Сабақтың №6 Пәні: Цифрлық тарату жүйелері



жүктеу 61.71 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі61.71 Kb.
түріСабақ

«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК


«КЕЛІСІЛДІ»

Колледж әдіскері

__________ С.М.Кунапиянова

«_____»_______________2016ж.






«БЕКІТЕМІН»

Колледж директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары

____________ М.А.Каримов

«____»_____________2016ж.








Күні




Топ

268

Сабақтың №

6






Пәні:

Цифрлық тарату жүйелері


Сабақтың тақырыбы:


Цифрлық сигналды регенерациялау




Сабақтың мақсаттары:





Білімділік:

Цифрлық сигналды регенерациялау әдістерімен таныстыру.


Дамытушылық:

Студенттердің шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамыту.


Тәрбиелік:

Студенттерді азаматтыққа, адамгершілік қасиеті және жоғары саналылыққа баулуға тәрбиелеу.


Сабақтың типі:

Аралас сабақ.


САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Сабаққа қолданылатын әдебиеттер:

Н.А. Ағатаева «Цифрлық көпарналы тарату жүйелері». Алматы 2006.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар:

Оқулықтар.


Сабақты жүргізу кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

а) Студенттермен сәлемдесу;

ә) Студенттерді түгендеу;

б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;

в) Студенттердің назарын сабаққа аудару



  1. Өткен тақырыпты қайталау (10 мин)

1. Байланыс желі деген не?

Байланыс желі дегеніміз хабардың берілісін және таратуын қамтамасыз ететін техникалық құралдар.



2. Хабар дегеніміз не?

3. Электрбайланыс деген не?

4. Электрбайланыстың қандай түрлері болады?

  1. Жаңа тақырыпты баяндау (35мин)

Цифрлық сигнал (Цифровой сигнал; digital signal — тек екі мәнді, әдетте нөл мен бірді қабылдайтын сигнал; уақыттың кез келген сәтінде кернеу мәні бірнеше (әдетте, екі))деңгейдің біріне сәйкес келетін сигнал. Екі деңгейлі сигналды кейде екілік цифрлық сигнал немесе екілік сигнал деп те атайды. Кернеудің екі үздікті деңгейімен жұмыс істейтін екілік логикалық схемаларда деңгейлердің бірі (әдетте, жоғарғысы) логикалық «1»-ге (ақиқатқа) сәйкес келеді, ал екіншісі логикалық «0»-ге (жалғанға) сәйкес келеді


Сигнал дегенде біз құрамында белгілі бір ақпарат бар немесе оны тарататын кез-келген айнымалыны түсінеміз, және оны мысалы,орнын ауыстыруға,экранға шығаруға немесе онымен кейбір әрекеттерді орындауға болады:

  • Күнделікті қолданатын сөз,мысалы,телефон бойынша сөйлескенде,радио тыңдағанда және күнделікті өмірде;

  • Биомедициналық сигналдар,электроэнцефалограмма сияқты (ми сигналдары);

  • Компакт-дисктер жаңғыртатын дыбыстар мен әуендер;

  • Видео- және телебейне;

  • Белгіленген диапазонды зерттейтін және алыстатылған нысандарды анықтайтын радар сигналдары.

Кернеу немесе ток деңгейімен сипатталатын цифрлық сигнал (импульс – таржолақты берілісте немесе синусоида – жолақты берілісте), цифрлық символдың мәнін беруші. Сигнал сипаттамасы (импульс үшін – амплитуда, ұзақтық және орны немесе синусоида үшін – амплитуда, жиілік және фаза) оны алфавиттің соңғы бір символы ретінде белгілейді. 1 - суретте жолақты цифрлық сигналдың мысалы келтірілген. Сигнал синусоидты болғанмен, оның аналогты түрі бар, бәрібір ол цифрлық информация кодтағандықтан цифрлық деп аталады. Берілген суретте цифрлық мағына әрбір Т интервалдағы белгілі жиілік сигналына бағытталған.



  1. сурет - Жолақты цифрлық сигнал.

Деректердің беріліс жылдамдығы.Бұл R = k/T=(1/T) log2M (бит/с) формуласымен берілетін бит секундтағы бірлік (бит/с). К битке М=2к- символдық алфавиттен сигнал анықтайды, мұндағы Т – к-биттік сигналдың ұзақтығы.

Сигналдар классификациясы. Сигналды детерминделген (кез келген уақыттағы оның мағынасы анықталмаған болса) немесе кездейсоқ, кері жағдайда. Детерминделген сигналдар x(t)=5cos10t математикалық өрнегімен моделденеді. Кездейсоқ сигнал үшін осындай өрнек жазу мүмкін емес. Негізінен, кездейсоқ сигналды бақылаған кезде ( кездейсоқ процесс деп те атауға болады) жеткілікті периодтағы уақытта кейбір заңдылықтар байқалады, оларды ықтималдылықпен және орташа статистикалықпен сипаттауға болады. Осындай модель, кездейсоқ процестегі ықтималдылық сипаттама формасында, сигнал сираттамасы және байланыс жүйесіндегі шу сипаттамасына пайдалы.

Периодты және периодтық емес сигналдар.X(t) сигналы уақыт бойынша периодты, егер Т0>0 тұрақтысы бар болған жағдайда, x(t)=x(t+T0) -∞0 ең кіші мағынасы x(t) сигналының периоды деп аталады. Т0 периоды x(t) фурциясының толық бір циклдағы ұзақтығын анықтайды. (2.1) өрнегін қанағаттандыратын Т0 мағынасы болмайтын жағдайдағы сигнал периодты емес деп аталады.

Аналогты және дискретті сигналдар.x(t) аналогты сигналы үзіліссіз уақыт функциясы болып табылады, яғни, x(t) барлық t үшін анықталады. Электрлік аналогты сигнал физикалық сигнал (мысалы, мағына) кейбір құрылғы электрлік сигналға айналғанда пайда болады. Теңдік үшін, х(кТ) дискреттік сигналы дискретті уақыт аралықта сигнал болып, әрбір уақыт кТ моментінде анықталатын сандар тізбегін сипаттайды. Мұндағы к - бүтін сан, ал Т – белгіленген уақыт аралығы.

Энергия немесе қуат арқылы берілетін сигналдар. Электрлік сигналды R кедергісіне берілетін кернеу өзгерісі v(t) немесе i(t) тогының p(t) қуаты арқылы елестете аламыз:

p(t)=v2(t)/R (1)

немесе

p(t)=i2(t)R. (2)



Байланыс жүйелерінде қуат көбінесе нормаланады (Rкедергісі 1 Ом-ға тең, бірақ реалды арнада ол кез келген бола алады). Қуаттың тура мағынасын алу үшін, ол “денормаланған” нормаланған мағыналық жол арқылы алынады. Нормаланған жағдайда (1.2) және (1.3) теңдіктері бірдей түрде болады. Осыдан, сигнал кернеуден немесе токтан берілгеніне қарамастан, нормаланған форма бізге қуатты төмедегі формула арқылы білдіруге мүмкіндік береді.

Байланыс арнасы туралы түсінік Байланыс арнасы жіберу құрылғысы және қабылдағыш арасындағы байланысты қадағалайды. Физикалық арна электр сигналын өткізетін екісымды немесе ақпарат акустикалық жолмен берілетін немесе ақпарат антенна арқылы байланысатын бос кеңістіктен, ақпараттың орнын модульденген күннің сәулесі немесе суішілік мұхит арнасың ауыстыратын шыныталшықты бола алады.

2.1 сурет-Бағыттағыш жүйелерімен байланыс арналарына арналға

Кез келген арнамен жіберілген сигналдағы бір жалпы қиыншылық - аддитивті шу. Жалпы айтқанда, аддитивті шу көбінесе байланыс жүйесінде қолданылатын әртүрлі резистр және қатты денелі құрылғылар электрлік компоненттер ішінде пайда болады. Осы шуылдарды көбінесе жылулық шуылдар деп атайды. Басқа шу көздері және интерференция жүйе сыртында да пайда бола алады, мысалы, басқа арна қолданушылардың ауыспалы бөгеттері.

Жіберілетін сигналдың қуатын көбейту арқылы шуылдың әсерін азайтуға болады. Бірақ конструктивті және басқа да практикалық ойлар жіберілетін сигналдың қуат деңгейін шектейді. Басқа базалық шек – арна жиілігінің алуға болатын жолақ кеңдігі. Жолақ кеңдігінің шегі негізінен жіберу құрылғысында және қабылдағышта қолданылатын физикалық ортаның шегімен және электрлік компонентпен байланысты. Осы екі жағдай кез келген байланыс арнасы арқылы берік жіберілген деректер санының шектеуіне әкеледі. Төменде біз кейбір бөлек арналардың мінездемесін түсіндіріп өтсем.



  1. Жаңа тақырыпты бекіту (20 мин)

Аналогты және цифрлық сигналдардың айырмашылқтарын жазыңыздар

Цифрлық сигналдың схемасын салыңыздар

Периодты және периодты емес сигналдардың графигін салыңыздар?

Жолақты цифрлық сигнал графигін тұрғызыңыздар?



  1. Сабақты қорытындылау(18 мин)

Цифрлық сигнал дегеніміз не?

Периодты және периодты емес сигналдар?

Сигналдар классификациясы?

Байланыс арнасы?

  1. Белсенді студенттерді бағалау (3 мин)

Жұмыс орнын жинау.


  1. Үй тапсырмасы (1 мин)

Цифрлық сигнал реферат.

Оқытушы: Е.Т.Кеңесбай _________
Каталог: uploads -> doc -> 1182
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1182 -> Бекітемін: Сынып күн


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет