Сабақтың атауы Өзбек билері Сілтеме Ән оқулығының әдістемесі



жүктеу 1.3 Mb.
бет8/11
Дата07.11.2018
өлшемі1.3 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

24- сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Киізден,матадан қуыршақ жасау




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Ұлттық киім үлгісіндегі дайындау кезінде дайын қуыршақтың денесін алдым. Оған картон, қағаз, желім, арнайы түрлі-түсті мата, ленталар, әшекей оюлы тесмалар, өлшеуіш лентасы, қайшы, қалам, сызғыш, өшіргіш пайдаландым. Қуыршақтың шығу тарихы осыдан 7000 жыл бұрын дами бастаған екен. Оны ежелгі көшпенділер, ата-бабаларымыз киізден жасаған. Көшпенділер кезінде қолөнер мен сән өнері аса биік деңгейге көтерілген. Оны ғылымда мәдени тарихтың аталмыш кезеңін сақ, әуен, үйсін өнері деп атаған.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту







Мағынаны тану


Бүгінгі сізге ұсынылып отырған жоба “Ұлттық киім үлгісіндегі қуыршақтарды дайындау” технологиясымен танысып, шаблондарын картон қағаздан даярлау үлгісі.
1. Дайын қуыршақтың жоғарғы дене бөлігін басын, қолын аламыз
2. Картон қағаздан сәукеленің үлгісін дайындау
3. Картон қағаздан қуыршақтың етегін дайындау
4. Картон қағаздан сандықшаның үлгісін дайындау
5. Картон қағаздан сандықшаның түбінің үлгісін дайындау. Дайын шаблонды матамен үлгісін дайындау
6. Қамзолдың үлгісі
7. Қамзолдың жеңін лентамен желбіршектеп тігу
8. Көйлектің етегі лентамен желбіршектеп тігу.
9. Сандықшаның сыртқы беті лентамен желім арқылы қаптап желбіршектеп тігу.
10. Сәукелені желім арқылы қаптау, үкі матамен бисер моншақ дайын ленталармен шашбау әшекейлеу
11. Тоқыма жіппен өрім жасау. Дайын сәукеле үлгісі
12. Дайындалған қуыршақтың үлгісі
№ Керекті құрал-жабдықтары Бағасы Жалпы шығыны
1. Мата қамзолына 100тг
2. Мата денесіне 100тг
3. Лента 500тг
4. Үкі 250тг
5. Тесма 90тг
6. Тоқыма жіп 60тг
7. Моншақ 30 1130




Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


«Қолөнер» сөз жұмбағын шешу.
1. Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі?
2. Жеңсіз жеңіл киім?
3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі бұйым?
4. Жеті түрлі дәнді - дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас?
5. Сурет салып тоқылған киім?
6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек?
7. Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс?




Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс





25 - сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Қуыршақтың қамзолын үлгілеу және тігу




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Оқушыларға киізден қуыршақ жасауды үйрету. Ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: қуыршақтар. Қажетті материалдар мен құралдар: киіз, таспа, мулине жібі, зер жіп, ПВА желімі, ине, жіп, қайшы, қатты қағаз.






Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Киіз – малдың жүнінен тығыз етіп басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Киізден сырт киім, байпақ, қоржын мен дорба тігеді. Сондай-ақ киізден өзге де тұрмыс тіршілікке қажетті бұйымдарды дайындауға болады. Ал біз киізден қуыршақ жасап үйренейік.






Мағынаны тану


1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша қатырма қағаздан қуыршақтың кеудесі, бас киімі, жеңі және бетінің қалып үлгісін дайындап аламыз. Киіз бетіне қалып үлгілерді қойып, белгі саламыз. Жиегінен тігіске 0,7см қалдырып, қуыршақ бөліктерін қиып аламыз.

2. Қуыршақтың кеудесін жасайтын бөлікті конус тәрізді пішінге келтіріп бүктеп, теріс бетінен тігеміз.

3.Екі жеңін де конус тәрізді пішінге келтіріп тігіп, кеудесінің екі жақ шетіне жалғап, біріктіреміз.

4.Қуыршақ бетін жасауға арналған бөлікке қарындашпен көз, қас, мұрыны мен ернінің орындарын белгілеп алып, қасы мен көзін, мұрнын қара жіппен, ал ернін қызыл жіппен тігеміз.

5.Бас киіміне маңдай бөлігін жалғап тігіп, оны түрлі ұсақ моншақтармен әшекейлеп, дайындап қоямыз.

6.Қуыршақтың кеуде бөлігіне, жеңіне сәнді таспаны айналдыра жапсырамыз.

7.Ал бұрымын жасау үшін мулине жібін өреміз. Оны қуыршақтың басына бекітіп, бас киімін кигіземіз.





Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Киізден тағы қандай бұйым жасауға болады?

Қуыршақ жасауда қандай қол тігістерін қолдандың?






Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс




26-сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Тұрмыстық ыдыс-аяқтар туралы мәлімет




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Оқушыларға ыдыс-аяқ туралы түсінік бере отырып, қағаздан ыдыс-аяқ жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: суреттер, қағаздан жасалған ыдыс. Қажетті материалдар мен құралдар: 50 мл су, 2 ас қасық ұн, қағаз немесе газет, өзіңе ұнаған кез келген ыдыс, қайшы.






Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Ыдыстардың металдан, қыштан, шыны, пластмассадан жасалған түрлері бар. Металл ыдыстар шойыннан, алюминийден, жезден, т.б. жасалынады. Алюминий ыдыстар ыстыққа өте төзімді әрі онда пісірілген тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмайды. Темір ыдыстар, жезден жасалған ыдыстар, шойын ыдыстар, фарфор ыдыстар, шыны ыдыстар, пластмасса ыдыстар болады. Папье-маше – қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалған қатты нығыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағынаны білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Папье-машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады. Ал біз ыдыс жасаймыз.






Мағынаны тану


1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз.

2.50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз.

3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып, ыдысқа қажет газет қиындылары жабысып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.

4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз.

5.Осылайша 4-5 рет қабаттап, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.

6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз.

7.Дайын кесеге ою-өрнекті түсті қағаздан қиып алып желімдейміз, немесе акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып безендіреміз.





Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Металл ыдыстың қандай түрлерін білесің?

Тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмас үшін қандай ыдыстарды пайдаланған дұрыс?

Папье-машеден тағы қандай бұйымдар жасалынады?

Ыдыстарды қалай безендіруге болады?






Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс





27-сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Фольгадан әшекей бұйымдар жасау




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Білімділік Фольга материалы туралы түсінік беру қапсырма жасаудың мақсаты: үлгісімен таныстыру, оның жасалу жолын үйрету.
Дамытушылық Оқушылардың еңбекке деген қабілеттерін ұштай отырып, мақсаты: фольга материалынан әшекей бұйымдар жасауға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік Қолдан жасау еңбегіне ынталандыру, өз қолымен жасай білуге мақсаты: үйрету, еңбекке баулу арқылы эстетикалық тәлім - тәрбие беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.
Көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, қолдан жасалған қапсырма түрлері.
Құрал - жабдықтар: Қатты қағаз, қайшы, фольга, қарындаш.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


1. Фольга дегеніміз не?
2. Фольганың қандай түрлері болады?
3. Фольга материалын қайдан аламыз?
“Зергер адам - зерделі адам”
Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән - мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны - зергерлік өнер. Әр түрлі туындыларын зерттей келе, оның өте күрделі, қиын да қызығы мол екеніне көз жеткізуге болады. Қас шебердің қолынан шыққан қару - жапақ, ер - тұрман, ат әбзелдері, тұрмыста тұтынатын әртүрлі мүліктер мен сәндік әшекей бұйымдар шынайы өнер туындысы. Қазақ зергерлері әсіресе, әйелдердің әшекей сәнді бұйымдарын асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген.
Ассоциация әдісі.
сақина білезік ілгек жүзік
Әшекейлі бұйымдар түрлері
сырға қапсырма алқа шолпы




Мағынаны тану


Темір ұсталарына қарағанда зергерлердің тұтынатын құрал - сайманы да атқаратын қызметі де әдіс - тәсілдері де көбірек болған. Темір ұстасы сияқты зергерлер де дүкенде жұмыс істейді. Олардың саймандарының көлемі темір ұстаныкіне қарағанда әлдеқайда шағын әрі жеңіл, ықшамды болған.
Зергерлер құрал - саймандары түрлері.
Зергерлік бұйымдардың ішінде, қыз - келіншектерге арналған білезік, сырға, сақина, шашбау, шолпы, қапсырмалардың орны бөлек. Кез - келген зергерлік бұйымның бетіне әр түрлі тастар орнатылып, ою - өрнектер салса, оның әсемдігі арта түседі. Зергерлік бұйымдарды әсемдеу үшін қолданылатын тастардың түрлері де көп. Олар: гауһар, маржан, інжу, меруерт.




Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Өзіндік жұмыс:
Бүгінгі сабақта қатырма қағаз бен фольгадан қапсырма жасаймыз. Қапсырма қыз - келіншектер киімінің екі өңірін қаусырып, іліп тұратын ілгек. Оған әр алуан әшекей тастар салынады.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Жұмыстың орындалу реті:
2 - суретте көрсетілген қапсырманың қалып үлгісін жасап, қатырма қағазға түсіреміз де қиып аламыз.
Қалып үлгіні фольганың бетіне қойып, жан - жағын сызамыз. Бүктеу үшін 1см - дей артықтау алып, оны қиып аламыз.
Қатырма қағаздан жасалған қапсырманы фольгамен қаптап, жиектерін тегістеп бүктейміз.
Қапсырманың бетіне қарындашпен әр түрлі өрнектерді ойып саламыз.

Жаңа сабақты бекіту:


1. Әшекей бұйымдарды ата?
2. Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?
3. Қапсырманы кімдер тағады, не үшін тағады?




Үй тапсырмасы

Мағынаны тану

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет