Сабақтың атауы Ы. Алтынсарин. Ата-әжеме хат Мақсаты



жүктеу 107.98 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі107.98 Kb.
түріСабақ



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы.Алтынсарин. Ата-әжеме хат

Мақсаты

1) Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру. 2) Байланыстырып сөйлеу, сын тұрғысынан ойлауын, топпен жұмыс істеу, шығармашылық танымдық қабілеттерін дамыту. 3) Оқушыларды үлкенді сыйлауға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ой қозғау, болжау әдісі, хат жазу, топпен жұмыс, рефлексия, ассоциация.
Көрнекілік: Ы.Алтынсариннің портреті, оқулық, тірек сөздер жазылған формат.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер- білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Үш топқа бөліп тапсырма беру.
1-топ. Апаның тілін алмайтын бала. Не істейді? Не болады?
2-топ. Апаның тілін алатын бала. Не істейді? Не болады?
3-топ. Ақын ойынан көкейіңе не түйдің?
3) Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.
Аяғы жоқ жүреді,
Тілі жоқ сөйлейді. /Хат/
4) Сабақтың мақсатын таныстыру.
- Енді, балалар, біз бүгін Ы.Алтынсариннің «Ата-әжеме хат» деген мәтінімен танысып, хат жазу үлгісін үйренеміз.

- Немересі.


- Онда немересі не туралы жазды деп ойлайсыңдар?
Б) Мәтінді мәнерлеп оқып беру. В) Мәтінді талдау.
- Кімнің болжауы тура келді?
- Хатты жазып отырған кім?
- Ол хат кімдерге арналған? Г) Хатты төрт бөлікке бөліп, ажыратып оқу.
- Хаттың басталуы.
- Назардың оқуы.
- Назарға айтқан атасының ақылы.
- Хаттың аяқталуы. Ғ) Сергіту минуты. Д) Мәтінді тізбектеп оқыту.
«Бүгін сабақта...»
-Қызық болды ма? - Не қиын болды?
-Мен не түсіндім? - Мен не үйрендім?
-Мен не істедім?

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

/Б.Бөрiбаев/





Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс. Әр қатарға хат жаздыру.

Үйге тапсырма

Ата әжелеріне аранп тағы да хат жазу


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

Мақсаты

Білімділік. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.


Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

1. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру.
2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
3. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Б. Момышұлы туралы әңгімелеу. Орталық театр алдындағы ескерткіш туралы айту.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сөздікпен жұмыс: ата тегі –
баппен –
араз –
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.


1. Шығарма кімнің атынан баяндалған?
2. Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінеді?
3. Әңгімені дұрыс, мәнерлеп оқу.
Ата текті білуді Бауыржанға әкесі үйретіпті. Сен де ата - аналарыңнан сұрап, ата - тегіңді біліп ал. Ата - текті білу – ел тану екеніне мән бер.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Сергіту сәті

Қазақтай қайсар елім бар
Кең байтақ мынау даламда.
Қарттарым - асыл қазынам
Өсиет айтқан ғаламға.




Ой толғаныс

Оқып, талдау.
Ұшқан ұя
- Мәтін не туралы?
- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:
Ел тану деген -......
- Сызбаны толтыр.
Жеті ата ----------------------------- Сенің жеті атаң
Ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене

Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау. «Біздің үйдің салт - дәстүрлері» тақырыбында шағын мәтін жазу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қайқауыс. Ата-ананы құрметтеу туралы

Мақсаты

а) білімдік: Қабуснамадан келтірілген үзіндіні дұрыс, түсініп оқуға үйрету.
ә) дамытушылық: сауатты, жүргізіп оқуын, тілдік қорын дамыту.
б) тәрбиелік: ата - ананы құрметтеуге, сыйлауға, көңілін таба білуге, ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: саяхат, сайыс
Сабақтың әдісі: иллюстративті – түсіндірмелі, репродуктивті
Сабақтың құралдары: интерактивті тақта, видео, диктофон, минус музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Қабуснама, оқулық, дәптер, бағалау карталары, әлем картасы,
кестелер, ата - ана суреттері, топ аттары жазылған қағаздар, ағаш
суреттері

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң аналар,
Қайырлы күн балалар.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Кабуснама – ертеде жазылған үгіт - насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі – Қайқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.
2. «Қабуснамадан» келтірілген үзіндіні тыңдайық.
(Мәтінді диктофоннан толығымен тыңдату)
Қайқаус
Ата – ананы құрметтеу туралы
Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл - ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата - ана ғой. Не үшін ата - анамды құрмет жасаймын деп ойыңа да алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.
Ей, перзентім, ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл - күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата - анаңды құрметте. Сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды.

Сергіту сәті

Ананың сүті бал
Баланың тілі бал.
2,.Ананың көңілі балады,
Баланың көңілі далада.
3. Әке –асқар тау,
Ана- бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ. Т.б




Ой толғаныс

Жұмбақ шешу:
1.Екі жағында «Н» болса,
Қасиетті тағам.
Екі жағым «А» болса,
Ең қадірлі адаммын. /нан, ана/
2. Апам үшін қам жеген,
Тозаң жұтып, шаң жеген,
Жатып үйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда бар? Шаңсорғыш
3. Даладай кімнің пейілі?
Даладай кімнің мол мейрімі? Ана
4. Отынсыз, сусыз піскен ас,
Адамның бәрі піскен ас. Ана сүті

Үйге тапсырма



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ф.Оңғарсынова. Жылу

Мақсаты

1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың ана - сына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта,
суреттер, «Ана» моделі

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

"Жылу сыйлайық"
II. Үй тапсырмасын сұрау
1 - топ. Қабуснама – деген не? Қайқаус кім?
2 - топ. «Ата - ананы құрметтеу туралы» мәтінінің бөліктерінің шегін тауып оқу.
3 - топ. Үйге берілген "Ата - ананы құрметтеу"тақырыбына жазған
шығармаларын оқу.
- Міне, өздеріңнің ата - аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата - анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны.
- Ата - ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

11. - Балалар, қазақтың ұлы адамдарының аналарын атап көрейікші.- Кәне, кім біледі?
Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі - Зере; Шоқанның анасы -
әжесі - Айғаным; Ыбырайдың анасы -.
- Н. Ә. Назарбаевтың анасы кім?
12. « Даналық сөзден дән ізде» демекші, ана туралы мақал - мәтелдер айтып жіберейік.(Оқушылар білетін мақал - мәтелдерін айтады).
13. Сабақты бекіту.
Модель қорғау: Ана – Күн
Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, сұлу, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы, сезімтал.

Сергіту сәті

- Ана менен баланың айырмасы,
Ана - ән, бала оның қайырмасы,- деген тамаша сөз бар. «Алтын ана» әнінің қайырмасымен бойымызды сергітіп алайық.






Ой толғаныс

Топтық жұмыс:
І топ. "Менің анам" тақырыбына ойтолғау.
ІІ топ. "Өлең ұйқастыру"стратегиясы
----------------------------------- сыйлаймын,
----------------------------------- тыңдаймын.
----------------------------------- аламын,
------------------------------------ баламын.

Үйге тапсырма

Жылу"өлеңін жаттау, талдау. Ана туралы шағын шығарма жазу.
3. Оқушылар білімін бағалау.


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет