Сабақ типі: Жаңа сабақ Сабақ түрі : топтық жұмыс Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Жаңа сабақ



жүктеу 44.13 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі44.13 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары

Білімділік мақсаты: Көміртектің физикалық және химиялық қасиетін таныстыру,аллотропиялық түр өзгерісі жайлы түсінік беру,көміртектің табиғаттағы айналымы.

Дамытушылық мақсаты:Оқушыларды жан-жақтылыққа топпен жұмыс жасауға уйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға осы сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге уйрету

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ түрі: топтық жұмыс

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Жаңа сабақ

Видеоролик көрсетіледі

ІІІ.Сабақты бекіту

А)Суреттерді бейнелеу

В)Деңгейлік тапсырмалар

С)Топтық тапсырма

Қорытындылау


Үй тапсырмасы:

Білу.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Топырақты өсімдікке қажетті қоректік элементтермен байытады (Минералды тыңайтқыштар)

2.Өсімдік құрамына қанша химиялық элементтер кіреді,оның қаншасы өсіп дамуы үшін қажет.(70 тен астамы кіреді,16сы)

3.Тыңайтқыштар химиялық құрамына қарай қалай бөлінеді? (минералдық,органикалық,органоминералдық,бактериялық)

4.Элементтердің түріне қарай қалай бөлінеді? (Фосфор,азот,калий тыңайтқыштары)

5.Несепнәр дегенміз не? (өте тиімді концентрлі тыңайтқыш,құрамында 46 азот бар)

6.Калий селитрасы дегеніміз не?КNO3 (құрамында калий және азот бар күрделі тыңайтқыш)

7.Нитрофоска дегеніміз не? (Құрамында өсімдікке қажет үш элемент-К,N,P бар күрделі минералдық тыайтқыш)

Жаңа сабақ



«Еліміздің жер қойнауында кездесетін байлықтың сан түрі жерінде тұнған Орталық Қазақстан сияқты «асыл тәждің» Қазақстанда болуын мақтан етемін»

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Табиғатта таралуы

Көміртек бос күйінде табиғатта алмаз, графит түрінде кездеседі. Кейінірек синтездік жолмен алынған фуллерен және карбин деп аталатын түрлері белгілі. Алмаз, графит, фуллерен және карбин – көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері. Бұлар бір- бірінен кристалл торларының, яғни құрылысының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Алмаз ең қатты зат, алмазды бұрғылар жасауда қолданады. Қырланған алмаз- бриллиант. Графит май тәрізді жылтыр, сұр түсті жұмсақ зат. Одан қарындаштың өзегін, электродтар, отқа төзімді ыдыстар дайындайды.

алмаз фуллерен графит карбин

Таскөмірді, ағашты ауа қатыстырмай қыздырып, құрғақ айдау арқылы таза көміртек алады. Мұндай көмірдің заттарды сіңіргіштік қабілеті жоғары. Бұл- активтелген көмір (дәріханада сатылады). Көмірдің өз бетінде газдарды, еріген заттарды ұстап қалу қабілетін адсорбция дейді. Көміртектің адсорбциялық қасиеті газтұтқыш (противогаз) мақсатта қолданылады. Ал қосылыстар түрінде карбонаттары – CaCO3 • MgCO3 – доломит, CaCO3 – мәрмәр (бор), MgCO3 – магнезит, сонымен бірге мұнай мен табиғи газдың құрамында кездеседі.

Кәдімгі жағдайда көміртек – инертті. Жоғары температурада реакцияға түседі. Көміртек тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады.

Химиялық қасиеттері

І Жай заттармен әрекеттеседі:

1. 2С + O2 →2CO көміртек монооксиді (иіс газы)

2. C + O2 →CO2 көміртек диоксиді

3. C + 2H2 → CH4 метан

4. 2С + Сa → CaC2 кальций карбиді

ІІ Күрделі заттармен әрекеттеседі:

1. C + H2O →CO + H2 газдар қоспасы - синтез газ түзіледі, ол отын ретінде

2. С + 2CuO →CO2 + 2Cu таза металл алынады

3. C + 4HNO3 (конц) → CO2+ 4NO2 + 2H2O

4. C + 2H2SO4 (конц)→ CO2 + 2SO2+ 2H2O

Көміртек оксидтері.

Көміртек екі түрлі оксид түзеді. СО – көміртек (ІІ) оксиді немесе көміртек монооксиді. СО- ны иіс газы деп те атайды. Көміртек монооксиді – жанғыш газ, қалыпты жағдайда инертті, қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде реакцияға түседі. СО – түссіз, иіссіз, ауадан сәл жеңіл, өте улы газ. Оны «иіс газы» дейді, оның ауада 0,2 % болса, қауіпті. Уланған адам есінен танып қалады, тез арада таза ауаға алып шығып, алғашқы көмек көрсету керек.

Деңгейлік тапсырмалар

С.1.Егер шығымы 90% болса, онда 1кг әктасты қыздырғанда қанша сөндірілмеген әк алуға болады.

2.Құрамында 15% қоспасы бар 450г әктастан алынған кальций оксидінің масссасы

В. 1.Массасы 12г кальций мен 6г көміртек әрекеттескенде неше грамм кальций карбидін алуға болады?

2.Массасы 12,8г мысты тотықсыздандыру үшін мыс (ІІ)оксидімен неше грамм көміртек әрекеттеседі? Көміртек (ІV) оксидіне тотығуды.

№1. Өзгерісті жүзеге асырыңыз

С → СО → СО2 → Na2CO3 →NaCl

А. 1. Метандағы (СН4) көміртектің

массалық үлесі қандай?

2. СН4 , СО2, СО, С тотығу

дәрежелерін анықта

Сергіту сәті.

Топтық тапсырма.

Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне демалуға келеді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанады. Бір күні Алмас қара тас тауып алады. Онымен сурет салып көреді де қара із қалдыратынын байқады. Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап ұйқысы келеді. Бала ұйықтап кеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Одан ауыр әкті суға ағады.

Жарқырап күнде шығады. Күн сәулесінің жылуынан әрі жерде әкті су, ұзақ кепкен ақ тастар шашылып жатады. Оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа қалай налдырғанын көріп таң тамаша болады. Ақ тасты алып жерге жазып, сызып көреді. Оның да өзіндік ізі бар. Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болды?

(С=CO2=H2CO3=Ca(HCO3)2=CaCO3)

Жоғалған формулалар

Қорытынды.Топ басшылары бағалау парағы бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасы: 21,22 оқу. №1,2 жаттығу



Фурманов орта мектебі



Тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары
Сынып: 9 «А»

Өткізген күні: 8.12.15ж

Пән мұғалімі: Сапабекова Ж.Т

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет