Сабақтың аты Есептер шығару



жүктеу 27.47 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі27.47 Kb.
түріСабақ

Сабақтың аты

Есептер шығару

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Жарық құбылыстары жайлы мағлұмат беру

  • Жарық құбылыстары жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Жарық құбылыстары жайлы мағлұмат алады

  • Жарық құбылыстары жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Жарық көзін шайба дөңгелегінің бойымен орын ауыстыру жолымен сыну бұрышын арттыруға болады. Сонда түсу бұрышына қарағанда сыну бұрышы тез артады, шағылған шоқтың жарықтығы артады, ал сынған шоқтың жарықтығы кемиді. Түсу бұрышын сыну бұрышы 900-қа тең болатындай етіп аламыз. Мұнда сынған шоқтың жарықтығы жойылады, ал шағылған шоқтың жарықтығы түскен шоқтың жарықтығына тең болады. Түсу бұршының одан әрі артуы –екі ортаны бөлетін шекарада сынудың болмауына алып келеді. Бұл құбылысты толық ішкі шағылу деп, ал толық шағылу болатын бұрышты сындық немесе αш шектік бұрыш деп атайды.

.

Дисперсия құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).


Негізгі жеті түсті шоқтар жай, монохроматты шоқтар деп аталады.
Күн жарығының құрама бөліктерге жіктелу құбылысы дисперсия деп аталады. Кемпірқосақ –жарықтың жаңбыр тамшыларында призмадағыдай жіктелуі нәтижесінде пайда болған күрделі күн жарығының үздіксіз спектрі.

Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.




Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Ақ жарық жайында не білесіңдер?

  2. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі жайында не білесің?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Жарық құбылыстарының формулаларына шолу жасау?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды шығарады.


  1. Күн сәулесі айна бетіне 300 бұрышпен түседі. Шағылу бұрышы неге тең?

  2. Массасы 100 кг ағаш көмірі толық жанғанда 340 МДж-ге тең жылу мөлшері бөлінеді. Осы отынның меншікті жану жылуы неге тең?

  3. Тізбек бөлігінде 3Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Осы бөліктегі кернеуді анықтаңыз?

  4. Жарық сәулесі тегіс айналық бетіне түсіп одан шағылады. Түсу бұрышы 300 болса, шағылу бұрышы қаншаға тең?

  5. Көлденең қимасы 2мм2 өткізгіштегі тоқтың тығыздығы 50 А/см2 3 мин ішінде осы қимадан қанша электрон өтеді?

  6. Өткізгіштің көлденең қимасынан 1 минутта 30 мКл электр мөлшері өткен болса, ондағы тоқ күші неге тең?

Жасаған жұмыстарын екі жұлдыз, бір ұсыныспен бағалау.



ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

№755

Кейінгі оқу

қайталау



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет