Сабақ№38 Күні: 13. 11. 2014ж Тақырыбы : Қанша тұрады?



жүктеу 30.91 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі30.91 Kb.
түріСабақ

Сынып: 3 «Б»

Сабақ№38 Күні: 13.11.2014ж

Тақырыбы: Қанша тұрады?

Мақсаты: азық-түлік бағасын сұрай алу және қажетті азық-түлік сатып ала алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: азық-түлік дүкенінде сауда жасай алу.

Тұлғалдық: адамдармен жылы қарым-қатынас орнатуға ұмтылу

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері(уақыты)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2мин.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару ұйыдастыру.



Оқушылар сабаққа дайын болып отырады.

Оқушылар көңілін сабаққа аударады.



Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

3 мин.

Мұғалім өткен сабақты мен жаңа сабақты сабақтастырады.

Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды.

Жаңа сабақ

15 мин.

1-тапсырма.

Сатушы мен бала арасындағы диалог арқылы оқушыларды дүкеннен балмұздақ сатып алу үлгісімен таныстыру.

1-ші сурет арқылы сатушыдан шырынның бағасын сұрау үлгісімен , 2-ші сурет арқылы сатып алу үлгісімен таныстыру.

2-тапсырма

«...қанша тұрады?» деген сұраққа жауап беру арқылы азық-түлік бағаларымен таныстыру.



3-тапсырма

Бір балмұздақ пен бір шырынның бағасы бойынша үш балмұздақ пен үш шырынның бағасын есептен шығару арқылы цифрларды қайталу.



4-тапсырма

Диалогті оқушыларға аудиотаспада тыңдату, екеуара оқиту, үлгі бойынша сөйлесу.



5-тапсырма

Оқушылардың буын туралы білімдерін толықтырады. Оқушыларға жуан және жіңішке буынды(жетпіс, отыз, тоқсан) сөздерге қатысты диалог жүргізу.



1-ші тапсырмадағы Сатушы мен бала арасындағы диалог арқылы оқушылар дүкеннен балмұздақ сатып алу үлгісімен танысады. 1-ші сурет арқылы сатушыдан шырынның бағасын сұрау үлгісімен танысса, 2-ші сурет арқылы сатып алу үлгісімен танысады.

2-тапсырмадағы «...қанша тұрады?» деген сұраққа жауап беру арқылы азық-түлік бағаларымен танысады.

3-тапсырмада бір балмұздақ пен бір шырынның бағасы бойынша үш балмұздақ пен үш шырынның бағасын есептен шығару арқылы цифрларды қайталайды.

4-тапсырмадағы диалогті оқушылар аудиотаспада тыңдайды, екеуара оқиды, осы үлгі бойынша сөйлеседі.

5-тапсырмада оқушылар буын туралы білімдерін толықтырады. Оқушылар жуан және жіңішке буынды(жетпіс, отыз, тоқсан) сөздерге қатысты диалог жүргізеді.


Дәптермен жұмыс

20 мин.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларға оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды түсіндіру.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Жаңа сабақты қорытындылау

1 мин.

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағадай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.




Рефлексия

Үйге тапсыр

ма

2 мин.

«5-тапсырма 61 бет» тақтаға жазады.

Стикерларға:

не білдім...

не түсіндім... деп жазуды ұсынады

Оқушылар күнделікті толтырады.



Бағалау 2мин.

Бағаны қою.

Оқушылар бағалау кестесіне өз бағаларын қойып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет