

Жетек түрі бойынша пневматикалық, электрлі және мотожетегі бар механикаландырылған құрал-сайман болып бөлінеді.

Механикаландырылған құрал-сайманның құрамына шой балталар, бетон сүймен, перфораторлар, бұрғылар, тегістеу машиналары кіреді.

Шой балталар мен бетон сүймендер қолмен соғып әрекет ететін (соғу, бұрау) қол машиналары болып есептеледі және құрылыс конструкцияларын, олардың сынықтарын, жасанды және шынайы материалдардан болған (кірпіш, бетон, әктас, гранит және т.б.) үйіндінің басқа элементтерін үгітуге, қабырғаларды, панельдерді, арақабырғаларды, фундамент блоктарын тесуге арналған.

Өрт сөндіру автомобильдері түрлері мен атқаратын мақсаты.

Өрт сөндіру техникасы – өрттерді сөндіру кезінде пайдалануға арналған, жабдықтарды, өрт сөндіргіш құралдарды өрт орнына жеткізіп және оларды өрт ошағына жіберуге арналған автомобиль.

Өрт сөндіру автомобилі – өрт сөндіру есебін, өрт-техникалық жарақтарды, от сөндіргіш құралдарды өрт орнына жеткізіп және оларды өрт ошағына жіберуге арналған автомобиль.

Өрт сөндіру автоцистернасы – өрт сөндіру өрт сөндіру есебін, өрт техникалық жарақтарды жеткізуге арналған, өрт сорғысымен, сұйық от сөндіруші заттарға арналған ыдыспен жабдықталған автомобиль.

Алғашқы көмек көрсететін өрт сөндіру автомобилі – өрт орнына өрт сөндіру есебін, өрт-техникалық жарақтарды, авариялық-құтқару құрал-саймандарды және басқа арнайы құралдарды жеткізуге, негізгі күш және құралдар жеткізілгенше авариялық авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өртті сөндіруге арналған автомобиль.

Өрт сөндіру автосатысы – өрт орнына өрт сөндіру есебін және өрт-техникалық жарақтарды жеткізуге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, жоғарыға от сөндіретін заттарды беруге арналған, стационарлық механикаландырылған жылжымалы және айналмалы сатылы автомобиль;

Өрт авариялық-құтқару автомобилі – өрт орнына өрт сөндіру есебін және арнайы авариялық-құтқару құрал-саймандарды және жабдықтарды жеткізуге, жұмыс аландарын жарықтандыруға, өрт сөндіру есебін және авариялық-құтқару жұмыстарының басшысын радиобайланыспен қамтамассыз етуге қызмет ететін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған автомобиль;

Өрт-техникалық жарақтар – өрт жабдықтарынан, өрт және авариялық-құтқару қол құрал-саймандарынан, өрт құтқару құрылғыларынан және кіші механизация құралдарынан, сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары және нақты өрт сөндіру көліктері үшін олардың бағытына сәйкес басқа да техникалық құрылғылардан тұратын жиынтық;

Өрт сөндіру жабдықтары – өрт сөндіру коммуникациясы құрамына кіретін жабдықтар (өрт сөндіру жеңдері, өрт сөндіру тармақтары, өрт сөндіру оқпандары, өрт сөндіру бастиектері, өрт гидранттары және т.с.с.), сонымен қатар осы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету құралдары және олардың қосалқы бөліктері.

Өрт сөндіру техникасының негізгі түрі өрт сөндіру автомобилі болып табылады. Тағайындылуына байланысты өрт сөндіру автомобильдері:



- негізгі;

- арнайы;

- көмекші болып бөлінеді:

Негізгі өрт сөндіру автомобильдері өрт орнына жеке құрамды жеткізуге, өрт сөндіру заттарының және өрт жабдықтарының көмегімен өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ өрт орнына басқа көздерден өрт сөндіру заттарын беруге арналған.

1.Негізгі өрт сөндіру автомобильдері жалпы және мақсатты қолданылатын өрт сөндіру автомобильдері болып бөлінеді:

Жалпы қолданылатын өрт сөндіру автомобильдеріне:

Алғашқы көмек автомобилі;

Жылдам әрекет ету автомобилі;

Сорғы-жең өрт сөндіру автомобилі;

Жоғары қысымды сорғысымен автомобилі;

Су сыйымдылығы 2м/куб артық емес жеңіл автоцистеналар;

Орташа автоцистерналар және су сыйымдылығы 4м/куб артық емес механикалық сатысымен автоцистерналар;

Су сыйымдылығы 14м/куб артық емес ауыр автоцистерналар жатады.

Мақсатты қолданылатын өрт сөндіру автомобильдеріне:

Ауа-көбікті сөндіру автомобилі;

Ұнтақты сөндіру автомобилі;

Ұнтақты өрт сөндіру автомобилдік модулдері;

Газды сөндіру автомобильдері;

Газсумен сөндіру автомобильдері;

Аралас сөндіру автомобильдері;

Аэродромды автомобильдер;

Радиоактивті сәулеленуден және күшті әсер ететін улы заттардан қорғайтын автомобильдер;

Сорғы станциялары;

Жең автомобильдері жатады.

2) Арнайы өрт сөндіру автомобильдері шақыру (өрт) орнында байланысты және жарықтандыруды ұйымдастыру, жоғарыға көтеру (түсіру), түтін мен газды шығару, техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі авариялық-құтқару және арнайы жұмыстарды орындауды қамтамассыз етуге арналған.

Арнайы өрт сөндіру автомобильдеріне:

Автосатылар;

Иінді автокөтергіштер;

Автокөбік көтергіштер;

Байланыс және жарықтандырғыш автомобилі;

Техникалық қызмет автомобилі;

Газтүтіннен қорғау қызмет автомобилі;

Штабтық автомобилдер;

Түтін шығару автомобильдері (тіркемелері) жатады.

3) Көмекші өрт сөндіру автомобильдеріне: автоға отын құюшылар, жылжымалы автожөндеу шеберханалары, диагностика-лық зертханалар, автобустар, жеңіл, жедел-қызметтік, жүк көліктері, сондай-ақ басқа да мамандандырылған көлік құралдары жатады.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында жаңа термин сөздермен таныстыру және оларға түсінік беру, сораптардың түрлеріне тоқталу.

Термин сөздерге түсініктеме

механикаландырылған қол өрт аспабы - пневмо-, электро- немесе мотожетекті соққылау, басу-айналдыру және (немесе) айналдыру әрекетінің қол өрт аспабы;


      арынды-сорғыш өрт түтік құбыры - ашық су көзінен сондай-ақ қысым астындағы су көзінен (гидранттан) жұмыс істеуге арналған өрт түтік құбыры;
      арынды өрт түтік құбыры (арынды түтік құбыр) - артық қысым астындағы өрт сөндіргіш заттарды тасымалдауға арналған өрт түтік құбыры;
V.Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту

Жаңа сабақты бекіту сұрақ-жауап арқылы оқушының өтілген тақырыптан түсінгенін қорытындылау.


VІ. Үй тапсырмасы

1) Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, магистральды құбырлар туралы жазып келу



2) Интернет желісінен қосымша материалдар іздену

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. М.Д.Безбородко., «Пожарно-техническое вооружение»., М.,1981г.

  2. Ю.Ф.Яковенко «Современные пожарные автомобили»., М., 1988г.

  3. «Өртке қарсы қызметі органдарының жауынгерлік жарғысы»., Алматы, 2005ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет