Сабақтың атауы Абай салған сырлы әндер. Мақсаты



жүктеу 34.84 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі34.84 Kb.
түріСабақ

Пәні: музыка 3- сынып

Пәннің аты

Уақыты:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Абай салған сырлы әндер.

Мақсаты

Білімділік: оқушыларға ұлы ақын, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру;
Дамытушылық: музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, музыкалық сөз қорларын байыту,әуенде суреттелген мазмұнын бейнелеу, музыканы әдебиетпен және бейнелеу өнері пәндерімен байланыстыру;
Тәрбиелік: Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту.
Көрнекілігі: үнтаспа, тапсырмалар

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді

Қызығушылықты ояту



Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық: (Музыкамен сәлемдесу,бір – біріне тілек)
II. Өткен материалды бекіту:
а/. Сұрақтарға жауап:
- Жаяу Мұса кім?
- «Ақ сиса» әнінде не туралы айтылған?
- Байжанның Мұсасы неге «Жаяу Мұса» атанды?
- Жаяу Мұсаның тағы қандай әндері бар?
- Қандай өлең шумақтарын құрастырдыңдар?
ә/. Әнге жаттығу.
б/. Өтілген әнді хормен қайталау.
в/. Әнді жеке,топпен орындау.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

III. Ой қозғау: (Слайдтан Абайдың портретін көрсету)
- Балалар, бұл кім?
- Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?
- Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
Топтастыру: Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
Абай

Ұлы ақын
философ
ағартушы
композитор
орындаушы
аудармашы

IV.Мағынаны тану: (бейнетаспа)


Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын,философ, ағартушы, композитор, аудармашы.
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай өзінің кейбір өлеңдеріне ән шығарған. Бізге Абайдың 20 шақты сыршыл, ойлы, тамаша әндері белгілі.Абай әндері өзгеше ән. Оның өзгешелігі – әуенінде,ырғағында жаңалық мол, мазмұны ашық.
Абай – ақын, композитор әрі орындаушы болды.Шығарған сазды да сырлы әндерін өзінің баяу даусымен халыққа жеткізе білді.
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.
VI.Музыка тыңдау: Абайдың әні «Көзімнің қарасы»
- «Көзімнің қарасы» әні сипаты жағынан қандай әндер қатарына жатады?
- Ән сипаты жағынан қандай әндер қатарына жатады?
- Әннің әуенінен бойыңа қандай мінезді қалыптастырар едің?
VII. Ән үйрену: Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай»
а/. Кіріспе:
Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңілін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізген. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған.Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді.
ә/. Сөзін оқу,сөздік жұмысы;
б/.Әнімен орындау
в/. Хормен;
г/. Қатармен;
ғ/. Топпен;

Сергіту сәті

Жан-жағына қарайды.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады.
Ку-ка-ри-ку, Ку-ка-ри-ку
Оятады баланы.

Ой сергітеді, шаршағандары

басылады


Ой толғаныс

XI. Қорытындылау:
-Бүгінгі сабақтан сендер не білдіңдер?
-Қандай ән тыңдадыңдар?
-Қандай ән үйрендіңдер?
-«Абай күн секілді Қазақстан аспанында елмен бірге өмір сүре береді» (Тұман Молдағалиев) – деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Үйге тапсырма

Абай салған сырлы әндер – оқу, мазмұндау. Әннің сөзін жаттау.
Жекелеме оқушыларға тапсырма: Абай Құнанбаев жайлы қосымша мәлімет жинау;

Күнделіктеріне жаздырту

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысымына, дайындығына қарай баға қою




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет