Сабақ тақырыбы: Тұсау кесу Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



жүктеу 83.7 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі83.7 Kb.
түріСабақ



Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер





Күні:

Мектеп: Сазды орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жолдасбаева Ә.Б






Сынып: 5


Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақ тақырыбы: Тұсау кесу




Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.О4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмүнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу ТА1Тірек сөздер мен ұсынылған илюстрациялар арқылы арқылы тақырыпты болжау






Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннің тақырыбын болжай алады ,жалпы мазмұнын анықтайды, тілдік құралдарын салыстырады, мәтін жазады




Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Берілген материалдар бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, мәтін жазады.




Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіннің жанрын,стилін тілдік құрылымын ажыратады, жинақы мәтін жаза алады.




Бағалау критерийлері

5.О4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмүнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып,

жинақы мәтін жазу





Ойлау дағдылары

ның деңгейі

Білу, түсіну, қолдану




Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ала жіп,көк шөп,тоқ ішек, тақым,күрмеу.




Ауызекі сөйлеу стиліне тән тіркестер: қаз тұру,қадам басу,күрмеу шешу т.б.




Талқылауға арналған сұрақтар:Тұсау кесу дәстүрінің мақсаты қандай?










Алдыңғы оқу:

Бесікке салу





Жоспар




Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


ресурстар





Сабақтың басы



Шаттық шеңбері. Сыныпта жағымды ахуал туғызу. Тілек айту.

Түрлі-түсті жіп арқылы бөлу

І топ «Ақ жіп»

ІІ топ «Көк жіп»

ІІІ топ «Қызыл жіп»

ІҮ топ «Жасыл жіп»


Ала жіп







Сабақтың ортасы


  1. тапсырма

Берілген мәтін бойынша өздерің білетін ақпаратпен толықтырыңдар.

Тұсау кесу-бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады.Тұсау кесу тойынын негізгі жабдықтары:

1,5 метр ала жіп және өткір қайшы немесе пышақ. Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатады, баласының тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып жатып, өлеңдете отырып тұсау жіпті қайшымен қияды да, баланы 3-4 аттатады...

Сергіту сәті Қаз-қаз балам,қаз балам.

Қ.Б « Бас бармақ» әдісі

2-тапсырма

Оқылым тапсырмасы

Берілген мәтіндерді салыстырыңыз және тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз

Бесікке салу

Халқымызда бесік – қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі әжелеріне, әйелдеріне жүктеледі. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәделі сый береді.

Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу болады. Сондай-ақ бесік баланы суық пен ыстықтан қорғайды.

Бесік ағаштан жасалады. Бесікті баланың нағашы жұрты арнайы жасатады. Баланы көзден сақтасын деп бесікке тұмар тағады.



Тұсау кесу

Немере: - Әже, тұсау кесу деген не? Оны қалай кеседі?

Әже: «Тұсау кесу» деген ғұрыптың бір түрі. Тұсаукесер сәби қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен жасаоады.

Немере: - Әже, тұсауды қалай кеседі? Оны кім кеседі?

Әже: Бөбектің тұсауын ата – анасы ең жүйрік немесе сыйлы адамға кестіреді. Ол үшін арнайы ала жіппен тұсап кеседі. Тұсауы кесілген баланы «ақ жол болсын» деп ақжайма үстімен немесе «жолы жұмсақ болсын» деп кілем үстімен жүргізеді.

Немере: Әже менің де тұсауымды кесті ме?

Әже: -Ия,балам, сенің де тұсауыңды кескен. «


Мәтіндерді салыстыру







1-мәтін

2-мәтін

тақырыбы







мазмүны







Тілдік құрал







«Қ.Б» «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалайды.

3-тапсырма

Жазылым тапсырмасы

.Бейнебаян материалын тыңдау



«Стоп кадр» стратегиясы. Оқушылар бейнебаяннан көргендері бойынша жинақы мәтін жазады.

Топ мүшелері «Үш шапалақ» арқылы бағалайды.

Сергіту сәті Ән: « Қазқтың дәстүрлері»

Кесте, сызба

стекер

АКТ-ны қолдану.





Сабақтың соңы



Рефлексия:

ББҮ


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

















Өзін-өзі бағалау





Бағалау критерийі

Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмүнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстырады.




тапсырма


Дескриптор




Балл

2


Мәтінді түрлендіреді, толықтырады.Тірек сөздерді таба алады.

2


2


Тілдік құралдарға салыстыру жасайды.

Мәтіннің мазмұнын ашады, стилін анықтайды.


2










Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

3









Бейне материал бойынша мәтін жазады.

3

Негізгі ақпараттарды сақтайды.

3










Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады.



1

Тірек сөздер мен суреттер бойынша тақырыпқа болжам жасайды.

1



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет