СабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу сабақтың тақырыбы: Сезіну.Қабылдау.Ұсыну. Елестету. Ес және назар



жүктеу 339.15 Kb.
Дата28.05.2018
өлшемі339.15 Kb.
түріСабақ


ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК

САБАҚҚА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Сабақтың тақырыбы:

Сезіну.Қабылдау.Ұсыну.Елестету.Ес және назар.

Ойлау және сөйлеу. Парасат.

І Сабақтың тақырыбы: Сезіну, қабылдау, ұсыну,елестету. Ес және назар. Ойлау және сөйлеу. Парасат.
ІІ Сабақтың түрі : Тәжірибелік сабақ
ІІІ Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

  • Бақылау және бағалау

  • Дамыта оқыту

  • Ақпараттық оқыту


Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

  • Иллюстративті түсіндіру

  • Жалпы топпен жұмыс

  • Ынталандыру

  • Іздену

  • Бақылау арқылы бағалау және мадақтау әдістері

  • Көрнекілік құралдарды қолдану арқылы түсіндіру.


ІV Сабақтың мақсаты:

Білімділік:


  • Жадының анықтамасы мен жіктелуін түсіндіру;

  • Жадының ерекшеліктеріне және ұмытуға шолу жасау;

  • Назардың (зейін) анықтамасымен таныстыру;

  • Назардың түрлері мен зейінсіздікке сипаттама беру.

  • Ойлаудың анықтамасын түсіндіру;

  • Ойлау процесінің ерекшеліктері мен ойлау операцияларына шолу жасау;

  • Тілдің сипаттамалары мен қызметтеріне түсінік беру;

  • Интеллектуалды қабілетке шолу жасау.

  • Қабылдаудың негізгі сипаттамасымен таныстыру

  • Сезінудің анықтамасын түсіндіру;

  • Түйсіктің қалыптасу механизмдері мен түрлеріне шолу жасау;


Дамытушылық:

  • Жаңа тақырыпты меңгерту барысында жеке тұлғаның қабілетін, қызығушылығын, ынтасын дамыту;

  • Жеке тұлғаның жалпы қабілеттерін салыстыра білу, негізгісін ажырата білу және өмір жолын талдау, өз мақсатына жетуге ынталандыру.

  • Жады туралы білімдерін кеңейту;

  • Жаңа тақырыпты меңгерту барысында жеке тұлғаның зейінін, жадын, ынтасын дамыту;

  • Жеке тұлғаның жалпы қабілеттерін салыстыра білу, негізгісін ажырата білу және өмір жолын талдау, өз мақсатына жетуге ынталандыру;

  • Зейін мен зейінсіздік тіралы білімдерін жетілдіру.

  • Жаңа тақырыпты меңгерту барысында жеке тұлғаның қабілетін, қызығушылығын, ынтасын дамыту;

  • Ойлау мен тілдің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту;

  • Жеке тұлғаның жалпы қабілеттерін салыстыра білу, негізгісін ажырата білу және өмір жолын талдау, өз мақсатына жетуге ынталандыру.


Тәрбиелік:

а) Өзін-өзі білу, бағалау, бақылау, тәрбиелеуге үйрету;

б) Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру;

в) Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету;



г) Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Студент білуі тиіс:

  • Сезінудің анықтамасын;

  • Түйсіктің қалыптасу механизмдері мен түрлерін;

  • Қабылдаудың негізгі сипаттамасын;

  • Сезіну мен қабылдау арасындағы айырмашылықтарды.

  • Елес және қиялдың негізгі ерекшеліктерін;

  • Ұсыну және оның түрлерін.

  • Жадының анықтамасы мен жіктелуін;

  • Жадының ерекшеліктері мен ұмытуды;

  • Назардың негізгі сипаттамасын;

Уақыты: 180 минут

VI. Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:

  • Слайдтар:№1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13.

  • Видео ролик:№1

  • Электронды оқу құралы. «Психология негіздері» Көбекова Ж.С.

  • Плакаттар.

Үлестірме материалдар:

  • тест сұрақтары;

  • суретті тапсырмалар;

  • қабылдау түрін анықтауға арналған сауалнама

Техникалық оқу құралдары:

  • Компьютер;

  • Интерактивті тақта;)

  • CD, DVD дискілер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут): Аудитория тазалығына, сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін тексеріп, студенттердің формаларына көңіл бөліп, журналды толтыру.
Сабақ жоспары мен хронокартасы




Сабақтың кезеңдері

Қолданылатын технологиялар мен әдістер

Уақыты

1


Ұйымдастыру кезеңі

Ынталандыру

2-3 минут

2

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау және тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру




5 минут

3

Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау

Фронтальді сұрау

30-35 минут

4

Студенттерге әдістемелік нұсқау таратып, өзіндік жұмыстың үйымдастырылуын түсіндіріп, орындалуына бағыт бағдар беру .

Жалпы топпен жұмыс

10 минут

5

Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы

Интерактивті әдіс

(иллюстративті түсіндіру)




110 минут

7

Сабақты қорытындылау

Бақылау арқылы бағалау және мадақтау

10 минут

8


Үйге тапсырма беру

Іздену

5 минут










180 минут



2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):

Психология - адамзатқа арналған күрделі, әрі маңызды ең қызықты көне ғылымдардың бірі. Адамзат баласы ғасырлар көптеген ғалымдардың бойы зерттейтін объектісі болып келеді. Өйткені, адамзат қоршаған әлемдегі ең ғажайып әрі құпия жаратылыс иесі. Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психикасының ең жоғарғы түрі – сананың болуымен ерекшеленеді. Адам - саналы құбылыс. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез –құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды. Медицинада психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттеп, нейропсихологияда, психофармакологияда, психотерапияда, психопрофилактика мен психо-гигиенада бір-бірімен өзара байланысуын, атқаратын қызметін болашақ медицина қызметкерлері үшін маңызы өте зор.

Бізді қоршаған және әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім мүшелері- көру, есту, дәм және т.б арқылы біздің санамызда бейнеленеді.

Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б түйсінеміз. Мысалы: бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б жекелеген қасиеттерін түйсінеміз.

Түйсіктер-бұл бізді қоршаған дүниені танудың алғашқы түрі. Ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер болумен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы елестетулер пайда болады. Мысалы, біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады, болашақта да болжай білуге мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде тәжірибе мен білім негізінде қиял арқылы жасалады.

Біздің түйсіктенген және қабылданған заттармыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастап кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мысалы, мектепте әртүрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.

Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.

Естің түрлері



Слайд-1

Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі:

1) іс- әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі

2) іс - әрекет мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі

3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.

Қозғалыс ес - бұл әртүрлі қозғалыстар мен олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық адамда анық кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әртүрлі тәжірибелік және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі «алтын қолдары» жатады.

Эмоциялық ес- бұл бастан кешкен сезімдер есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ол белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.

Бейнелі ес- бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипау сезу ,иіс, дәм сезу болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларында немесе көру,есту мүшелерінен айырылған адамдарда байқалады.)

Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді.Мұндай есті эйдетикалық ес (эйдос-грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Сөздік-логикалық ес-ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғартылатын ес. Сөздік –логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді, сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік логикалық деп аталады.

Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде адам тарапынан ешқандай күш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды айтады.

Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөлінеді.



Қысқа мерзімді ес- материалды белгілі аз кезеңге есте сақтайтын шектеулі ес. Қысқа мерзімді естің ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.

Ұзақ мерзімді ес- салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне қарай есептеледі.

Жедел ес деп қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталмаған мерзім бойы материалды есте сақтауға есептелген.

Слайд-2


Ес үрдістері

Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: Есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.



Есте қалдыру. Естің іс әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқты қабылдаймыз және ойлаймыз. «Уақытша жүйелік байланыс, - деп жазды И.П.Павлов, -жануарлар дүниесі мен біздің өзімізде іске асатын әмбебап физиологиялық құбылыс. Ол сонымен қатар психологтар ассоциация деп атайтын психикалық құбылыс...»

Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет қайталаса, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.



Механикалық есте қалдыру – бұл материалдың жекелеген бөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей, бір ізді есте қалдыру.

Мағыналық есте қалдыру- ойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдық мазмұнын түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді. Мағыналық есте қалдыруға көмектесетін тәсілдердің бірі- материалды мағыналық топтау. Мағыналық топтау дегеніміз материалды бөліктерге бөлшектеу, әрбір бөлімдегі басты, маңыздыларын бөліп көрсету.

Мағыналық есте қалдырудың негізгі шарты- түсіну. Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Ырықсыз есте қалдыру- алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қалдырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады.



Қайта жаңғырту

Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады, қайта жаңғыртудың осы түрі көбінесе адамның үнемі айналысатын әрекетімен мазмұндас болады. Мысалы, музыкант мелодияларды қалай болса солай жаңғырта береді.

Арнайы қайта жаңғырту мақсат коюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс- тәсілдер қолданумен жүзеге асады.

Тану –қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану-бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес үрдістері. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мысалы, біреу бір нәрсені қиналмай, тез және толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамдардың көзі төселіп үйренген, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателіктердің көпшілігі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзі алғашқыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан болады.

Қайта жаңғыртудағы бұл қиындықтар сонымен қатар қазіргі сәтте қажеттіні қайта жаңғыртудың мүмкіншілігінің болмауы ұмыту болып табылады. Сондықтан ұмыту- есте сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс. Ұмыту толық болуы мүмкін, ондай жағдайда есте сақталған материалды немесе оның бөлігін көп мезгілге дейін қайта жаңғырта алмаймыз. Көп жағдайда ұмыту уақытша болады. Алғаш есте қалдырған материалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта еске түсіруді реминисценция (латын сөзі- reminiscentia- қазақшалағанда еске алу, жаңғырту мағынасында қолданылады) деп атайды. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.



Зейіннің (назар) түрлері мен сипаттамалары, зейінсіздік

( алаңғасарлық)

Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.



Назар немесе зейін деп –адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтады. Зейін- басқалардың ішінен адамды қоршаған көптеген заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету.

Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мысалы, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы басқаларына үстемдік етеді, оны доминанта деп атайды, ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі. Сонымен, доминанта деп бір уақытта адам санасына әсер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреуінің басқаларға үстемдік етуін айтады.



Зейін түрлері

Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні белсенді зейін деп атайды.



Слайд-3


Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде еріксіз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - еріксіз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мысалы, қызықты кітапты оқуға еріксіз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу ерікті зейінді керек етеді.

Ерікті зейін деп алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын саналы түрде таңдай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады.



Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін –адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мысалы, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Үйреншікті зейін ырықты зейін арқылы дамып қалыптасады.

Зейіннің негізгі қасиеттері

Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады.





Слайд-4

Зейіннің ауыспалылығы- бұл зейіннің бір нысанадан екінші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мысалы, кітап оқудан шәкірт өз зейінін суреттерді көруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруы мен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады. Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануы дейді. Мысалы, біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.

Зейіннің орналасуы дегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға бағытталуын айтады. Мысалы, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінін дұрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жолаушылардың, автомобильдердің және басқа трамвайлардың қозғалысын, сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек.

Зейіннің көлемі өте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Көлеміне қарай зейін тар немесе кең болуы мүмкін. Зерттеуші неғұрлым көп нысанды қамтыса, солғұрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды экран арқылы тез арада көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойы белгілі бір нысанда зейінді шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісінде қысқа мерзім ішінде зейін басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды.



Өте әлсіз зейінді алаңғасарлық деп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бірде-біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының өмірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мысалы шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.

Ойлау және тіл

Ойлаудың анықтамасы мен ерекшеліктері және ойлау операциялары
Ойлау – тек қана адамға тән қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі, ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс

Ойлау - бұл ерекше дәл, терең, толық жалпы және жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Сонымен, ойлау деп қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтады.

Слайд-5

Ойлау тәсілдері

Белгілі бір зат туралы, белгілі бір объекті туралы біз әруақытта ойлаймыз, оларды қабылдаймыз немесе елестетеміз немесе ол туралы түсінігіміз болады. Ойлау затсыз болуы мүмкін емес.



Салыстыру - бұл жекелеген заттар мен құбылыстардың арасында ұқсастықты немесе айырмашылықты, теңдікті немесе теңсіздікті, бірдей немесе қарама-қарсылықты табуда байқалатын ойлау тәсілі болып табылады. Салыстыру- бұл қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты ойша табу.

Талдау - бұл заттар мен құбылыстарды ойша бөліктерге ажырату, ондағы жеке бөліктерді, белгілерді және қасиеттерді бөліп көрсету.

Жинақтау - бұл жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас объектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері үрдіс. Жинақтау үрдісінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас заттар мен құбылыстарға қатынасы анықталады.

Абстракция- бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракциялау үрдісінде заттың бөлініп алынған белгісі басқа белгілерден тәуелсіз ойланады және ойлаудың дербес объектісі болып табылады. Мысалы, әртүрлі анық объектілерді бақылауда: ауа, шөлмек, су және т.б., олардың ішіндегі жалпы, ортақ белгі- анықтықты алып, жалпы сол туралы ойлаймыз.

Жалпылау мен нақтылау. Жалпылау - бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген ұқсас заттардың мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Мысалы, алмада, алмұртта, апельсинде және т.б. ұқсастық белгілері бір «жеміс-жидек» деген ұғым арқылы беріледі, жалпылама ойлау абстракциялық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Кейбір заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілері жалпыланады, ол абстракциялау үрдісінде бөлініп көрсетіледі.

Нақтылау- бұл ойша жалпыға сәйкес келетін жалпыдан жалқыға көшу.




Ойлаудың түрлері

Ұғым - бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі.

Пікір – мұндағы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар және олардың қасиеттері мен белгілері бейнеленеді. Пікір- бұл қандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады.

Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден жалпы бір пікір жасау. Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге, деректерге көшудің, жалпы заңдылықтары мен ережелерін білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.

Тіл, сөйлеудің сипаттамалары, қызметтері
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқару, оның негізгі қызметі. Сондай-ақ тіл адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші. Тіл адамды қимыл әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.

Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақталған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырылады.

Адамның саналы құрылған күрделі саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған шарт - бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін рәміздер (символ, код) жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла тілдесудің негізгі құралына айналды, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.



Сөйлеу - бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі. Сөйлеу негізгі екі қызметті атқарады- коммуникативтік және сигнификативтік, олардың арқасында сөйлеу қарым-қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүру түрі болып табылады. Сөзде негізгі болып табылатын оның мәні, оның сематикалық мазмұны. Біздің зейінімізде негізінде сөйлеудің мағыналық мазмұны шоғырланған. Адам тілінің әрбір сөзі қандай да болмасын затты білдіреді, қандай да болмасын сөздерді айта отырып, біз әр уақытта да белгілі бір затты немесе құбылысты білдіреміз.



Сөз одан да басқа өте күрделі қызметке ие ол заттарды талдауға мүмкіншілік береді.

Сөйлеудің келесі қызметі оның-коммуникативтік қызметі, ол өзі мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметін сөйлеуде өздігінен анықтай алмайды.

Сөздің екі негізгі коммуникативтік және сигнификативтік қызметінің арқасында ол қарым-қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүру түрі болып табылады, біріншісі екіншісі арқылы қалыптасады.



Жалпы интеллектуалды қабілет
Интеллект ұғымына—жиналған тәжірибе, білім, тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі жатады.

Интеллект барлық психикалық процестерін , яғни ойлау, назар, жады т.б тұтастырып қарайды. Интеллект туралы айту үшін алдымен қабілеттілікті білу қажет. Қабілеттілік- адамның қасиеті. Ол білімді тез және жеңіл меңгеруіне, дағды мен ептілікті үйренуіне көмектеседі. байланысты дамиды.


Сурет-14


Қабілеттілік деп адамның белгілі бір жұмысты орындауға икемділігін айтады. Қабілет білімді тез және жеңіл меңгеруіне көмек береді. Қабілеттіліктің негізінде биологиялық гендік түбір жатады. Қабілеттілікті жетілдіру өмір бойы әсіресе балалық және жастық шақта жылдам жүреді. Интеллект дамуы сыртқы ортаға, тәрбиеге, өмір сүру жағдайына байланысты болады.

Егер адамның қабілеттілігі жақсы дамыған болса, біріншіден оны басқалармен салыстырғанда қолға алған істі тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны игереді. Екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетеді.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне – талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер жатады.


Сурет-15

Дарындылық - адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.

Талант - бұл адамның белгілі бір іске деген айырықша қабілеттілігі. Өмірдің қандай да саласында өзін ерекше бір қырынан көрсетуі.

Данышпандық қасиет адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Адамның ақыл ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежесіне көтерілуі.

Сурет-16



3 Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау(25-30 мин): Фронтальды сұрау арқылы теориялық білімдерін сұрау.
1.Сұрақ Түйсік анықтамасы және түйсіктің пайда болуына қажетті құралдар

Жауабы:

Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.

1.Қандай да болсын сезім органдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері негізінен сезімдік жүйкенің аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштерінде аңғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргіш деп аталады.



2.Түйсінуші құрал қажет . Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:

а. сезім мүшелерінен (рецептордан), онда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан. Сезім мүшелері дегенді басқаша түйсік мүшелері деп атаған дұрыс болар еді. Сезім органдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанымен, түйсік мүшелері деп айтқан дұрыс болады. «Сезім»- бұл өз алдына дербес психикалық үрдіс.

б. өткізгіш жолдан, демек сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу.

в. бас ми қыртысындағы сәйкесті ортадан (жасушылар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа-түйсінуге өтеді.

2 Сұрақ. Түйсіктердің мүшелері қайда орналасқанына және қайдан тітіркендіргішті алуына байланысты бөлінетін топтар :

Жауабы:

Экстерорецепторлар ағзаның сыртқы бөліктерінде орналасқан - оған жататындар: көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу (тері) мүшелері жатады. Бұл көп жағдайда сыртқы сезімдердің мүшелері деп атайды. Олардың көмегімен біздің ағзадан тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Түйсіктер бұл мүшелерге сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.

Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орна-ласқан. Бұл мүшелердің көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер- бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).

Интерорецепторлар дененің ішкі мүшелерінде ішек қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б ішкі мүшелерде тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.

3.Сұрақ Көру түйсіктерин сиппаттама беріңіз :

Жауабы:Көру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түйсінетін түстеріміз хроматикалық және ахроматикалық деп екіге бөлінеді.

Хроматикалық түстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара көк, күлгін.

Ахроматикалық түстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан қоңыр түстер жатады.

Көру түйсігінің мүшесі көз болып табылады. Ол негізінен көз алма-сынан және одан шығатын көру жүйкесінен тұрады. Көз алмасы үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы, торлы., гүрсілдеу, ұрғылау және т.б). Есту түйсіктерінің мүшесі құлақ болып табылады.

4. Ес дегеніміз не?

Жауабы: Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.

5. Ес формалары мен түрлеріне қарай қалай жіктеледі?

Жауабы: Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі:

1) іс- әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі

2) іс - әрекет мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі

3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.



6. Ес үрдістері қандай түрлерге бөлінеді?

Жауабы: Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: Есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

7. Реминисценция дегенміз не?

Жауабы: . Алғаш есте қалдырған материалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта еске түсіруді реминисценция (латын сөзі- reminiscentia- қазақшалағанда еске алу, жаңғырту мағынасында қолданылады) деп атайды.

8. Назар немесе зейін деп нені айтамыз?

Жауабы:
Порттар
Назар немесе зейін деп
–адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтады. Зейін- басқалардың ішінен адамды қоршаған көптеген заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету.

9. Негізінен зейін нешеге түрге бөлінеді және қандай болып?

Жауабы: Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні белсенді зейін деп атайды.

10. Зейіннің негізгі қасиеттері нелер тән?

Жауабы: Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады.

11. Ойлау дегеніміз не?

Жауабы: Ойлау – тек қана адамға тән қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі, ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс.

12. Абстракция дегеніміз не?

Жауабы: Абстракция- бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракциялау үрдісінде заттың бөлініп алынған белгісі басқа белгілерден тәуелсіз ойланады және ойлаудың дербес объектісі болып табылады. Мысалы, әртүрлі анық объектілерді бақылауда: ауа, шөлмек, су және т.б., олардың ішіндегі жалпы, ортақ белгі- анықтықты алып, жалпы сол туралы ойлаймыз.

13. Пікір дегеніміз не?

Жауабы:Пікір – мұндағы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар және олардың қасиеттері мен белгілері бейнеленеді. Пікір- бұл қандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару түрінде іске асатын ойлаудың түрі.

14. Жалпылау дегеніміз не?

Жауабы: Жалпылау - бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген ұқсас заттардың мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Мысалы, алмада, алмұртта, апельсинде және т.б. ұқсастық белгілері бір «жеміс-жидек» деген ұғым арқылы беріледі, жалпылама ойлау абстракциялық іс-әрекетімен тығыз байланысты.

15. Ұғым дегеніміз не?

Жауабы: Ұғым - бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі.

16. Индукция дегеніміз не?

Жауабы: Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден жалпы бір пікір жасау.

17. Дедукция дегеніміз не?

Жауабы: Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге, деректерге көшудің, жалпы заңдылықтары мен ережелерін білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.

18. Сөйлеу дегеніміз не?

Жауабы:
Порттар
Сөйлеу - бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі.

19. Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу нешеге бөлінеді?

Жауабы: Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы.

20. Іштей сөйлеу дегеніміз не?

Жауабы: Іштей сөйлеу ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Жазбаша сөйлеуде қарым-қатынастың шарты мәнімен байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. Жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінесе (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әріптермен белгіленеді.

21. Интеллект дегеніміз не?

Жауабы: Интеллект ұғымына—жиналған тәжірибе, білім, тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі жатады.
4.Тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (Интерактивті, тест әдістері арқылы)

І-кезең тапсырмаларды орындау.






ІІ-кезең

3-нұсқаға бөліп, тақырып бойынша тест тапсырмалар беріледі.


І-нұсқа

1. Психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты:

А. б.э.д


В. 3 ғасырда

С. 17 ғасырда

Д. 19 ғасырда

Е. 20 ғасырда



2. Жан туралы алғаш трактатты жазған:

А. Платон

В. Демокрит

С. Гиппократ

Д. Сократ

Е. Аристотель



3. Лейпциг қаласында В.Вундт эксперименттік психологияның лаборатория әлемін алғаш рет ашты:

А. 1879 жылы

В. 1865 жылы

С. 1991 жылы

Д. 1870 жылы

Е. 1850 жылы



4. Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін психологиялық әдіс:

А. тест


В. социометрия

С. анкета

Д. сұрау

Е. әңгімелеу



5. Адамның даму заңдылықтары мен оның жасампаздық мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым:

A. философия

B. педагогика

C. экология

Д. социология

E. психология



6. Психологияның дербес ғылым болып қалыптасқанына:

A. 1000 жыл

B. 400 жыл

C. 70 жыл

Д.200жылғажуық
E. әлі қалыптасқан жоқ

7. Психологияның пәндік аймағының кемелденуімен орайлас бірінші кезеңінің атауы:


A. іс-әрекет жөніндегі ғылым
B. сана туралы ғылым
C. жан туралы ғылым
Д. инстроспектік сана тағылымы
E. психологиялық паралеллизм теориясы

8. Психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты:

А. б.э.д


В. 3 ғасырда

С. 17 ғасырда

Д. 19 ғасырда

Е. 20 ғасырда



9. Гуманистік психологияның мақсаты:

А. адамға жақсылық істеуге ұмтылу

В. гигиена сақтауға ұмтылу

С. күйзеліске түспеуге ұмтылу

Д. заңды сақтауға ұмтылу

Е. дінді ұстануға ұмтылу



10. Жауап берушінің сөзінен объективті және субъективті деректер туралы ақпарат алу әдісі:

А. бақылау әдісі

В. тәжірибе

С. коррекциялық әдіс

Д. сұхбаттасу әдісі

Е. социометрия әдісі



11. Адам санасының белгілі бір объектіге шоғырлануы аталады:

А. түйсік

В. қабылдау

С. ес


Д. зейін

Е. ойлау


12. Қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды сезім мүшелерінің көмегімен сезіну процесі аталады:

А. зейін


В. түйсік

С. қабылдау

Д. ойлау

Е. сөйлеу



13. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелеудің түрі:

А. танымдық

В. сапалық

С. иллюзия

Д. галлюцинация

Е. әрекеттік



14. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерінен сезім мүшелерде алғашқы туындайтын психикалық құбылыс:

А. сезім


В. қозу

С. тежелу

Д. тітіркену

E. сөну


15. Сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы перифериялық бөліктерде орналасқан физиологиялық тетіктің атауы:

А. анализатор

В. аффектік жүйке

С. рецепторлар

Д. өңдеуші жүйке


E. қозғаушы тетіктер

ІІ-нұсқа

1. Лейпциптегі алғашқы экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырушы:

A. 1960, Торндайк

B. 1910, Фрейд

C. 1879, Вундт


Д. 1930, Крамер

E. 1760, Декарт


2. Психология ғылымының міндеті:

A. ойды субъективті баяндау
B. процестерді сол күйінде суреттеу
C. психологиялық құбылыстардың объективті заңдарын ашу

Д. табиғаттан тыс болмысты деректеу


Е. адам дүниесінен тыс жағдайларды зерттеу.

3. Қысқа мерзім ішінде көп адамнан жаппай сұрау жүргізу әдісі:

А. аутотренинг әдісі

В. тест

С. сауалнама әдісі



Д. байқау әдісі

Е. сұхбаттасу әдісі



4. Жауап берушінің сөзінен объективті және субъективті деректер туралы ақпарат алу әдісі:

А. бақылау әдісі

В. тәжірибе

С. коррекциялық әдіс

Д. сұхбаттасу әдісі

Е. социометрия әдісі



5. Психология ғылымының зерттеу объектісі:

А. сана


В. адам

С. еңбек


Д. ойын

Е. оқу


6. Адам мен қоғам арасындағы қатынаспен айналысатын психологияның саласы:

А. медициналық психология

В. жалпы психология

С. әлеуметтік психология

Д. балалар психологиясы

Е. заң психологиясы


7. Әлеуметтік процестерді зерттейтін барша гуманитарлық ғылымдар үшін қажетті деректер негізі:

A. философияда

B. психологияда

C. географияда


Д. социологияда

E. логикада



8. Жан туралы алғаш трактатты жазған:

А. Платон

В. Демокрит

С. Гиппократ

Д. Сократ

Е. Аристотель



9. Зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылымдардың жетістіктерін біріктіріп, байланыстыратын білім саласы:

A. кибернетика

B. социология

C. психология

Д. философия

E. антропология



10. Әрекет -қылық психологиясын ғылымға енгізген бағыт:

А. фрейдизм

B. гуманизм

C. когнитивизм

Д. бихевиоризм

E. прагматизм



11. Бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан:

А. проприорецепторлар

В. интерорецепторлар

С. вибрациялық

Д. органикалық

Е. экстерорецепторлар



12. Ағзаның ішкі мүшелерінде орналасқан қай рецептор:

А. перцептивтік

В. вибрациялық

С. органикалық

Д. экстерорецепторлар

Е. интерорецепторлар



13. Заттар мен құбылыстардың санада тұтас түрде бейнелеуін қамтамасыз етуші психикалық процесс аталады:

А. түйсік

В. зейін

С. Қабылдау

Д. ес

E. қиял

14. Адам ағзасы талдағыштарының өзара тұрақты байланыстылығын, сезімдер тұтастығын білдіретін түйсік қасиеті аталады:


А. сенсибилизация

В. синестезия

С. жоғарылау

Д. төмендеу

E. қосарлану

15. Жоқты бар деп қабылдау, жалған қабылдау:

А. иллюзия

В. галюцинация

С. апперцепция

Д. аккомодация

E. сенсибилизация



ІІІ-нұсқа

1. Психология ғылымының зерттеу объектісі:

А. сана


В. адам

С. еңбек


Д. ойын

Е. Оқу


2. Жан туралы алғаш трактатты жазған:

А. Платон

В. Демокрит

С. Гиппократ

Д. Сократ

Е. Аристотель



3. Қысқа мерзім ішінде көп адамнан жаппай сұрау жүргізу әдісі:

А. аутотренинг әдісі

В. тест

С. сауалнама әдісі



Д. байқау әдісі

Е. сұхбаттасу әдісі



4. Жауап берушінің сөзінен объективті және субъективті деректер туралы ақпарат алу әдісі:

А. бақылау әдісі

В. тәжірибе

С. коррекциялық әдіс

Д. сұхбаттасу әдісі

Е. социометрия әдісі



5. Оқу процесінде білімнің, ептіліктің, дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын негіздейтін ғылым саласы:

A. салыстырмалы психология

B. педагогикалық психология

C. еңбек психологиясы

Д. жас ерекшеліктер психологиясы

E. арнайы психология



6. Психологияны қамтитын ғылымдар тобы:

A. философиялық

B. гуманитарлық
C. философиялық-жаратылыстану

Д. гуманитарлық-жаратылыстану

E. жаратылыстану

7. Әрекет -қылық психологиясын ғылымға енгізген бағыт:

А. фрейдизм

B. гуманизм

C. когнитивизм

Д. бихевиоризм

E. прагматизм



8. Психологияның дербес ғылым болып қалыптасқанына:

A. 1000 жыл

B. 400 жыл

C. 70 жыл

Д. 200 жылға жуық
E. әлі қалыптасқан жоқ

9. Алғашқы адамдардың жан туралы жалпы түсінігі:

A. тәннің ажырамас құбылысы

B. тәнмен бірге сөнеді

C. тәннен уақытша бөлінеді

Д. тәннен бөлек жасайды

E. тән жасауы үшін жанның қажеті жоқ



10. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі:

A. әр адамның өзіндік білімі

B. өзіндік дағды ептілігі

C. өзіндік көзқарасы

Д. өзіндік толғанысы

E. өзіндік талғамы



11. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелеудің түрі:

А. танымдық

В. сапалық

С. иллюзия

Д. галлюцинация

Е. әрекеттік



12. Танудың сезгіштік деңгейін құрайтындар:

А. ойлау мен сөйлеу

В. қабылдау мен қиял

С. қабылдау мен ес

Д. қабылдау мен түйсік

Е. зейін мен түйсік



13. Заттық кейіпке келмеген әсерлерден туындайтын жеке сезімдік қасиеттердің бейнеленуі аталады:

А. қабылдау

В. түйсік

С. ес


Д. елес

E. қиял


14. Сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделу аталады:

А. адаптация

В. синестезия

С. сенсибилизация

Д. сезімталдық

E. табалдырық


15. Екі көздің нақты затқа бірдей бағытталып, оны басқаларынан ажырата тану қасиеті:

А. конвергенция

В. дивергенция

С. аккомодация

Д. апперцепция


E. иллюзия

7 Сабақты қорытындылау (10 мин):

Сабақты қорытындылай келе, келесі кестені толтыру арқылы әрбір студенттің білім деңгейіне баға беремін




Студенттің аты-жөні


фронтальды сұрау нәтижелері

СӨЖ нәтижелері

Студенттің белсенділігі

Қорытын-

дылау


Суретті тапсырма

тест




















8. Үйге тапсырма беру (5 мин) (Іздену): Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.
Тақырыбы: Эмоциялық үрдістер мен жағдай.Жігер.Жігерлік үрдістер Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын алу. Эмоциялық жігер саласының бұзылуы.

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Эмоция;

  • Эмоцияның жіктелуі;

  • Жоғары және жай сезімжер;

  • Жігер.Жігер үрдістерінің сатылары;

  • Ішкі қиындықтар мен сыртқы қиындықтар.

  • Г.Селье күйзелісі туралы ілімн.

  • Күйзелістік жағдай сипаттамасын, қызметтерін.

  • Күйзеліспен күрес әдістемесін: аутогендік жаттығу, тыныс алу гимнастикасын.

  • Күзелістік жағдайлардың алдын алу мақсатында (арттерапия, музыкотерапия, би терапиясы, аромотерапия) замануи бағыттарды қолдануды.

Қосымша тапсырмалар:

Тақырыпқа сай интернет, баспа беттерінен және ақпарат құралдарынан қосымша материалдар әкелу.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет