Сабақтың барысы : І ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Гүл өсірсең терлеп, Мұнын аты еңбек



жүктеу 50.69 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі50.69 Kb.
түріСабақ


Қағазбен жұмыс

Еспенбетова Жанар Кулсейтовна

№129 Ә. Жәмішев атындағы орта мектебі

коммуналдық мекемесінің технология пәнінің мұғалімі

Сырдария ауданы , Шіркейлі ауылы

Мақсаты:


  1. Оқушыларға қағаздың шығу тарихы жайлы және қағаз түрлері туралы мағлұмат беру, қағазды бүктеп , қию жолымен гүл бейнесін жапсыруды үйрету;

2 .Симмиетриялық бейнелерді қию іскерлігін дамыту;

  1. Қайшымен жұмыс істеу іскерлігіне баулу;

Көрнекілігі : қағаз, суреттер, үлгі түймедақ гүлі, сөзжұмбақ, ребус, мақал-мәтелдер.

Құрал жабдықтар: интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұнын аты еңбек

Кесте тіксең зерлеп,

Мұнын аты еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қаа женбек.

-Ия , адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын қызмет-еңбек. Еңбектенген адамнан өнер туады. «Өнер көзі -халықта»-дейді дана халқымыз.

ІІ . Өткен сабақты еске түсіру 1.Құс шаруашылығы не үшін қажет ?

Үй құстарын , жануарларын күтуге ата-аналарыңа үнемі көмектесесіңдер ме?

Қоянды не үшін бағады? Қоян немен қоректенеді?

Үй жануаруарлары құстары туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау

Сабақ бастамас бұрын «Кім тапқыр» ойынын жүргізіп , сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын шығарып аламыз.






Қ

А

Й

Ш

Ы







Т

А

Б

И

Ғ

А

Т

А

Ғ

А

Ш







В

А

Т

М

А

Н

С

Ы

З


Ғ

Ы

Ш






  1. Екі басы дөңгелек

Қиғанға үйір,

екі ұшы сүйір.



  1. Бізді қоршаған орта

  2. Жазғы киімі жасыл,

Қысқы киімі ақшыл

  1. Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындық оның өлшемі.

  • Балалар , біз бүгін қағазбен жұмыс істейміз

Адамзат ақпаратты жазу мен сақтауға арналған материалды іздеумен тарихи ұзақ жолдан өтті. Әр заманда тас, балшық, ағаш, қайын қабығы, балауыз, пергаментті қолданып келді.

Қағазды ойлап тапқан адам біздің дәуіріміздің ІІ Ғ. Император Хонның сарайында кеңесші болған Цай Лунь . Ол қағазды тас келіні, ағаш келсапты және електі пайдаланып , талшықты өсімдіктерден жасап шығаруды ұсынды . Қағаздың бірнеше түрі бар. Картон , жұқа, тұсты, қатты қағаздар.

-Балалар , тақтада жасырын бейне сурет бар. Бетінде тапсырмалар жазылған. Осы тапсырмаларды орындасақ, сурет ашылады.

1-тапсырма: Еңбек туралы мақал-мәтел айт.

2-тапсырма: Жұмбақ шешу

Жұмыста оны көремін , қиып, қырқып жүреді.



3-тапсырма: Жалғастыр:

Ағаш көркі -...

Адам көркі-...

4 тапсырма: Ребусты шешу.

Түймедақ

Бір жылдық шөптесін өсімдік. Алтай, Жетісу, Іледе ашық жерлерде өседі. Биіктігі 10-35 м. Сабағы бұтақты, жапырақтары қауырсын тәрізді тілімделген үш қайтара кезектесіп орналасқан.

Гүлі ақ, гүлтозаңы сары түсті . Мамыр , маусымда гүлдеп, шілде, қыркүйекте піседі.



  • Біз бүгін сендермен қағаздан симметриялық пішіндерді жапсырмалаймыз. Түймедақ гүлін және « Түймедақтар әлемін» жасаймыз. Симметриялық заттар көп. Симметрия табиғат сыйы.

  • Қағазды екі бүктеп , бүктелген қағаз бетіне сопақша сызық жүргізу керек.

  • Сызық бойымен жартылай сопақшаларды қиып алады.



  • Сары түсті қағазды дөңгелетіп қиып алу керек.

  • Жасыл түсті қағаздан ұзынша кесінді қиып алып сабағын жасау.

  • Жасыл түсті қағазды екі бүктеп , үшкірлеп сызып алып, сызық бойымен қиып алады.

  • Барлық бөліктерді қағаз бетіне, алдымен сабақтарын, жапырақтарын, соңынан гүлдің өзін әсемдеп орналастырып «Түймедақтар әлемін »жасау.

ІҮ. Қауіпсіздік ережесі

  1. Қағазды қиған кезде қайшыны емес, қағаз парағын жылжыт. Сол қолыңның саусақтарына абай бол.

  2. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.

  3. Қайшыны біреуге бергенде , жабық күйінде бер. Қайшының сап жағын оны беретін адамға қаратып ұста.

  4. Жұмыс біткен соң қайшыны арнаулы қорапшаға салып қой.

Ү. Өз бетінше жұмыс.

Үлгіні көшіріп қию. Жеке көмек.

Қиылған бейнелерді орналастыру.

ҮІ. Сергіту сәті

Гүлдер тау басында тұр,

Жел соқты , гүлдер ырғалды.

Жаңбыр жауды, жаңбыр саябырсыды.

Күн шықты.

Көбелектер гүлдің әуелі оң жағынан, содан кейін сол жағынан ұшып келіп қарайды.

Оңға , солға қарап, қолдарын бүгілген тізелеріне қойып,бас иеді.

ҮІІ. Мақал-мәтелді жалғастыру.

-Жеті рет өлшеп ... -Білім таппай...

-Еңбек етсең ерінбей ... - Көз қорқақ...

-Кәнекей , жұмыстарымызды көрмеге қояйық. Қолдарындағы түймедақ гүлін бір-біріңе сыйлап , жылы сөздер, жақсы тілек айтыңдар.



Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет