Сабақтың барысы : Ұйымдастыру Қане, балалар, бәріміз сабаққа отырайық. Бүгін бізде әліппе сабағы. Психологиялық дайындық



жүктеу 33.8 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі33.8 Kb.
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі. Болашақ чемпиондар

Мақсаттары:

1.Оқушыларға жаңа дыбысты таныту, таңбалап жазуды меңгерту.

2.Байқампаздығын, ойлауын, сөйлеуін, практикалық іс-әрекетін дамыту.

3.Отанын сүюге тәрбиелеу.



Көрнекілік: Әліппе,суреттер, чемпиондардың суреттері, медальдар.

Оқыту әдісі: баяндау,ізденушілік, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

-Қане, балалар, бәріміз сабаққа отырайық.Бүгін бізде әліппе сабағы.

Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Өткен дыбыстарды қайталау.

-Э дыбысы қандай дыбыс?

-Дауысты

-«Элеваторға саяхат» тақырыбын оқушылардың оқып беруі.

Сұрақ –жауап.

-Сонымен, бүгінгі күнге дейін қанша дыбыс, қанша әріп танып білдік?

-39 дыбыс, 39 әріп.

-Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)

-Әріп деген не? (Көзімізбен көреміз, таңбалап жазамыз)

3. Ой қозғау

Ю Х З 1 3 Ф

а) Әріптер Оқушылар жауабы)

-Жұмбақтар.(Осы уақытқа дейінгі үйренген жұмбақтарды, әріптерді еске түсіреді)

- Ұстап әкеп шеңберді

Байлап қойдым бағанға (Ю әрпі)

-Есепке де кіремін,

Әріп те боп жүремін.

(3 цифры мен З әрпі)

-Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп. (Ф әрпі)

------- киім саламыз.

------- жол жүргенде ұстаймыз.

------- ол бізге қажет.

Чемодан (суретін көрсету)

Бүгінгі танысатын дыбысымыз қандай дыбыс, сөз ішінен бөліп айтыңыздар? ( ч – дыбысы) Оқушыларға бірнеше рет дыбыстату.

Ч –дауыссыз дыбыс.

Ч –шұғыл айтылады.

Ч – кедергімен, қысқа айтылады

Мұғалім:

Бүгінгі сабақта тағы бір сөзбен танысамыз. Ол үшін мына суреттерді қарайық. Бұл суреттерден кімдерді танисыңдар?

(Чемпиондар туралы түсіндіру)

Нұргүл апайларың қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан облыс чемпионы. Сендер 2-3 сынып оқығанда үйретеді.

Ал мынау менің сендердің алдарыңдағы оқытқан оқушыларым Аслан, Ғасыржан спорт мектебіне күрестен қатысады. Бұларда біраз жарыстарға қатысты чемпион болды. Түрлі медалдарға ие болды.

Мағынаны ашу.

жеңімпаз ЧЕМПИОН ---- бірінші орын алған

адам


спортпен айналысады бәрін жеңген адам
Оқулықтан «Болашақ чемпиондар» өлеңін оқу.(Мұғалім оқып, түсіндіреді) « Дүкенде» сурет бойынша сөйлемдер құрату.

Сергіту сәті.

«Қол күрес» ойыны.

Дәптермен жұмыс.

-Ч ч дыбысының таңбасын әуелі ауада, содан кейін дәптерге орындау.

-Чек, чемпион, чемодан сөздерін оқыту.

«Чемпион» сөзін қатыстырып сөйлем құрату.

-Берілген сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтап, тор көзден көрсету.

Ащы цирк чемодан



Сабақты бекіту.

-Біз бүгінгі сабақта қазіргі чемпиондармен таныстық.

-Болашақ чемпиондар кімдер?

-Біздер(оқушылардың жауабы)

Бүгінгі сабаққа барлықтарың да жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.

Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.



Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі


Тақырыбы: «Ч чдыбысы мен әрпі». «Болашақ чемпиондар»
Өткізген: Баймұханова Валентина Ершегекызы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет