Сабақ№17 Сынып 10 Күні Тексерілді Сабақтың тақырыбы: Жаға сызбасының құрылымы



жүктеу 21.35 Kb.
Дата06.08.2018
өлшемі21.35 Kb.
түріСабақ

Сабақ№17 Сынып 10 Күні Тексерілді_____________

Сабақтың тақырыбы: Жаға сызбасының құрылымы. 
Сабақтың мақсаты: Жағаларды жіктеу конструкциялау. Жаға 
Түрлерімен танысу, іскерлікке ұқыптылықка 
баулу. 
Көрнекіліктер: Жаға түрлері буклеттері, сурақ карталары, 
бағалау бетшесі,қайшы, ине, жіп, өлшеуіш лента т.б.керекті құралдар. 
Ұйымдастыру: 1. Жоқ оқушыларды белгілеу. 
2. Құралдарын тексеру толықтыру. 
3. Үй тапсырмасын қайталау.  
4. Сызба тұрғызу. (жаға түрлері). 
5. Қорытынды  

Жаңа сабақ. 


Қандай да болмасын киімнің әдемі болып көрінуі көбіне жағаның формасын дұрыс таңдай білуіне байланысты. Жаға негізінен екі бөліктен тұрады. Көрініп тұратын жаға - қыры, көрінбей тұратын жаға -тіліктемесі. (Бұл сызба жұмысын орындағанда) араларынан бүгу сызығы өтеді. Жаға киімнің құрамдас бөлігінің бірі. Киімнің сәніне қарай үлгі жасайды. Жаға матаға байланысты жалаң не қос қабатты етіп тігіледі. Астыңғы және үстіңгі беті. Жағаның үстіңгі беті астыңғы бетінен 2 мм дей артық болады. Пішініне байланысты жағалар әр түрлі болады. Жаға, негізінен, екі бөлектен тұрады: көріненетін жаға — қырынан және көрінбейтін жаға - тіктемесінен, араларынан бүгу сызығы өтеді. 
Жағаны мойындыққа қосудың өзіндік ережесі бар. Оны мойындыққа қондырып тігілген және негізгі бөлшекпен, көбінесе алдыңғы боймен бірге пішілген (тұтаспішімді) деп екі топқа бөледі. Пішіміне қарай олар: тік жаға ( биіктігі 3,5 - 4,5 см), тік - қайырма жаға (биіктігі 2,5 - 3,5 см) жартылай тік жаға (биіктігі 2 см дей), жазық жаға (биіктігі 0,5 см) деп бөлінеді. 
Сызба сызғанда кондырып тігу сызығы қаншалықты түзу болса, жаға тіктемесі соншалықты биік болады. Мойындық ойындысына қарай жағаларды: ашық мойындыкты және жабык мойындықты деп бөледі. 
Жаға түрлеріне тоқталу. Буклеттегі жағалармен таныстыру. Осы жағалардың ішінде тік жаға мен жартылай тік жаға сызбасын сызамыз. Тік жағаға берілетін белгілі бір өлшемдер болады. Жағаның ұзындығы алдыңғы бой мен артқы бой мойын ойындысын өлшеу арқылы алынады. Ені 4 см беріледі. ОА 21 см. ОЖ 4 см. ОО1= ОА : 2 = 21 : 2 = 11,5 см. АА1 қондырып тігу сызығы 3 см беріледі. Жаға қиықтарын шығару нүктесі ОЖ= О1О2 = А1А2. 
Жаға ені бойынша қондырып тігу сызығына паралелл сызықтар арқылы қосамыз. Жартылай тік жаға сызбасын түсіру. Көтеру нүктесі 3 см. Жағаның ені = 10 см. Бүгу сызығының ортасын табу жағаның ұзындығын 2 - ге бөлу аркылы табылады. 
Жартылай тік жаға сызба құрылымы: Көтеру мөлшері ( биіктігі) 4-6 см. Көмекші Жм ойа - 0,2хО,Ж+2 см. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызық ЖА : 2. Қайыру мөлшері 1 см. Қондыру тігу сызығы Ж тік бұрышты. Жаға ені 9-10,5см. Жағаның алдыңғы шеті АА3 =ЖЖ1. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызык Ж1АЗ : 2. Қайыру мөлшері 2- 2,5 см. Жаға қырықиығы Ж нүктелері бұрыштарын қосу. 
Сарамандық жұмыс: 


1. Жаға түрлерінің сызбасын түсіріп үлгі дайындау. 
2. Үлгіні матаға орналастырып жаға киямыз. 
3. Сызба бойынша тігуге мата есептеп аламыз. 
4. Жағаны бір біріне қосып жұмыс жасаймыз. 
Қорытындылау: 
Ғажайып үштік ойыны арқылы қорытындылаймыз. 
Бағалау: 
Жұмыс орнын жинастыру. 
Каталог: uploads -> doc -> 0f4f
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет