Сабақтың аты § 7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты



жүктеу 36.79 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі36.79 Kb.
түріСабақ

Күні:


Сыныбы:

Пәні:физика



Сабақтың аты

§ 7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұмат беру

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

  • Өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұмат алады

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін күнделікті өмірде қолдануға үйренеді

  • Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады.

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.

  • Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.

  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.

  • Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.




Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (бақылау, эксперимент, теория сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?

  2. Астрономия нені зерттейді?

  3. Астрономияның ұандай салалары бар?

  4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?

  5. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Табиғатты зерттеудің мәні неде?

  2. Табиғатты зерттеуге қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?

  3. Гипотеза дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы




Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа атсалысуы













Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.



Ү. Жұптық жұмыс (5 минут)

Берілген сөздерден шағын эссе жазу

Найзағай

Судың кебуі

Күннің шығуы

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру



V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Болжам------

  2. Бақылау----------------------

  3. Эксперимент..........................

  4. Теориялық зерттеу......................................................

  5. Телескоп ...................

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.



ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.

Кейінгі оқу

§7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет