Сабақ түрі: концерт сабақ Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгеру. Сабақ барысы I ұйымдастыру кезеңі



Дата20.03.2018
өлшемі23 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Еуропа халықтарының музыкасы 6 класс

Мақсаты: Славян елдеріндегі ұқсастық, жақындық, әсіресе орыс, украин, белорус, поляк, испан халықтарының музыкалық өнеріне мағұлмат беру.

Тәрбиелік мәні: Еуропа халықтарының музыкасына баулу.

Дамытушылық: түсіндіру, әңгімелеу арқылы.

Көрнекілік: Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары: магнитафон, Слайд, Музыка сабағы 5класс

Сабақ түрі: концерт сабақ

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақ барысы

I – Ұйымдастыру кезеңі:

II – Үй тапсырмасы – Сұрақтар?


  1. Аспаптық музыка дегеніміз не?

  2. Аспаптық музыкасының ең бай мұрасы не?

  3. Күйлер қалай жіктеледі?

  4. Күйлер неше топқа бөлінеді?

  5. Күй атасы кім?

  6. Құрманғазы неше жасынан бастап байдың қойын баққан?

  7. Құрманғазының неше шәкірті бар?

  8. Құрманғазының ең бірінші күйі?

  9. Динамен бірінші кездескенде не дейді?

  10. Гамма , арпеджио дегеніміз не?

III – Жаңа сабақ:

  • Балалар аспаптар неше топқа бөлінеді? Буклетпен жұмыс.

  • Орта Азия халықтарына қай елдер жатады?

  • 1. Өзбек халқының музыкасы

  • Осы елдердің бір-біріне жақындығы неде?

  • Өзбек биін билеу.

  • 2. Түрік елінің биін билеу.

IV – Еуропа халықтарының музыкасы. Батыс, Шығыс, Оңтүстік славян халықтарының музыка өнері мен музыка аспаптарында ұқсастық ьаз емес. Алайда әр ұлттың тек өзіне ғана тән аспаптары бар. Славян елдеріндегі ұқсастық, жақындық әсіресе орыс, украин, белорус, поляк халықтарының музыкалық өнерінен анық байқалады.

Орыстың музыкалық аспаптарының түрлері: балалайка, домра, барабан, баян, гусли, бубен. Орыста және басқа да славян халықтарында скоморохтар (сайқымазақтар) болған, және де жеке ән айту өнері, батырлар жыры, көп дауысты хор әндері болған.

Украинның музыкалық аспаптары: Шертіп тартатын ішекті- кобза, бандура, ысқышпен ойнайтын скрипка, басоля, ұрмалы барабан, труба, арфа. Украинның музыкасында көптеген жанр түрлері бар. Олар әдет-ғұрып, салт-дәстүр және махаббат тақырыбындағы әндер. Украин халықтық би өнері өте жоғары дамыған.

Белорус - музыкалық аспаптарының ең көп тараған баян және гормоника, барабан. Ән жанры халықтың салт-дәстүріне, егін шаруашылығына, жыл мезгілдеріне байланысты болып келеді.

Поляк музыкалық аспаптары: генсле, мазанка, марина, үлкен және кіші бубендер. Поляк әндері мен билері бір-бірімен тығыз байланысты: Мазурка, ча-ча-ча, краковяк билері көпшілікке тараған.

Би ча-ча-ча биін билеу.

Испан музыкалық аспаптары: арфа, флейта, трубалар әртүрлі барабандар. Испанияның арабтардың жаулауына байланысты испан араб музыка үлгілері, әсіресе андалусиялық мектеп қалыптасыты. Арабтың өте көп тараған лауд аталатын музыкалық аспабын испандар қабыл алмады. Олар өздерінің музыкалық аспабы гитараны қалыптастырды.

V – Бекіту: Еуропа халықтары қазақ халқының өнерін жоғары бағалаған. Мысалы А.Еңсепов «Концерт» тыңдау

VI – Үйге тапсырма: Еуропа халықтарының музыкасы



VII – Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет