Сабактың тақырыбы: Асқорыту мүшелері



жүктеу 35.21 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі35.21 Kb.
түріСабақ

Сабактың тақырыбы: Асқорыту мүшелері

Тістің құрылысы



Сабақтың мақсаты:

1) Білім беру: Оқушыларға асқорытудың маңызын, асқорыту

мүшелерінің құрылысы мен қызметін, тістің

құрылысы, түрлерімен таныстыру, жаңа білімді

меңгерту.
2) Дамыту: Оқушыларды әр түрлі қосымша материалдарды

пайдалана білуге дағдыландыру, сабаққа

белсенділігін, пәнге құштарлығын арттыру.
3) Тәрбие беру: Оқушыларды тістің күтімімен әсерімен таныстыру

Олардың зиянды жақтарын аша отырып

денсаулықты сақтау қажеттігін сезіне түсуге баулу

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасының стратегиялары:

«Ассоциация» «Автор орындығы» «Үш қадамды сұхбат» «Бес жолды өлең» «Мені түсін»

«Сөйлем құрастыру»

Сабақтың көрнекілігі: «Тістің құрылысы» суреттер, схемалар,

«Тіс аурулары»


Сабақтың барысы: І Уйымдастыру
А) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру

Б) Оқушыларды түгендеу

В) Оқушыларды үш топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Деңгейлік тапсырмалар



І Деңгей

1) Тыныс алу жүйесінің мүшелерін ата?

(Мұрын қуысы, кеңсірік, көмей, кеңірдек, ауа тамыр, өкпе)

2) Бір минутта адам қанша рет тыныс алады (16-18рет)

3) Тыныс алу дегеніміз не? ( организммен сыртқы орта аралыгындағы газ алмасу)

4) Тыныс алу мүшелерінің қандай аурулары бар?

(тымау ауа тамырларының, өкпенің қабынуы, тыныс демікпесі туберкулез)

5) Өкпенің тіршілік сиымдылығы қаншаға тең? (3500см/куб)

6) Адамның қан қысымы сынап бағанасы бойынша қаншаға тең (120/80ге тең)

ІІ Деңгей


  1. Адам бір рет тыныс алса 500 мл ауа жұтады. Минутына 16-18 рет тыныс алса, бір минутта қанша ауа жұтады? (18рет*500мл=9000мл)

  2. Бір оқушы бір тәулікте қанша ауа жұтады?

Жауабы: 9000*60=54000мл 1 сағатта

54000*24 сағ=12690000мл




  1. Қан 20-30 секундта денені 1 рет айналып шығады 1 сағаттта қанша рет айналады?

Жауабы: 60сек : 20сек=3 рет 1минутта

60 мин *3рет=180рет айналып шығады

4) Ересек адамның қан тамыры минутына 70 рет соғады. Ал 1 тәулікте

қанша рет соғады.

Жауабы: 70рет*60мин=4200рет

4200рет*54сағ=100800рет соғады.



ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау

Қанайналым мен тыныс алу жүйелерінің арасында тығыз байланыс бар.



ІV Жаңа сабақты түсіндіру.

Кенеулі заттардың маңызы неде?

Дененің тіршілігі және іс әрекеті үшін қандай кенеулі заттар қажет?

Осы кенеулі заттардың ыдырауы қандай мүшелер арқылы іске асады?

(Асқорыту мүшелері арқылы)

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелері

Тістің құрылысы

«Ассоциация әдісі»


Азу тіс 20 32 Ит тіс












Кариес Сүт тістері Күрек тіс
Нені білу керек?


  1. Ас адамның арқауы.

  2. Тіс тірі мүше, құрылысы

  3. Тіс гигиенасы

  4. Қорытынды


Жаңа тақырыпты бөліп оқыту
І топ «Ас адамның арқауы» «Бес жолды –өлең» «Рафт» әдіс арқылы

Талдау


ІІ топ Тіс тірі мүше, құрылысы.

«Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы талдау

ІІІ топ «Егер мен тіс дәрігері болсам»

«Автор орындығы» әдісімен талдау



V Жаңа сабақты бекіту:
«Мені түсін» терминдермен жұмыс

Сүт тістері, ақыл тіс, тұрақты тіс, тіс түрлері, тістің құрылысы, кіреуке, дентин.

Оқулықты жауып, сөйлем құрастыру.
Графикалық диктант

(-) Дұрыс жауап

(^) Дұрыс емес жауап


  1. жаңа туған балада тіс болмайды

  2. Сәби 6 айға келгенде 20сүт тіс шығады

  3. Бала 11-13 жасқа келгенде тұрақты тіс шығады

  4. Ең соңғы тіс жұбы ақыл тіс

  5. Тістің сыртқы құрылысы кіреуке, дентин, ұлпадан тұрады

  6. Адамның тістері бөлінеді бір түбірлі, екі және үш түбірлі болып.

  7. Ересек адамда 34 тіс болады


Жауабы:
VІ Сабақтың қорытындысы

«Т.с. – д.с.» сөйлем құрастыру әдісі.

«Тістің саулығы- денсаулықтың саулығы»
Тіс емдейтін дәрігер- стоматолог

Тістің құрылысые, қызметін зерттейтін ғылым- стоматология.

Тамақтанып отырғанда сөйлесіп отыруға болмайды. Ауызға түскен асты әбден асықпай шайнау керек, себебі дұрыс шайналмаған ас басқа мүшелердің қызметін бұзады.

Тістің мықтылығына Д витамині қажет болса, ал дентин клеткаларының қызметі С витаминіне байланысты. Ең алғаш рет тісті сақтаудың маңызын ХVII ғасырда голланды ғалымы Антони Левенгук дәлелдеген.


VII Үйге тапсырма: 37 оқып келу

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет