Reddit қолданушысы қызы туралы шындықты ашып, оның некесін қалай бұзғаны туралы айтып берді. Көптеген комментаторлар оның әрекетін дұрыс деп санады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: www.thesouthafrican.com

Жазба авторы қызы Алисаның тұрмысқа шыққанына төрт жыл болғанын, балалы болуды жоспарлап отырғанын жазған. Ер адамның әйелі ішімдік ішіп, қызы мен оның күйеуі Джонның "некеде көп нәрсені бастан өткергенін" айтқан.  

"Мен олардың отбасындағы мәселелер туралы білмедім және әйеліме не болып жатқанын түсіндіруге мәжбүр еттім", — деді ол.

Нәтижесінде әйелі қызының күйеуінің көзіне шөп салғанын жайып салған. 

"Жас кезімде сатқындықты бастан өткердім, сондықтан опасыз адамдарға төзбеймін. Джон балалы болмай тұрып мұны білуі керек деп ойладым", — деді автор.

  • Отбасы 7 жыл бойы смартфонсыз өмір сүріп келеді
  • Әйел телефонның көмегімен үш айлық ұлынан қатерлі ісіктің сирек кездесетін түрін анықтады

Келесі күні ер адам қызымен сөйлесіп, күйеуіне бар шындықты айтуды сұрайды. 

"Қызым күйеуінің өзіне үйленгенін менің шаруам емес деп жауап берді. Бірақ мен келіспедім, өйткені Джон біздің отбасымыздың бір бөлігі", — деп еске алды оқиға кейіпкері.

Нәтижесінде ер адам күйеу баласына ақиқатты өзі айтқан. 

"Ол үйден кетіп, ажырасуға ниетті. Қызым мен әйелім мені жек көреді", – деп жазды ол.

Пікірлерде көпшілік жазба авторының шешімін қолдады. Сонымен қатар олар қызы мен әйелі ер адамның бұл әрекетін кешірмеуі мүмкін екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Әйел күйеуінің туыстарының үйіндегі күтпеген қонаққа ашуланып ажырасуға арыз жазғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.