Сабақтың атауы Өзбек билері Сілтеме Ән оқулығының әдістемесі



жүктеу 1.3 Mb.
бет6/11
Дата07.11.2018
өлшемі1.3 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

19 - сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Әр түрлі табиғи материалдардан композиция құрастыру




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Оқушыларға табиғи материалдарды пайдалана отырып «Алтын күз» панносын жасату. Ой-өрісін кеңейту, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: арнайы дайындалған паннолар. Қажетті материалдар мен құралдар: асқабақ тұқымы, тары, жаңғақ, ПВА желімі, сары түсті қатты қағаз, кеңсе пышағы, қарындаш, акварель бояуы, қылқалам.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту

Күзде жеміс-жидек пісіп, ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күн сәулесі де азаяды. Күз көрінісін өзімізше бейнелеп көрейік.




Мағынаны тану


1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1. Ең алдымен күз көрінісін өз қалауымызша сары түсті қатты қағазға бейнелейміз.

2. Жұмысқа қажетті табиғи материалдарды дайындап аламыз. Асқабақ тұқымын екіге жарып, дәнегінен ажыратамыз. Жаңғақты да жарып, дәнегін ұсақтап бөлеміз. Сондай-ақ тары, арпа дәндерін де панно жасауға пайдаланамыз.

3.Табиғи материалдар түсіне қарай желімделеді. Ағаш діңін ұсақталған жаңғақпен, жапырақтарын асқабақ тұқымымен, күздің түсін, яғни ағаштың жан-жағын тары, арпа дәндерімен желімдейміз.Ағаш бұтағындағы қарға мен жердегі қоян бейнесін де табиғи материалдардан орындаймыз.

4.Табиғи материалдарды желімдеп болған соң, акварель бояуын қолданып,панноға қосымша өң береміз.Осылайша «Алтын күз» панносын табиғи материалдарды қолдану арқылы жасап шығамыз.





Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Неге күзді алтынға теңейді?

Табиғи материалдарды қай мезгілде жинайды?

Ағаш діңіне, жапырағына қандай табиғи материалдарды пайдаланасың? Акварель бояуын не үшін қолдандың?





Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс



20 - сабақ



Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Себет тоқу технологиясы




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Қағаздан тоқылған себеттер




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушыларға әртүрлі материалдарды қолданып себет тоқу түрімен таныстыру. Ой белсенділігін,сауаттылығын меңгерту. Еңбекқорлыққа,білімділікке тәрбиелеу.




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту





  • Суреттен неі көріп тұрсыңдар?

  • Қандай мтаериалдан тоқылған деп ойлайсыңдар?

  • Сенің қолыңнан келе ме?




Мағынаны тану


Оқулықтағы тапсырмаларды оқу.

Сұрақтарға жауап беру.

Шығармашылық тапсырма:

1-топ


Себет не үшін керек?

2-топ


Себетті неден жасауға болады?

3-топ


Себетке ұқсайтын тағы қандай бұйымдарды білесіңдер?




Сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Ер дәулеті — еңбек.
 
Келген дәулет,
Кеткен бейнет.
 
Ер еңбегіне бір тойсын.
 
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
 
Қолы қимылдағанның
Ауызы қимылдар.
 
Еңбегіне қарай, өнбегі.
 
Жас кезімде бейнет бер
Қартайғанда дәулет бер.
 
Еңбек ерлікке жеткізер.
Ерлік елдікке жеткізер.
 
Еңбек ет те, міндет ет.
 
Көп еңбегі — көңілді.
 
Еңбегің сайлы болса,
Ішің майлы болар.
 
Еңбек ет те мақтан,
Ойнап-күл де шаттан.




Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс



21 - сабақ



Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Өздік жұмыс




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Оқушыларға өз бетінше іс-әректе жасауға ыңғай жасау. Еңбекқолыққа, зейінділікке тәрбиелеу. Сауаттылығын шыңдау.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


Мақалдың мағынасын түсіндір

Елің сені елесе,


Еңбегіңнің жанғаны,
Елің сені шенесе,
Көз қырына алғаны.
 
Мал өсірсең мол өсір,
Кеңейтеді пейіліңді.
Еңбек етсең — көл көсір
Қандырады мейіріңді.
 
Еңбек ет те, егін ек,
Жарымасаң маған кел.
Белді бу да бейнет қыл,
Байымасаң маған кел.
 
Еңбекте қорлық жоқ.
Шындықта зорлық жоқ.




Мағынаны тану


Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сұрақтарға жауап беру.








Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi?
(Тiгiншi)
Жалтылдап қалағы,
Салатын кiм қаланы?
(Кiрпiш қалаушы)
Оның тiккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемiлеп баптайды.
(Етiкшi)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
(Аспаз)
Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм?
(Өрт сөндiрушi)
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.
(Шаштараз)




Үй тапсырмасы

Жұмыстарын аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет