Сабақ түрі: лекция сабақ Сабақ типі: аралас сабақ Технология: деңгейлеп саралап оқыту

жүктеу 286.5 Kb.
Дата19.09.2018
өлшемі286.5 Kb.
түріСабақ

Тақырып: Графикалық редактор Paint

Мақсат: Оқушылардың Paint графиктік редакторында жұмыс жасау кезеңдері туралы білімін қалыптастыру.

Білімділік: Оқушыларды Paint графикалық редакторымен таныстыру, суреттерді құру, сақтау, редакторлау және оны ашу туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық ережелерін бойына сіңірген шығармашылығы мүмкіндігінше

дамыған азамат тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Технология: деңгейлеп саралап оқыту

Әдіс-тәсілдер: деңгейлеп саралап оқыту әдісінің элементтерін қолдану, түсіндірмелі –

иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап арқылы.

Көрнекіліктер: перфакарталар, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар, слайдтар

Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта,

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылармен сәлемдесу;

ә)сынып тазалығына көңіл бөлу;

б)оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткенді қайталау сұрақтары:

  1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?

  2. Дискідегі файлды қалай табуға болады?

  3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?

  4. Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылықтары неде?

  5. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз?

  6. Дискілерді қалай пішімдеуге болады?

  7. Қандай ақпарат тасымалдайтын құрылғыларды білесіңдер?

  8. Дискетке қанша ақпарат сияды?

ІІІ. Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру:

Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру үшін перфакарталардағы тест сұрақтарына жауап

береді.

Тест №12 /Ақпаратты іздеу, жазу және оқу /

1.Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек ?

А) Буманың терезесінде Д әрпі бар пернені басу

В) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу

С) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу

Д) Іздеуге кіріп, Shift және Д пернелерін басу

2. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:

А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз

В) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз

С) Tab пернесін басамыз

Д) Бос орын пернесін басамыз

3. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау

В) Қайтадан сақтау

С) Сақтау

Д) Құру

4. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау

В) Қайтадан сақтау

С) Сақтау

Д) Құру

5. CTRL+O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

А) Қалай сақтау

В) Ашу

С) Сақтау

Д) Құру

6. CTRL+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

А) Қалай сақтау

В) Ашу

С) Сақтау

Д) Құру

7. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?

А) CTRL+S

В) CTRL+O

С) ALT+F4

Д) ALT+Tab
ІV.Жаңа сабаққа кіріспе

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.

Paint (ағылшынша сурет, сурет салу)- бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді. Бұл – бейненің «р нүктесін өзгерте алатынымызды білдіреді!

Пиксель (ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Мөлшерін өзгерткенде растрлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық. Ол үшін:

Paint батырмасын шертіңдер;

Ашылған мәзірде Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар.

Windows жүйесінде Іске қосу=> Программалар=>Стандартты =» Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның қүрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермея (жүмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мүнан былай оны қысқаша негізгі түс Цвет 1 деп

атаймыз) және фон түсімен (мүнан былай оны фондық Цвет 2 деп атаймыз).

Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген.

Суретті қалай сақтайды:

Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда оған ат беру керек.

1.Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Paint батырмасын шертіп /Файл/ – Сохранить как командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтық терезесі пайда болады, имя файла өрісіне файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.

2. CTRL+S пернесін басу арқылы

3.Қайта сақтағанда Paint батырмасын шертіп /Файл/ – Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.

Сақталған суретті қалай ашады:

Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар:

1.Дискіде сақталған файлды ашу үшін, Paint батырмасын шертіп /Файл/ – Открыть командасын орындаңдар. Экранда диалог терезесі ашылады, онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шертіңдер.

2. CTRL+О пернесін басу арқылы

3.. жылдам ашу бұйрықтарының батырмасын қосыңдар.

VІ. Жаңа сабақты бекіту:

Жаңа сабақты бекіту мақсатында компьютерде деңгейлік тәжірибелік жұмыстар орындалады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі:

1.Жаңа сурет салыңдар / Paint Құру батырмасы/

2.Сурет салу аймағындағы маркерлерді /кішкене тіктөртбұрыштарды/ жылжыта отырып, суреттін

мөлшерін 10*15 см етіңдер.

3.Белсенді түстерді таңдаңдар.

4.Қылқаламды, Қарындаш сайманын,

Сызық және Сопақ /овал/ фигураларды

пайдаланып сурет салыңдар. Бояу үшін

контурлардың «тесіктері» болмауы керек

екеніне көңіл аударыңдар. А деңгейлі практикалық жұмыс

Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Масштаб сайманын қолданыңдар.

5. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл – алдымен

қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны

Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.

6. Суретті өз бумаларыңда Ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.
В деңгейі:

А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар.

С деңгейі:

В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

Суретке мәтін енгізіңдер.

В деңгейлі практикалық жұмыс С деңгейлі практикалық жұмыс

VІІ.Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабағымызда Не үйрендік? Не білдік?

Сурет салу

Сақтау

Ашу

VІІІ. Үйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқып дәптерлеріңе еркін тақырыпқа сурет салу.

  2. Ребус құру А3 форматына

  3. Интернеттен Графикалық редактордың қосымша мүмкіндіктері тақырыбына мәлімет

Компьютермен жұмыс
Сақтау бұйрығын орындау үшін пернелердің қандай тіркесімі қолданылатынын естеріңе түсіріңдер.

  1. Өз беттеріңді мұғалім көрсеткен жерде сақтау үшін Суреттер_Тегің_Сынып /мысалы, Суреттер_Сәрсенбаев_5А/ бумасын 09ры4дар7

  2. Смайликтің суретін салыңдар.

  3. Paint Қалай сақтау бұйрығын орындап, пішімдер тізімін біліп алыңдар. 74 сурет

  4. Өз беттеріңді Бірінші сурет деген атаумен бірнеше рет сақтаңдар. Әрине әртүрлі

пішімді таңдауларың керек.

5.Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар.

6.Өз бумаларыңның терезесінде кесте түрінде көрсетуді /қосымша - Кесте батырмасы/ орындаңдар.

7. Алған файлдарыңның қасиеттерін қарап шығыңдар.

Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер.

Компьютермен жұмыс
Сақтау бұйрығын орындау үшін пернелердің қандай тіркесімі қолданылатынын естеріңе түсіріңдер.

1.Өз беттеріңді мұғалім көрсеткен жерде сақтау үшін Суреттер_Тегің_Сынып /мысалы, Суреттер_Сәрсенбаев_5А/ бумасын 09ры4дар7

2.Смайликтің суретін салыңдар.

3. Paint Қалай сақтау бұйрығын орындап, пішімдер тізімін біліп алыңдар. 74 сурет

4. Өз беттеріңді Бірінші сурет деген атаумен бірнеше рет сақтаңдар. Әрине әртүрлі пішімді таңдауларың керек.

5.Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар.

6.Өз бумаларыңның терезесінде кесте түрінде көрсетуді /қосымша - Кесте батырмасы/ орындаңдар.

7. Алған файлдарыңның қасиетін қарап шығыңдар. Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер.

Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі:

1.Жаңа сурет салыңдар / Paint Құру батырмасы/

2.Сурет салу аймағындағы маркерлерді /кішкене тіктөртбұрыштарды/ жылжыта отырып, суреттін

мөлшерін 10*15 см етіңдер.

3.Белсенді түстерді таңдаңдар.

4.Қылқаламды, Қарындаш сайманын,

Сызық және Сопақ /овал/ фигураларды

пайдаланып сурет салыңдар. Бояу үшін

контурлардың «тесіктері» болмауы керек

екеніне көңіл аударыңдар. А деңгейлі практикалық жұмыс

Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Масштаб сайманын қолданыңдар.

5. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл – алдымен

қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны

Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.

6. Суретті өз бумаларыңда Ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.

В деңгейі:

А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар.

С деңгейі:

В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. Суретке мәтін енгізіңдер.

Пән аты: Информатика Бекітемін: ......................................

Сабақ ____ Сынып: ______ Мерзімі ___________ Пән мұғалімі ...........................
Тақырып: Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Мақсат: Оқушылардың Paint графиктік редакторында сурет салу құралдары туралы білімін қалыптастыру.

Білімділік: Оқушыларды Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары және олардың қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық ережелерін бойына сіңірген шығармашылығы мүмкіндігінше

дамыған азамат тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Технология: деңгейлеп саралап оқыту

Әдіс-тәсілдер: деңгейлеп саралап оқыту әдісінің элементтерін қолдану, түсіндірмелі –

иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап арқылы.

Көрнекіліктер: үлестірмелі карточкалар,тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар, слайдтар

Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта,

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылармен сәлемдесу;

ә)сынып тазалығына көңіл бөлу;

б)оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткенді қайталау сұрақтары:

  1. Графикалық редактор деген не?

  2. Пиксель дегеніміз не?

  3. Графикалық редакторды қалай іске қосамыз?

  4. Түстер палитрасы қанша бөліктен тұрады?

  5. Салынған суреттерді қалай сақтауға болады?

  6. Қандай тәсілдермен файлды ашуға болады?

  7. Графикалықдеректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?

ІІІ. Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру:

Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру үшін үлестірмелі карточкалардағы тапсырманы компьютерде орындау.

Компьютермен жұмыс

Сақтау бұйрығын орындау үшін пернелердің қандай тіркесімі қолданылатынын естеріңе түсіріңдер.

  1. Өз беттеріңді мұғалім көрсеткен жерде сақтау үшін Суреттер_Тегің_Сынып /мысалы, Суреттер_Сәрсенбаев_5А/ бумасын құрыңдар.

  2. Смайликтің суретін салыңдар.

  3. Paint Қалай сақтау бұйрығын орындап, пішімдер тізімін біліп алыңдар. 74 сурет

  4. Өз беттеріңді Бірінші сурет деген атаумен бірнеше рет сақтаңдар. Әрине әртүрлі

пішімді таңдауларың керек.

5.Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар.

6.Өз бумаларыңның терезесінде кесте түрінде көрсетуді /қосымша - Кесте батырмасы/ орындаңдар.

7. Алған файлдарыңның қасиеттерін қарап шығыңдар.

Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер.

ІV.Жаңа сабаққа кіріспе

V. Жаңа сабақты түсіндіру

Графикалық редактордың терезе элменттері төмендегідей:

  1. Жылдам жеткізу тақтасы

  2. Жолақ / лента/

  3. Сурет салу аймағы

  4. Жай-күй жолы

Құралды таңдау үшін оны тышқанмен шерту керек.

Құралдар мен фигуралар үшін баптау амалдарын орындауға болады. Мысалы

  • Қарындаш үшін – жуандық, түс;

  • Фигуралар үшін - , , түстер.

Жай-күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Мысалы, суреттің мөлшері.

Өшіргіш екі режимде болады: қарапайым және түрлі түсті. Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш /тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып/ тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.

Төмендегідей құралдардан тұрады:

 Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш – бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;

 Құю құралы– бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

 Түс таңдау – бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

 Масштаб – бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

 Қарындаш – бұл кез келген сызықты әр түрлі жуандықта сызуға арналған.

 Кисть – бұл ерікті сызықтарды салуға арналған.

 Сызық – түзу сызықтар салуға арналған.

 Қисық сызық – тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

 Тік төртбұрыш– бұл тік төртбұрыштар салуға арналған.

 Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш – бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

 Эллипс – шеңбер мен эллипс салуға арналған.

 Көпбұрыш –ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

VІ. Жаңа сабақты бекіту: 1. Тест сұрақтары:

1.Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?

А) 2

В) 1

С) 0

Д) 4

2.»Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?

А) ALT

В) CTRL

С) SHIFT

Д) DELETE

3.Өшіргіштің қандай режимдері болады?

А) Қарапайым және түрлі түсті

В) Қарапайым және күрделі

С) Стандарттық және стандарттық емес

Д) Жұмсақ және қатты

4.Жай-күй жолында не беріледі?

А) Инструменттер

В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат

С) Файлдың аты

Д) Файлдың көлемі

5.Жұмыс үтелінің мөлшерін қалай білуге болады?

А) Бастау  Басқару тақтасы

В) Paint  Жұмыс үстелінің фоны ету

С) Бастау  Барлық программалар Стандарттық  Paint

6.Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба?

А) Сызуға болады

В) Болмайды

С) Тек SHIFT пернесінің көмегімен ғана салуға болады

Д) Адамның мүмкіндігіне байланысты

2.Жаңа сабақты бекіту мақсатында компьютерде деңгейлік тәжірибелік жұмыстар орындалады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі:

1.Paint –ті іске қосыңдар.

2.Жұмыс үстелінің мөлшері бойынша суреттің мөлшерін /Paint батырмасын Қасиеттер

белгілеңдер. Жұмыс үстелінің мөлшерін былай білуге болады: Бастау Басқару

тақтасыЭкранның шешімділігін баптау. Шешімділік нүктемен көрсетіледі, яғни суреттің

мөлшерін де нүктемен көрсетіңдер.

3.Парақты көкшіл түспен бояңдар. Түстің атын оған тышқанның сілтемесін апарып білуге болады.

4. Бұлттың суретін салыңдар:

Ол үшін:

  • Сопақ фигурасын таңдаңдар;

  • Ішін бояу түсін /Цвет 1/ - сұр 25% етіп етіп белгілеңдер.

  • Shift пернесін жібермей ұстап, дөңгелекті тышқанның оң батырмасымен созыңдар;

  • Ішін бояу тәсілін таңдаңдар;

  • Әртүрлі ішін бояу тәсілдерін таңдап, тағы бірнеше дөңгелек салыңдар.

5.Айдың суретін салыңдар:

  • Ішін бояу түсін /Цвет 1/ - сары етіп белгілеңдер;

  • Сопақ фигурасын таңдаңдар;

  • Фигураның келесі баптауын орындаңдар – ішін бояу біртұтас, контурсыз;

  • Тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып, сары түсті дөңгелек салыңдар;

  • Тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып, онымен қиысатын көкшіл түсті дөңгелек салыңдар;

6.Қылқаламның түрін таңдап, жауған қардың суретін салыңдар;

7.Қисық сызықты /Контуры –біртұтас түс/ және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар.

Контур үзіліссіз болу керек, әйтпесе бояу суретке жайылып кетеді.

8.Файлды өз бумаларыңда «Түн» деген атаумен сақтаңдар.

9. Paint Жұмыс үстелінің фоны ету бұйрығын орындап, нәтижесін қарап шығыңдар.

В деңгейі:

1.А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Суретті кішкене шыршалардан тұратын орманмен толықтырыңдар. Шыршаларды Көпбұрыш фигурасын пайдаланып салыңдар.

С деңгейі:

1.В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Суретке аққаланы қосыңдар.

Сурет салу үшін үйренген құралдарыңның мүмкіндіктерін пайдаланыңдар.

VІІ.Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабағымызда Не үйрендік? Не білдік?

Сурет салу құралдары

Құралдардың қызметтері

Олармен жұмыс жасау жолдарымен

VІІІ. Үйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқып дәптерлеріңе еркін тақырыпқа сурет салу.

  2. Ребус құру А3 форматына «Құралдар» тақырыбына

  3. Интернеттен Графикалық редактордың құралдары тақырыбына мәлімет

Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі:

1.Paint –ті іске қосыңдар.Жұмыс үстелінің мөлшері бойынша суреттің мөлшерін /Paint батырмасын Қасиеттер белгілеңдер. Жұмыс үстелінің мөлшерін былай білуге болады: Бастау Басқару тақтасыЭкранның шешімділігін баптау. Шешімділік нүктемен көрсетіледі, яғни суреттің мөлшерін де нүктемен көрсетіңдер.

3.Парақты көкшіл түспен бояңдар. Түстің атын оған тышқанның сілтемесін апарып білуге болады.

4. Бұлттың суретін салыңдар:

Ол үшін: Сопақ фигурасын таңдаңдар;

  • Ішін бояу түсін /Цвет 1/ - сұр 25% етіп етіп белгілеңдер.

  • Shift пернесін жібермей ұстап, дөңгелекті тышқанның оң батырмасымен созыңдар;

  • Ішін бояу тәсілін таңдаңдар;

  • Әртүрлі ішін бояу тәсілдерін таңдап, тағы бірнеше дөңгелек салыңдар.

5.Айдың суретін салыңдар:

Ішін бояу түсін /Цвет 1/ - сары етіп белгілеңдер;

  • Сопақ фигурасын таңдаңдар;

  • Фигураның келесі баптауын орындаңдар – ішін бояу біртұтас, контурсыз;

  • Тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып, сары түсті дөңгелек салыңдар;

  • Тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып, онымен қиысатын көкшіл түсті дөңгелек салыңдар;

6.Қылқаламның түрін таңдап, жауған қардың суретін салыңдар;

7.Қисық сызықты /Контуры –біртұтас түс/ және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар.

Контур үзіліссіз болу керек, әйтпесе бояу суретке жайылып кетеді.

8.Файлды өз бумаларыңда «Түн» деген атаумен сақтаңдар.

9. Paint Жұмыс үстелінің фоны ету бұйрығын орындап, нәтижесін қарап шығыңдар.

В деңгейі:

1.А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Суретті кішкене шыршалардан тұратын орманмен толықтырыңдар. Шыршаларды Көпбұрыш фигурасын пайдаланып салыңдар.

С деңгейі:

1.В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Суретке аққаланы қосыңдар.

Сурет салу үшін үйренген құралдарыңның

мүмкіндіктерін пайдаланыңдар.

Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі:

1.Paint –ті іске қосыңдар. Жұмыс үстелінің мөлшері бойынша суреттің мөлшерін /Paint батырмасын Қасиеттер белгілеңдер. Жұмыс үстелінің мөлшерін былай білуге болады: Бастау Басқару тақтасыЭкранның шешімділігін баптау. Шешімділік нүктемен көрсетіледі, яғни суреттің мөлшерін де нүктемен көрсетіңдер.

3.Парақты көкшіл түспен бояңдар. Түстің атын оған тышқанның сілтемесін апарып білуге болады.

4. Бұлттың суретін салыңдар:

Ол үшін: Сопақ фигурасын таңдаңдар;

  • Ішін бояу түсін /Цвет 1/ - сұр 25% етіп етіп белгілеңдер.

  • Shift пернесін жібермей ұстап, дөңгелекті тышқанның оң батырмасымен созыңдар;

  • Ішін бояу тәсілін таңдаңдар;

  • Әртүрлі ішін бояу тәсілдерін таңдап, тағы бірнеше дөңгелек салыңдар.

5.Айдың суретін салыңдар:

Ішін бояу түсін /Цвет 1/ - сары етіп белгілеңдер;

  • Сопақ фигурасын таңдаңдар;

  • Фигураның келесі баптауын орындаңдар – ішін бояу біртұтас, контурсыз;

  • Тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып, сары түсті дөңгелек салыңдар;

  • Тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып, онымен қиысатын көкшіл түсті дөңгелек салыңдар;

6.Қылқаламның түрін таңдап, жауған қардың суретін салыңдар;

7.Қисық сызықты /Контуры –біртұтас түс/ және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар.

Контур үзіліссіз болу керек, әйтпесе бояу суретке жайылып кетеді.

8.Файлды өз бумаларыңда «Түн» деген атаумен сақтаңдар.

9. Paint Жұмыс үстелінің фоны ету бұйрығын орындап, нәтижесін қарап шығыңдар.

В деңгейі:

1.А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Суретті кішкене шыршалардан тұратын орманмен толықтырыңдар. Шыршаларды Көпбұрыш фигурасын пайдаланып салыңдар.

С деңгейі:

1.В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Суретке аққаланы қосыңдар. Сурет салу үшін

үйренген құралдарыңның мүмкіндіктерін пайдаланыңдар.

Пән Информатика сынып 7_ Күні . .2011 ж.

сынып 7_ Күні . .2011ж.

сабақ №: 21 сағ.саны.: 1

Тақырып: Құралдар тақтасы, түстер палитрасы.

Мақсат: Оқушылардың Paint графиктік редакторының құралдар тақтасы және түстер палитрасы туралы білімін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды Paint графикалық редакторының құралдар тақтасымен және түстер палитрасымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

Paint бағдарламасын іске қосу қалай жүзеге асырылады?

Paint бағдарламасының терезесі қандай элементтерден тұрады?

Сурет салу кезеңдері?

Редактордың қандай құралдары бар, ата?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі

Түзету=»Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование =>Отменить) командасын таңдау керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа "Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мүндай аспапты таңдаған соң, "тышқанның" стандартты курсоры Қылқаламға айналады.

Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан аспап - Аэрозольді баллон нгмесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры косу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Тақта қүрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы - белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондык, түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлык фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып. өшіреді. Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондык түске боялады. Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізіге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма1. Төртбұрыш құралын ғана пайдаланып, пойыз суретін сал.

Тапсырма2. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш құралы көмегімен ПИРАМИДА суретін сал.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Құралдар тақтасы қандай құралдардан тұрады?

Түстер палитрасын қалай қолданамыз?

Егер құралдар тақтасы мен түстер палитрасы терезеде жоқ болса, оны қалай шығарамыз?

Құралдардың қызметі қандай?

6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға Paint графиктік редакторының құралдар тақтасы мен түстер палитрасын қолдану туралы жалпы мағлұмат беру. Төрбұрыш, бұрыштары дөңгеленген төртбұрыш құралдары көмегімен сурет салу.

7) Үйге тапсырма § 4.2, бет. 110-113

Paint графикалық редакторының құралдары.

Пән Информатика сынып 7_ Дата . .2011 г.

сынып 7_ Күні . .2011 ж.

сабақ №: 22 сағ.саны.: 1

Тақырып: Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу.

Мақсат: Оқушылардың суреттерді құру, сақтау, редакторлау және оны ашу туралы білімдерін қалыптастыру. Қисық сызық және көпбұрыш құралдарын қолдануды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

Құралдар тақтасы қандай құралдардан тұрады?

Түстер палитрасын қалай қолданамыз?

Егер құралдар тақтасы мен түстер палитрасы терезеде жоқ болса, оны қалай шығарамыз:

Құралдардың қызметі қандай?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Қисық сызықтар сызу үшін:

Кривая құралының батырмасын шертіңдер.

Құралдар тақтасының төменгі жағында пайда болатын сызықтар жиынан сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаңдар.

Тышқан нұсқағышын сурет салу аймағындағы қисық сызық басталатын жерге апарып, оның сол жақ батырмасын басып тұрып, қисық сызық аяқталатын нүктеге тасымалдаңдар. Батырманы жіберіңдер.

Тышқанның нұсқағышын түзу сызықтың иілетін бөлігінің жанына апарып, сол жақ батырманы басып тұрып, түзу сызықты иілетін бағытта жылжытыңдар. Мұны орындағаннан кейін бір рет иілген сызық шығады.

Егер екі сызық қажет болса, онда 4-қадамда орындаған әрекеттерді қайталау қажет.
Көпбұрыштар салу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

Многоугольник батырмасын шертуден бастаңдар.

Құралдар тақтасының төменгі жағында пайда болатын жиыннан көпбұрыштың үш түрінің бірін таңдаңдар.

Тышқан нұсқағышын көпбұрыштың бірінші қабырғасы басталатын жерге апарыңдар. Содан кейін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты көпбұрыштың бірінші қабырғасы аяқталады деп ойлайтын жерге дейін тасымалдаңдар. Батырманы жіберіңдер.

Тышқанның нұсқағышын екінші қабырғаның соңына дейін тасымалдап сол нүктеде шертіңдер. Мұны орындағаннан кейін, редактор келесі қабырғаны салады.

4-қадамның әрекеттерін көпбұрыштың барлық қабырғалары салынып болғанша қайталаңдар.

Құю құралын пайдалану

Құралдар тақтасында Құю құралы , оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады. Егер контур тұйық болмаса, бояу бүкіл экранға төгіледі.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Қисық сызық сызу үшін қандай әрекеттер орындалады?

Көпбұрыш салу үшін қандай әрекеттер орындалады?

Тұйық контурды қалай бояймыз?

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырма1. Қисық сызық құралының көмегімен СПИРАЛЬ суретін сал.

Тапсырма2. Эллипс және Қисық сызық құралдарының көмегімен МОНАДА суретін сал.

Тапсырма3. Көпбұрыш құралы көмегімен қолыңды алмай келесі фигураларды сал.

6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға қисық сызық, көпбұрыш құралдары арқылы сурет салу туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 4.2, бет. 113-118

Paint графикалық редакторының құралдары.

Пән Информатика сынып 7_ Күні . .2011 ж.

сынып 7_ Күні . .2011 ж.

сабақ №: 23 сағ.саны.: 1

Тақырып: Paint – тің қосымша мүмкіндіктері.

Мақсат: Оқушылардың Paint бағдарламасында командалармен жұмыс жасауға және мәтіні бар сурет салып үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды Paint редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

Бүріккіш құралын пайдалану әрекеттері?

Қылқалам құралын пайдалану қалай жүзеге асырылады?

Өшіргіш құралы қалай қолданылады?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Команданы орындатпау.

Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмаса, оны түзеуге болады. Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауларыңа болады, ол үшін Орындатпау (Отменить) командасын пайдалануға болады. Правка – Отменить командасын орындау соңғы әрекетті ғана орындатпайды.

Ал оның алдында орындалған әрекетті болдырмау үшін, Отменить командасын тағы бір рет пайдалану керек. Осы сияқты үшінші әрекетті де алып тастауға болады.

Суретті қалай сақтайды.

Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда оған ат беру керек.

Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сохранить как командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтық терезесі пайда болады, имя файла өрісіне файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.

Қайта сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.

Мәтіні бар суреттер салу.

Өздерің салған суретке жазу қосуға болады. Суретке мәтін қосу үшін келесі әрекеттер орындалады:

Надпись құралын таңдаңдар.

Тышқанмен мәтін жазылатын төрбұрышты жақтау салыңдар. Сонда жақтаудың ішінде кірістіру меңзері пайда болады.

Пернетақтадан теретін мәтінде теріңдер.

Егер қаріптің өлшемін өзгерткілерің келсе немесе оларды курсив, жартылай қалың немесе асты сызылған түрде жазғыларың келсе, онда Шрифты құрал-саймандар тақтасы қажет болады.

Мәтінді енгізгеннен кейін, құрал-саймандар тақтасындағы қандай да бір батырмада немесе мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырма.

Өз мектептеріңнің немесе үйлеріңнің жоспарын салыңдар.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Суретті қалай сақтаймыз?

Әрекеттерді қалай орындатпаймыз?

Орындатпау әрекетін қалай орнына келтіреміз?

Мәтіні бар суретті қалай саламыз?

6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға редактордың командалары туралы мағлұмат беру.және мәтіні бар суреттерді салып үйрету.

7)Үйге тапсырма § 4.4, бет. 129-133

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

Пән Информатика сынып 7_ Күні . .2011 ж.

сынып 7_ Күні . .2011 ж.

сабақ №: 24 сағ.саны.: 1

Тақырып: Paint – тің қосымша мүмкіндіктері.

Мақсат: Оқушылардың Paint бағдарламасында үзінділермен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру. Үзінділермен жұмыс жасауды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды үзінділермен жұмыс жасау тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

Суретті қалай сақтаймыз?

Әрекеттерді қалай орындатпаймыз?

Орындатпау әрекетін қалай орнына келтіреміз?

Мәтіні бар суретті қалай саламыз??

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Белгілеу немесе Ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:

Алмасу буферіне қиып алу.

Алмасу буферіне көшіру.

Осы суретті басқа жерге апару.

Берілгенсуреттің өлшемінде көшіру.

Оны сурет бойынша «көбейту».

Пішіні мен өлшемін өзгерту.

Өлшемін өзгерту және қисайту.

Төңкеру немесе кері бұру.

Түсін өзгерту.

Өшіру (жою).

Үзіндіні жылжыту және көшіру.

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен Правка менюінің Вырезать немесе Копировать командаларының бірін пайдалануға болады. Вырезать командасын таңдағанда, Paint программасы үзіндіні суреттен алып, алмасу буферіне орналастырады. Ал егер Копировать командасын орындаса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне көшірмесі орналастырылады.

Суреттің үзіндісін көшіру үшін:

Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасына шертіп, тышқан нұқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне енгенше, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.

Правка – Копировать командасын орындаңдар.

Правка – Вставить командасын орындаңдар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады.

Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апарыңдар.

Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:

Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.

Правка – Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді.

Правка – Вставить командасын орындаңдар. Сурет үзіні терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.

Үзіндіні тышқанмен іліп алып, тиісті орынға қойыңдар немесе бұрынғы орнына қайтарыңдар.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырма. Киімдерін ауыстырыңдыр.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Сурет көлемін қалай өзгертеміз?

Сурет көлемін қалай өз орнына келтіруге болады?

Суретті баспаға шығару командасы?

Үзіндіні көбейту қалай жүзеге асырылады?

Үзіндіні жылжыту әрекеттерінің тізбегі?
6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға үзінділермен жұмыс жасауға үйрету.

7) Үйге тапсырма § 4.4, бет. 133-143

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

Достарыңызбен бөлісу:

©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет