Синоптиктер Қазақстан бойынша 23-25 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында аяз, боран, көктайғақ пен тұман күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан

Мамандар еліміздің батыс бөлігінде аязды ауа райы сақталатынын алға тартты. Алдағы үш күнде республиканың батысында батыс антициклоны әсер етеді. Салдарынан жауын-шашынсыз аязды ауа-райы күтіледі.

Ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Салдарынан жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Көктайғақ, тұман мен желдің күшеюінен боран күтіледі.

  • Павлодар облысында Скриптонит туған ауылдың атауы өзгертілді

  • "Қызыл деңгейден асып кетті": Ғалымдар Каспийдегі итбалықтардың популяциясы апатты жағдайда екенін айтып, дабыл қақты

Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 градусқа дейін аяз, солтүстік-батыста 20-30 градусқа дейін аяз, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 градусқа дейін аяз, оңтүстікте 5 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 0-10 градусқа дейін аяз күтіледі.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.