Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру және жаңа тақырыпты таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру



жүктеу 21.17 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі21.17 Kb.
түріСабақ

Математика 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы сандар. Рационал сандар.


Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Қарама-қарсы сандар және рационал сандарға түсініктеме беру және дәлеледеуді білу. Формулаларды дұрыс қолданып есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының жеке қасиетін дамыту, білім дағдысын, ойлау белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау, өзара қарым-қатынасты нығайту, реттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру және жаңа тақырыпты таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа білімді меңгеру кезеңі: Координаталық түзу сандар,онда 4 және -4; -2,5 және сандарын кескіндейік.

-4 -2,5 0 1 2,5 4
Координаталық түзуде 4 саны мен -4 санын; -2,5 саны мен 2,5 санын кескіндейтін нүктелер санақ басынан (0 нүктесінен) бірдей қашықтықта және қарама-қарсы бағытта орналасқан.
Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.
Қарама-қарсы сандар координаталық түзуде санақ басынан бірдей қашықтықта, бірақ қарама-қарсы бағытта кескінделеді.
4 саны мен -4 саны – бір-біріне қарама-қарсы сандар, 2,5 саны мен 2,5 саны – бір-біріне қарама-қарсы сандар.
Қандайда да бір санға бір ғана қарама-қарсы сан бар.
Қарама-қарсы сандардың бірінің таңбасы «+» болса, екіншісінің таңбасы «-» болады. Сондықтан «+» таңбасы мен «-» таңбасы қарама-қарсы таңбалар деп аталады. Ал «+» таңбасы мен «-» таңбасы; «-» таңбасы мен «-» таңбасы бірдей таңбалар деп аталады. Демек қарама-қарсы сандардың таңбалары қарама-қарсы таңбалар болады.
Әріппен белгілесек, -а саны а санына қарама-қарсы сан.
1. Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады.
Мысалы, а=15,7 болса, онда оған қарама-қарсы сан -а=-15,7.
2. Теріс санға қарама-қарсы сан оң сан болады.
Мысалы, -а=15,7 болса, онда оған қарама-қарсы сан –(-а) =-(-15,7) =15,7. Демек, -(-а) =-а. 
3. 0саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан.
Натурал сандар жиыны: 1, 2, 3, 4, 5, 6, ..., оған қарама-қарсы сандар жиыны: -1, -2, -3, -4, -5, -6, ...
Натурал сандар жиыны және оған қарама-қарсы сандар жиыны мен 0саны бүтін сандар жиынын құрайды.
Бүтін сандар жиыны Z әрпімен белгіленеді. Бүтін сандар: ...,-6, -5, -4, -3, -2, -1, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, ...
Демек, N натурал сан жиыны, Z бүтін сандар жиынының ішкі жиыны: N Z. Бүтін сандар жиыны шектеусіз жиын.
Бүтін сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиыны рационал сандар жиынын құрайды. Рационал сандар жиыны Q әрпімен белгіленеді. Рационал термині латын тіліндегі «ratio»деген сөзден шыққан. Қазақшаға аударғанда «қатынас», «бөлінді» дегенді білдіреді. 
Натурал сандар жиыны (N) бүтін сандар жиынының (Z) ішкі жиыны, ал бүтін сандар жиыны рационал сандар жиының (Q) ішкі жиыны екені Эйлер-Венн дөңгелектері
арқылы көрсетілген, N Z Q. 
Жақшамен берілген рационал санды жақшасыз жазғанда таңбалар ережесі пайдаланылады.
Таңбалар ережесі.
Жақшаның алдында «плюс» (+) таңбасы бір санды жақшасыз жазғанда санның өз таңбасы сақталады.
Мысалы, +(+6)=+6; +(-7)=-7.
Жақшаның алдында «минус» (-) таңбасы бір санды жақшасыз жазғандасанның таңбасы қарама-қарсы таңбаға өзгереді.
Мысалы, -(+4)=-4; -(-9)=+9.
Таңбалар ережесінің кестемен берілуі:
+(+)=+ +(-)=-
-(+)=- -(-)=+
Кез келген рационал санды қатынасы түрінді жазуға болады. Мұндағы т – бүтін сан, п – натурал сан.
Мысалы, ; ; ; .
Есептеулерде рационал сан ретінде оның қысқартылмайтын бөлшекпен берілген түрі алынады.

2. Ауызша есептер шығару арқылы жасырылған сөйлемді тауып, мағынасын ашу:


№289 – №294
Үй жұмысы: №294, №292, №297

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет