Сабақ түрі тәжірибелік



жүктеу 157.51 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі157.51 Kb.
түріРуководство

1. Сабақтың тақырыбы: Балалар гинекологиясының негізі

2. Сағат саны

3. Сабақ түрі тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты

оқыту: теориялық білімді пайдаланып, балаларда кездесетін гинекологиялық ауруларда диагнозын қоя білу, емдеу және алдын – алу принциптерін меңгеру;

тәрбиелік: гинекологияның маңызды мәселелерін білу;

дамыту: пациенттермен жұмыс атқаруға үйрету.



5. Оқыту әдісі теориялық,

6. Материалды техникалық жабдықталуы

а) техникалық құралдар медициналық инструментарий

б) көрнекі және дидактикалық құралдар кестелер, жатыр муляжы, хаттамалар

в) оқыту орны оқу бөлмесі



7. Әдебиеттер

Негізгі

Мемлекеттік тілде:

1. Раисова А.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық. «Акушерия және гинекология»,

- Алматы 2006



  1. Көзденова Р.С., Сейтмәмбетова Н.Қ., оқулық «Гинекология» - Алматы 2000

Орыс тілінде:

  1. Акушерство и гинекология И.К. Славянова Ростов на Дону, «Феникс», 2007

  2. Гинекология : Г.С.Василевкоая, В.И.Грищенко, Н.А. Щербина. Ростов – на- Дону, «Феникс», 2007

Қосымша

  1. Акушерство и гинекология, неотложная помощь. Под ред. Г.К. Степанковской, Б.М. Венцковского М., Эксмо, 2008

  2. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. – М., 2009.-256с

  3. Гинекология практикум. В.Б. Цхай, Т.А. Макаренко, Е.К.Маламова, И.О.Ульянова.- Ростов – на – Дону, 2006

  4. Гинекология детского и подросткового возраста. К.Ж. Кульбаева, Ю.А.Гуркин.- Астана 1999

  5. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. Краткое руководство. Под.ред. В.Н.Серова.-2-е издание, испр и доп..- М., 2008.-256с

  6. Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане. Н.А.Каюпова.-Алматы, 1999

  7. Программа ВОЗ «Безопасное материнство», 2008


8. Ұйымдастыру кезеңі 11м

- оқушылардың қатысуын тексеру;

- оқушылардың дайындығын тексеру;

- сабақ мақсаты мен міндетін хабарлау.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 27м

Тесттер бойынша жүргізіледі:

~ Жыныстық жетiлудiң тежелуiн көрсететiн симптомдарды атаңыз

1. 15-16 жаста етеккiрдiң болмауы

2. аласа бойлы

3. 12-13 жаста сүт бездерiнiң үлкейуі

4. дене салмағының артуы

5. Қасаға мен қолтық астында

~ Бiрiншi етеккiр алдында қыздар организмiнде қандай өзгерiстер

болады


1. бойының тез өсуi

2. сүт безiнiң үлкеюi

3. қасаға мен қолтық астында түктердiң өсуi

4. бүйрек үстi бездерiнiң салмағының үлкеюi

~ Орта бойлы қыздарда 1-шi етеккiр салмағы келесi

болғанда басталады:

| 45-47кг

| 48-50кг

| 51-53кг

| 30-35


70-80

~ Ювенилдi қан кету дегенiмiз:

| жыныстық жетiлу кезiндегi қыздардың етеккiр циклының

бұзылуы


| неонаталды кезеңдегi қыздардың метроррагиясы

| гениталияның қабыну аурулары кезiндегi меноррагиясы

| постпубертатты кезеңде әйелдерде етеккiр циклының б¤зылуы

| репродуктивтi жастағы әйелдерде етеккiр циклының б¤зылуы

~ Ювенилдi қан кетуде қандай тексеру әдiстерi қолданылады ?

| қанның анализi:тромбоциттердi, протромбиндi, фибриногендi,

ұю уақытын анықтау, вагиноскопия, УДЗ

| мойын өзегiн және жатыр қуысын бөлек қыру, қырындыны

гистологиялық зеттеу, УДЗ

| қанның анализi, кульдоскопия

| УДЗ,ТФД, жатыр қуысын қыру

| лапароскопия

~ Ювенилдi қан кетуде гемостаз әдiсi қандай факторларға байланысты?

| қан кету, анемияның түрiне

| науқастың қалауына

| науқастың жасына

| ауырсыну синдромының күшiне

| қабыну процестерiнiң сатысына

~ Ювенилдi қан кетудi тоқтату әдiстерi:

| эстрогенмен гемостазды жүргiзу, физиопроцедуралар

| андрогендердi қолдану, хирургиялық гемостаз

| гормоналдық, хирургиялы гемостаз, утеротоникалық

| iштiң төменгi жағына жылы процедуралар,утеротоникалық

| гестогендер,криохирургия

Балаларды тексерудің арнайы әдістері

а) компьютерлік томография ,УДЗ

б) зондтау, сынамалар, пукция, жатыр қуысынан аспират алу

в) лабораториялық тексеру, рентгенография

г) қыздық пердені қарау, жағынды алу, тікішекті- құрсақ қабырғасын тексеру

д) анамнез, қарау, қынаптық тексеру

~ Вульвовагинитке аны·тама берiңiз:

| сыртқы жыныс мүшелерi мен қынаптың қабынуы

| жатыр жанындағы клетғатканың қабынуы

| кiшi жамбастың iш пердесiнiң қабынуы

| қынаптың шырышты қабатының қабынуы

| эпидермис пен дерманың емiзiк қабатының қатерсiз өсуi

~ Балалық және жас өспiрiмдiк кезеңде өте жиi байқалады:

| етеккiр қызметiнiң бұзылуы

| гениталияның қабыну процестерi

| жыныстық даму жылдамдығының бұзылуы

| iсiктер

| жыныс мүшелерiнiң дамуының ақаулары

~ Қыздарда жыныстық жетiлу кезеңiне дейiн жиi кездесетiн

·абыну процестерi:

| сыртқы жыныс мүшелерiнiң және қынаптың

| жатырдың қосалқы мүшесiнiң

| жатыр мойының

| параметралды клетғаткалардың

| жамбастың iшкi пердесiнiң

~ Мына жағдайлардан кейiн жасөспiрiмдерде жатырдың қосалқы

мүшелерiнiң қабыну аурулары пайда болады, бiреуiнен

басқасында:

| босанғанда жарақат алу

| жыныстық өмiрдiң ерте басталуы

| аппендицит, киста, аналық бездердiң апоплексиясында

жасалған операция

| ет қапшығының қабыну ауруында, бүйрек, тонзиллит,

колит аурулары

| криминалды түсiктер

~ Альгодисменореяның себептерi, бiреуiнен басқасы:

| жатыр мойының дисплазиясы

| инфатилизм

| қабыну процестерi

| жыныс аппаратының дамуының ақаулары

| эндометриоз

~ Бiрiншiлiк альгодисменорея пайда болады:

| бiрiншi етеккiрмен бiрге

| гениталияның қабыну ауруларынан кейiн

| түсiктен кейiн

| менархеден 2-3 жылдан кейiн

| эндометриозда

~ Бейарнайы вульвовагиниттi емдеу ерекшелiктерi:

|ваночкалар,жергілікті ем

| витаминотерапия,десенцибилизациялау терапиясы

| сәулелiк,химиотерапиялар

| УФО терапиясы,хирургиялы· ем

| плазмофорез,витаминотерапия

~ Вульвовагиниттiң пайда болуына жағдай тудыратын факторлар:

| инфекциялық-токсикалық процестер

| гипоталамо-гипофиз аналық бездер жүйесiнiң функционалдық

белсендiлiгi

| аналық бездердiң гормоналдық белсендiлiгi

| жыныс мүшелердiң даму ақаулары

| хромосомды өзгерістер



10. Жаңа сабақты түсіндіру 54м

Қазіргі кезде бала жасындағы гинекология әйелдер аурулары жөніндегі ғалымның өзіндік бөлігі болып бөлініп шықты. Бала гинекологтары поликлиника және емхана жағдайында қыз балаларға кеңестік және емдік көмек көрсетеді. Осы жағдайдағы ғылым жетілуінің керектігі және маңыздылығы қыз балалар арасындағы гинекологиялық аурулардың өту ерекшелікгеріне байланысты. Қыз балалар арасында жыныс мүшесінің қабыну аурулары, жыныстық жетілу кезеңінде жатырдан дисфункциональды қан кету жиі кездеседі. Жыныстық даму процесінің бұзылуы мезгілінен бұрын жыныстық жетілу және жыныстық дамудың кешігуі сияқты өзгерістерден тұрады. Іштен туа біткен кемтарлықтар, жыныс мүшесінің жарақаттары мен ісіктері де кездесуі мүмкін. Қыз бала жыныстық дамуының бірнеше кезендері бар: құрсақ ішіндегі, жаңа туылған кезең /4 аптаға дейінгі өмір/, емшектегі кезең /бір жасқа дейін/, нейтральды /1 жастан 8-9 жасқа дейін/, препубертатты /8-9 жастан алғашқы етеккір келу мерзімне дейін, пубертатты /алғашқы етеккірден 17-18 жасқа дейін/ кезең. Жыныс мүшелері дамуыньң. ауытқушылығы, жыныстық даму процесінің бұзылуы және т.б. қыз балалар аурулары, әсіресе осы мүшелердің қалыптасу және даму - эмбриогенез кезеңінде ұрыққа әртүрлі зиянды заттардың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Ұрыққа әсер ететін патогеңді факторлар, әсіресе жұқпалы, эндокринды, ана ауруларына байланысты, Ұрыққа токсикалық - улану факторлері /ішімдік, анаша, зиянды химиялық препараттар/, жүктілік және боосану процесі кезіндегі ұзаққа созылған гапоксия, босану жарақаттары да әсер етеді. Қыз баланың жыныс жүйесінің жағдайына, әсіресе жыныстық жасы жетілу кезеңіңде ауырған жұқпалы, эндокринды және т.б. соматикалық аурулары әсер етуі мүмкін.

Гинекологиялық аурулары бар қыз балаларды тексеру ерекшеліктері Қыз балаларды тексерудің ересек гиненологиялық науқастардан айырмашылығы сол, ауру балалармен тіл таба білу ерекшелігінде, жалпы және гинекологиялық зерттеу әдісінің де өз ерекшелігі бар. Қыз балалар гинекологиялық зерттеу алдында үлкен үрей, қорқыныш, ыңғайсыздықты сезеді. Соңдықтан оларды тыныштандырып, олармен ортақ тіл табыса білу, оларға сенім нышанын білдіре білу керек. Анасы мен баласы жоқта алдын-ала сөйлесіп алу қажет. Анамнез жинағанда, ата-анасының жасы мен денсаулығына, сонымен қатар анасының жүктілік пен босану ерекшеліктеріне көңіл аудару керек. Жана туылған кезеңнен бастап баланың ауырған ауруларын, тұрмыс жағдайын, тамақтануын, күн тәртібін, ұжым арасындағы көңіл-күйін, тәртібін анықтап білу керек. Етеккір қызметінің қалыптасу кезеңіне ерекше тоқталу қажет. Қыз баланың обьективті тексерудің жас шамасына Сәйкес анықталатын негізгі физикалық даму көрсеткіштерін анықтаудан бастайды. Төмендегідей антропометриялық мағлұматтар анықталынады: бой ұзындығы, көкірек, клеткасының шеңбері, жамбас өлшемдері, бұл өлшемдердің жас шамасына сәйкес өзіндік тұрақты шамалары болады, тексеру барысында осы ерекшеліктер еске алынуы тиіс. Гормонды өзгерістерде осы аталған өлшемдер шамасының қалыпты жағдайдағыдан айырмашылығы болады. Гинекологиялық тексеру барысында екінші жыныс белгілері дамуының деңгейіне және оның жас шамасына сәйкес келуіне міндетті түрде баға беріледі. Онан кейін ішті қарап сипалау, перкуссия жасау, сыртқы жыныс мүшелерін қарау, вагиноскопия және көтен-ішек іш арқылы тексеру, гинекологиялық тексерулер қуық пен көтен ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі. 3 жасқа дейінгі қыз баланы құндақтау үстелінде, онан үлкендерін - гинекологиялық креслода қарайды. Қыз баланы поликлиникада немесе бірінші не алғаш рет емханада қарай кезінде анасының не жақын туыстарының бірі қатысуға тиіс. Вагиноскопия - қынап пен жатыр мойынының арнайы оптикалық прибормен /уретроскоп/ және балаалар қынап айнасымен жарқыратып, міндетті түрде асептика және антисептика ережелерін сақтау арқылы жасалатын тексеру әдісі болып табылады. Керек жағдайда қосымша зерттеу әдістері: қынап пен жатыр ішін зондтау /даму ақауында, бөгде заттың болуында/, аспирациялық /тартып сору алу/, биопсия /жатырдан қан кеткенде/, жатыр шырышты қабатын диагностикалық қыру /қан кетуде/, эндоскопия /рентген әдістері қолданылады.

Қыз баланың жыныстық дамуының бұзылуы. Қыз баланың жыныстық дамуының қалыпты жағдайындағы процесі - бала туу қызметіне дайындайған организмдегі көп сатылы санды және салалы өзгерістерден тұрады. Жыныстық даму процесінің бұзылуы жыныстық мезгілінен бұрын дамуы және кешігуі болып бөлінеді. Бұзылу себептеріне: құрсақ, босану, жаңа туылған бала кезеңдерінде әсер ететін патологиялық факторлар жатады. Ең жиі кездесетіңдері: жүктілік кезіндегі кеш токсикоз, мезгілінен бұрын босану, босану қызметінің ауытқушылығы, балаға ауаның жетіспеушілігі, босану жарақаты, бала гипотрофиясы және т.б.

Тұқым қуалау факторінің іштен туа біткен фермент жүйесі ақаулығының да маңызы бар. Жұқпалы аурулар: тұмау, баспаның жиілігі, созылмалы тонзиллит, паротит-шықшыт безінің қабынуы және т.б. жыныстық жетілу немесе ерте балалық шақтағы ауырған аурулары, жыныс жүйесінің дамуын реттейтін структураларды өздігшше зақымдануы, сонымен қатар тұқым қуалайтын патология дамуына әкелуі мүмкін.

Мезгілінен бұрынғы жыныстық даму. Қыз баланың алғашқы 8 – 10 жас шамасында етеккір келуімен және екінші жыныс белгілерінің пайда болуымен сипатталатын патологиялық жағдай. Бұл патология органикалық зақымдану сол сияқты функционалды бұзылу типтес дамуы мүмкін. Мезгілінен бұрынғы әйелдер типті жыныстық даму әйелдің екінші жыныс белгілерінің, етеккірдің ерте келуімен және неврологиялық белгілсрдің /ой-өрістің төмендеуі, рефлекстер патологиясы/ пайда болуымен сипатталады. Мезгілінен бұрынғы жыныстық даму аналық бездің гормонды күшейткіш ісіктер немесе фолликулярлы киста жағдайында пайда болуы да мүмкін. Мезгілінен бұрышы ерлер типтес жыныстық дамудың іштен туа біткен АГС /адрено-генитальды синдром/ жағдайында андроген затын көбейтетін бүйрек үсті без қабының генетикалық дисфункциясы байқалады. Сыртқы жыныс мүшесі құрылысының бұзылуы туылған кезден бастап көршеді, шошақайдың үлкеюі кейде жаңа туылған бала жынысын анықтауда көп қиыншылықтар туғызады. АГС жағдайындағы баланың дамуы алғашқы 10 жыл өмірінде бала бойының тез өсуімен сипатталады. Қыз бала денесінің бітімі әдеттегідей емес: кең иықты, тар жамбасты, аяқ-қолдары қысқа болады. Екінші жыныс белгілері 6 – 7 жас шамасында пайда болады және ерлерше дамиды /дауыс әуезділігі – тембрі төмендейді, ерлерше түктену, шошақайдың үлкеюі/, етеккірі келмейді, емшек бездері толық жетілмеген. Жатырдың өлшемдері қалыпты жағдайдағыдан қалып қойған. Емі ауру түріне байланысты: витаминді, ем, дегидратациялық ем, эстроген-гестаген препараттарын қатаң түрде қолдану көзделеді. АГС жағдайшіда гидрокортизон, дексаметазон қолданылады, олар андроген түзілуін төмендетіп, әйел тектес дамуды тездетеді.

Жыныстық дамудың кешігуіне: екінші жыныс белгілерінің 13-14 жас шамасында толық жетілмеуі не жоқ болуы және 15-16 жас аралығында етеккірдің жоқтығы жатады. Шығу тегі жағынан орталық және аналық безді болуы мүмкін. Бұл патологияның орталықтан шығу тегіне ауыр тұқым қуалаушылық /етеккір және бала туу қызметіерінің анасы мен аталарында бұзылуы /және жұқпалы аурулардың жоғарғы жиілігі байқалады. Жыныстық даму кешігуінің аналық безді шығу тегінде тұқым қуалайтын фермент жүйесі бұзылуының алатын орны бар. Негізгі белгілері: екінші жыныс белгілерінің жетілмеуі, аменорея немесе ретсіз етеккір, жатыр гипоплазиясы, аналық без өлшемдерінің кішіреюі тән.

Емі: Комплексті: режим, жеткілікті тамақтану, эстроген, прогестерон гормондарын қолдану. Жыныстық даму бұзылуының алдын-алу. Ерте балалық шақтағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, тазалық, ағарту жұмыстарын жүргізуден тұрады.

Жатырда ювенильді қан кету. Жыныстық жасы жетілу кезеңіндегі дисфункционалды жатырдан қан кетуді ювенильді жатардан қан кету деп атайды. Оның себептері: жүйкелі-психикалық стресс, жарақаттар, шаршағандық, қолайсыз тұрмыс жағдайлары, жедел және созылмалы түрдегі жұқпалы аурулар, улану және гипо-авитаминоздар, эндокринды бұзылыстар.

Клиникалық суреттемесі: Етеккір кешігунен, онан кейінгі ұзаққа созылған және көп қан кетумен өтеді. Қыз бала басының айналатындығына, ауыратындығана, жалпы әлсіздікке ұйқысының және тамақ алысының нашарлығына шағымданады. Дифференциалды анықтауда қан ауруларын /мұрыннан қан кету, иек/десна/ қансырағанда қан құрамын, оның ұю қабілетіне тексерін, тромбоциттер санын анықтайды/, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, бауыр, қалқанша бездер ауруларын теріске шығару қажет. Дифференциалды диагноз басқа гинекологиялық аурулармен: аналық без ісігімен, жатыр мойнының рагымен, жарақат пен жатыр және жатырдан тыс жүктілік бұзылуымен жүргізіледі. Емдеу әдістерін таңдау қан кету себептеріне, оның келу қарқьшына, қан аздықтың дәрежесіне, физикалық және жатыр дамуының ерекшелігіне, науқастың жасына байланысты.

Емді гемостаздан - қан тоқтатудан бастайды, сосын аналық без қызметін ретгейтін емді жасайды. Алғашқы сатысында гемостазды комплексті симптомды еммен қатар жатыр жиырылуын жақсартатын заттарды /эрготал, гифотоцин, маммофизин, су бұрышының экстракты/, қан тоқтатын дәрілерді /викасол, кальций глюконаты, эпсилон-аминокапрон қышқылы, сонымен қатар қан тамырларын нығайту препараттарын /аскорбин қышқылы, рутин/ қолданумен өткізеді. Бір мезгілде қан аздыққа карсы және гемопоэзды күшейтуге арналған /қан құю, вит В12, гемостимулин, ферроплекс/, жалпы нығайту және седативті /бром, валериан, триоксазин, сибазон/ емдер жүргізіледі. Осы жасалған емдер тиімсіз болса, гормоиды гемостаз/ эстроген, прогестерон, синтетикалық прогестиндер/ жасалады. Гормондарды 14 жасқа дейін қолданудың керегі жоқ. Эстргенді гемостазда фолликулинді 20 мың бірлікте әр 2-3 сағат сайын күніне 3-4 рет қан тоқтағанға дейін салады, сосын прогестерон препараттарымен жалғастырылады. Синтетикалық прогестиндермен гемостаз-нон-овлон, бисекурин дәрілерін 2-3 таблеткіден қанды бөлінді тоқтағанға дейін өткізіледі. Сосын дәрі мөлшерін 1 таблеткіге дейін төмендетеді /қабылдау ұзақтығы 21 күн/. Гемостаз сол сияқты прогестерон арқылы да жүзеге асады. Гемостаздан кейін етеккір қызметін реттеу мақсатында 2-3 цикл көлемінде циклды гормонды ем жасауға нұсқау беріледі. Консервативті ем тиімсіз болған жағдайда, жатырдың шырышты қабатына диагносгикалық қыру жасалып, міндетті түрде гистолагиялық тексеру жүргізіледі, сонан кейін реттеу емі жөніндегі сұрақ шешіледі.

Қыз балалардың жыныс мүшесінің қабыну аурулары. Жыныс мүшесінің қабыну аурулары қыз балалардың 1 жас пен 9 жас аралығындағы гинекологиялық аурулар структурасында бірінші орын алады және ол болашақта әйел организмінің негізгі қызметгері бұзылуының себептері болып табылады. Қыз балаларда 9 жасқа дейінгі кезеңде жиі кездесетіні вульвовагиниг пен қынапың қабынуы, ол вульваның жұмсақтығына және оның тез жарақаттануына байланысты, сонымен қатар қынаптың осы жаста өз тазалыған сақтау қабілетінің жоқтығына байланысты. Вульвовагиниттерді стафилакокк, стрептококк, ішек таяқшасы, сирек жағдайларда гоиококк, трихомонады, ашытқы саңырауқұлағы сияқты микробтар туғызады.

Вульвовапшит дамуына жыныс мүшелерін дұрыс күтінбеу, тазалық сақтау заттарын үлкендермен бірлесе жалпы қолдану да әсер етеді. Вульвбвагиниттер кейбір соматикалық жұқпалы аурулармен /қызылша, қызамық, пиелонефриг, тонзиллит /бадамша бездің қабынуы/, эндокринды зат алмасу бұзылуларында /қант диабеті, семіздік/ кездесуі мүмкін. Жедел вульвоваганитте қыз бала жыныс мүшесінің қышып удай ашитындығана, қозғалып жүргенде, кіші дәретке барғанда ауыратындығына шағымданады. Анамнез жинағаңда қосымша ауруларға бейімдейтін факторларге ерекше көңіл бөлніуі тиіс. Сыртқы жыныс мүшесін қарау кезінде вульваның қызарып ісінгендігі, қынаптан іріңді бөлінді бөлінетіндігі анықталынады. Дифтериялы вулвовагинитге шырышты қабатында қабықша болады, оны алса қанағыштанып, беті жалаңаштанып. Саңырауқұлақты вульвовагинитте бөлінді – ірімшік, ал трихомонадыда - көпіршіктеніп, іріңді сарғыш түсті болады. Қоздырғыштың түрін анықтау үшін қынап жұғындысын бактериоскопиялық тексеруден өткізеді, ал нәжісті құрт ұрығына тексереді. Қыз балалардың ішкі жыныс мүшелерінің ауруларынан аппендицит асқынуы ретінде оң жатыр қосалқысының қабынуы кездесуі мүмкін. Балалар поликлиникасының дәрігері не мейірбикесі қыз балаларда гинекологиялық аурулар болатындығынан хабардар болуы керек және барлық түсініксіз жағдайларда қыз балаларды балалар гинекологтарына жіберулері тиіс. Ата-анасымен жүргізілген тазалық-ағарту жұмыстарының, оларды қыз балалардың тазалық сақтау ережелерімен таныстырудың маңызы зор.

Емі. Қыз баланың жыныс мүшесінің қабыну ауруларын ауру себептеріне сай, қосымша жалпы ауруларының өтуіне, осы патологияның дамуына себеп болған бейімдеу факторлеріне сәйкес емдейді Қоздырғыштың түрлері анықталынғанша түймедағы, итошаған, шалфей гүлдерінің ерітінділерімен отырғыш ваннасын жасауға болады, сыртқы жыныс мүшесін зарарсыздандырылған өсімдік майымен майлауға нұсқа беріледі. Трихомонадты, саңырауқұлақты вульвовагинитті ересек әйелдердікіндей емдейді /дәрілер мөлшері жас шамасына сәйкес беріледі/. Дифтериялы вульвовагинитте дифтерияға қарсы ем және стрептоцид эмульсиясымен қатар синтомицин майлары қолданылады. Қосымша баспа, қызамық сияқты аурулар төңірегінде өтетін стрептостафилакокты вульвовагинтте антибиотиктер, қынап балауыздары қолданылады. Басқа мүшелер мен жүйелердің қосымша ауруларымен қатар өтетін вульвовагинитте негізгі ауру емделеді. Соз және туберкулез ауруын емдеу жалпы ереже бойынша жүргізіледі, дәрілік препараттардың мөлшерін жас шамасына қарай сәйкестейді.

Балаларға көрсетілетін арнаулы гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Балалар гинекологтары алдын-ала емдеу жұмыстарын 3 бағытта жүргізеді:


  1. Балалар бақшасы, ясли /3 жасқа дейінгі балалар мекемесі/ балалар поликлиникасы мен емханаларындағы алдын-алу жұмыстары. Педиатр-дәрігер тазалық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, жыныс мүшелері дамуындағы патологиялық ауытқушылықтарды анықтайды, ауруға күмән туса, баланы балалар гинекологтарына тексеруге жібереді.

  2. Балалар поликлиникасы құрамындағы бала жасындағы гинекологиялық кабинетер. Балалар гинекологы емдеу, тазалық-ағарту және қыз балалар арасындағы гинекологиялық аурулардың алдан-алу шараларын қолға алып, жұмыстар жүргізіледі.

  3. Балалар емханасы құрамындағы балалар гинекологиялық бөлімдері. Мейірбике барлық жұмыстар сатысында дәрігердің көмекшісі болып табылады, алдын-алу және емдеу жұмыстарында /ата-аналарымен әңгіме жүргізу, дені сау және ауру балаға жасалатын күтім ережелеріне және тәжірибелік әдістеріне оқытып үйрету, балалар гинекологтарының кеңесі керектігін түсіндіру, қосымша ауруларың емдеуді өткізу және т.б. шаралар/ үлкен ролі атқарады. Мейірбике дәрігер көрсеткен емдік процедураларды жасайды, науқасты күтеді. Гинекологиялық аурулары бар қыз балалар 16 жасқа дейін балалар гинекологының қарауында диспансерлік тікеуде болуы керек, ал сосын оларды әйелдер консультациясында қадағалайды. Қыз балаларға емдеу және алдын-алу гинекологиялық көмектерін дұрыс ұйымдастыру, ересек әйелдердің акушерлік және гинекологиялық патологияларының алдын-алудағы ең маңызды жұмыс болып табылады.

11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 63м

Тақырыпқа байланысты науқастарды курациялау.

Курация үшін әйелдер кеңес орнына тексерілуге келген науқас бала алынады немесе архивті ауру тарихы көтеріледі.

Курациялаушы анамнез жинайды, объективті зерттеу тәсілдерін жүргізеді, ауру тарихымен, лабораторлы зерттеу тәсілдері мәліметтерімен танысады.Осыдан кейін топ бірге жиналады және курациялаушымен біреуі өзінің және лабораторлы зерттеудің нәтижелеріне баяндама жасайды.Оқытушы оқушылармен бірге диагностикалау тәсілдерін талдайды. Осыдан кейін емдеу жолдарын және қайта қалпына келу шараларын талдайды.



12. Жаңа тақырыпты бекіту.18м

Ситуациялық есептер шешумен жүргізіледі.

16 жастағы науқас Н, гинекологиялық стационарға келесі шағымдармен түсті : жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан бөлінумен, әлсіздікпен, басы айналумен.

Етеккірі 15 жастан, бірінші 4 айы ретті (3-4 күннен, 28 күннен кейін), орта мөлшерде , ауырсынусыз. 8 күн алдын менструация 2 ай болмағаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінулер пайда болған. Кейінгі күндері қан кету күшейген, әлсіздік және басы айналу пайда болды.

Объективті : жалпы жағдайы орта дәрежеде. Пульс 90 соққы минута, ҚҚ 95/50 мм рт.ст. Терісі және шырышты қабаттаыр бозғылт, таза.

Диагнозы? Емдеу шаралары?



13. Сабақты қорытындылау. 4м

Оқушылардың білім деңгейін бағалау



14. Үйге тапсырма беру 3м

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет