Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу



жүктеу 101.05 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі101.05 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын, ағайын!

Сабақтың мақсаты: Туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін ояту, оның байлықтарын қорғап, аялауға баулу. Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын артыру. Рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету ,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көрікті жерлерінің фото суреттері, ұшақ, автобус макеттері, бәйтерек макеті, Қазақстан картасы, ұшақ және поездың баспаға жазылып алынған даусы.
Сабақтың барысы:

Әнұран ойналады. Балалар орындарынан тұрып айтады.

Шаттық шеңбер:

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер

Отан – ана, Отан үлкен,

Қазақстан - туған ел!

- Тәрбиеші, балалар, біздің Отанымыз - қалай аталады? Қазақстан Республикасы. Қ.Р. – ірі мемлекеттердің бірі. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Қазақстан Республикасының астанасы - қай қала?


  • Астана.

  • Елбасымыз кім?(Балалардың жауабы)

  • Олай болса, Астанаға барғыларың келе ме?

  • Ия.

  • Онда, Астана қаласына ұшақпен ұшып, саяхатқа барамыз.

Стюардесса болып киінген қыз:

Қымбатты жолаушылар! Сіздер бүгін Көкшетау әуежайынан, «Көкшетау – Астана» ұшағымен жол жүргелі отырсыздар. Белбеулеріңізді байлап, дайындалыңыздар және ыңғайлы жайғасыңыздар.

Ұшақ жерден аспанға көтеріліп келеді.

Сәт-сапар тілеймін,құрметті жолаушылар!



  • Балалар, ұшақтың терезесінен қараңдаршы, жерлер, үйлер, таулар, өзен-көлдер көрінеді.(Картадан Қазақстанның аумағын, тауларды, өзен-көлдерді көрсетіп кетемін).

  • Ал енді орынымызға отырайық.

«Көкшетау-Астана» ұшағы Астанаға да келіп жетті.

Стюардесса:

Құрметті жолаушылар! Астана қаласына хош келдіңіздер!

Сіздерді ұшақтан түске соң, автобусқа отыруларыңызды өтінемін.


Тәрбиеші: Балалар, ұшақтан түсіп, автобусқа жайғасайық.

Астана арман қала,

От болып жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да!

Мынау - қаламыздың сол жақ жағалауы.

Оң жағымызға қарайық:

Мынау – Ақ Орда кешені. Онда президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың жұмыс орны.



  • Енді, сол жағымыза қарайық:

Ал,мынау –«Астана – Бәйтерек».

Бәйтеректің биіктігі - 97 м, салмағы – 1000 т. Шардың диаметрі 22 м, салмағы 300 тонна.



  • Ал мына ғимаратты білесіңдер ме? «Нұр Астана» мешіті.

Мына ғимаратты ше?

«Думан» ойын сауық кешені.

Балалар: Мұнда акулалар бар ма?

Әрине, тек акула ғана емес, онда көптеген балықтың түрлері, диназаврлардың әртүрлі макеттері бар.



  • Балалар, жайғасып отырыңдар, жол ұзақ.

Биыл, Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды.

25 жылдың ішінде көптеген өзгерістер болды. Осы 2 жылда қандай жетістіктерге ие болғанымызды, мына 3 минуттық слайдтан тамашалайық.

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз демократиялық және құқылы мемлекеттік ел» болып жарияланды.

1992 ж. қаңтар айында тұңғыш ата заңымыз және мемлекеттік рәміздер қабылданды.

1993 ж. Қазақстан Республикасының «Ұлттық валютасы» енгізілді. Яғни теңге пайда болды.

1994 ж. Президентің «жерді бөлу» жарлығы қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда жаңа «Конституция» қабылданды.

1996ж. Алматы қаласында «Тәуелсіздік монументі» бой көтерді.

1997ж. «Қазақстан тілдері туралы» заң қабылданып, «Қазақ тілі мемлекеттік тіл» болып жарияланды.

1998 жылы 6 мамырда, Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - «Астана» қаласы деп аталды.

1999ж. Қ.Р. президенті кандидатына қайта дауыс беру өткізіліп. Н.Ә. Назарбаев 79 пайызбен қайта сайланды.

2000ж. Евразиялық экономикалы. Саммит құрылтайы ашылды.

2001ж. Елімізге Рим папасы Иоанн Павел 2 келіп, батасын берді.

2002ж. «Қазақстанның нарықтық экономикалық мемлекет» дәрежесі берілді.

2003ж. Назарбаев бастамасымен Астанада әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшысы ның 1 съезі өтті.

2004ж. Қазақстанға арнайы Ресей президенті келіп, қолдады.

2005ж. Қазақстан және Ресей президенттерінің екі елдің шекарасы жөніндегі заңға қол қойды.

2006ж. Алматыда 2 саммит өтті.

2007.ж. Ш.Уалиханов қайығы бірінші Қазақстанның теңіз экспедициясы жолға шықты.

2008ж. Назарбаевтың басшылығымен «Болашақ» бағдарламасыфорумы өтті.

2009ж. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының преседателі Назарбаевпен 10 жылдық мерейтойға арналған кең ауқымды отырыс өтті.

2010ж. Евразиялық Ынтымақтастығының Құрылтайы Ұйымының саммиті өтті.

2011ж. ақпанда Алматы қаласында «Қысқы азиялық ойындар» өтті.

Міне, 20 жылдық тарих осындай.Айта берсек, көптеген жетістіктер бар.

Ал,балалар шаршаған боларсыздар, сәл тынығып, сергіп алсақ қайтеді.

Сергіту сәті: Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды,

Барлық істі атқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Ал енді, Қазақстанымыз,Отанымыз туралы өлең шумақтарын айтайық.

Аружан: Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!



Отан

Альмира: Қырқасын гүл көмкерген,

Отанымның от демі,

Менің байтақ өлкемнен

Көркем өлке жоқ, тегі!

Алина: Көкке шалқып мұнайы,

Қол созады ол ғарышқа.

Ұл-қыздары ұдайы

Көз тігеді ол алысқа.

Зарина: Атады әрбір таң күліп,

Шашып алтын шапағын.

Жер бетінде мәңгілік

Жасайды ұлы Отаным!

«Менің Отаным!» – әні орындалады.

Балалар, біз Отанымыздың жалауы, елтаңбасы туралы білеміз бе?



  • Жоқ.

Мынау, біздің жалауымыз.

Түсі қандай?

Көгілдір.

Ортасында не бейнеленген? Күннің көзі және қыран құстың суреті бейнеленген.



  • Дұрыс айтасыңдар.

Күннің бейнесі - әрқашанда көк аспанымыздың ашық болып, бізге жылуын төгіп, нұрын шашып тұрсын, - деп, ал, қыран құс - аспанымызда биік қалықтап, заманымыздың тыныштытығын, Қазақстанымыздың жоғарыға, биікке асқақтауын бейнелейді.

Елтаңбамыз туралы айтсақ, ортасында ғы шаңырақтың бейнесі - еліміздің шаңырағы, әр үйдің шаңырағы шайқалмай, тату-тәтті өмір сүріп, әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді,қос қанатты тұлпардың бейнесі – өркениет елдің биік арманын, қайраттың нышанын, жұлдыз – мемлекетіміздің жұлдызы биік, жарық болсын деп, биікте орналасқан.

Осының бәрі бізге атадан қалған мұра.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ, ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, қасық қаны қалғанша жаумен күресіп,ұлан байтақ жерді мұра ғып қалдырды. Жерімізді елімізге аманат етті. Сондықтан ананың тілін, атаның жолын және салт-дәстүрімізді сақтау біздің басты міндетіміз.Бір-бірімізбен қазақша сөйлесіп, қазақ тіліне құрметпен қарау әрбір Қазақстандықтың міндеті.

Ал енді, Жалауымыз туралы өлең шумақтарын тыңдайық.

Мөлдір: Жалау.

Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықта

Қанат қағып барады.

Назира: Көк аспанда нұрлы Күн

Қанат қағып барады.

Алина: Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

Балалар тек қана тақпақтар ғана емес, Отан туралы өлең де біледі.

Хормен « Отан» туралы ән орындалады.


  • Ал, балалар, мен сендерге Қазақстан қалаларын атауымен өлең оқып беремін, сендер естеріңде сақтап қалыңдар.Өйткені, ойын ойнағанда қажет болады.

Авторы: Ескен Өтетілеу



Қазақстан картасы.

Алматы – жері жайсаң облыс,

Ақтөбе - өлке , ақ тарысы мол ырыс,

Атырау – мол, Қазақстан м ұнайы

Жамбыл - жайлау қазыналы шұрайлы,

Жезқазған - кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетау – көп – көгілдір көк аймағы,

Қарағанды – қара алтынның қоймасы,

Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы,

Қызылорда – қүрішті сыр сағасы,

Орал – көне Ақжайықтың жағасы.

Өскемен – өр шығыста Алтай асыл

Павлодар – Қара Ертістің саясы,

Қызылжар - солтүстігім орманды,

Семей – аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды,

Талдықорған – жер жәннаты, көп бағы,

Астана – Арқада ыстық алқабы

Шымкент – ыстық, оңтүстігім мақталы.
Тәрбиеші: Көңіл қойып тыңдағандарыңа көп рахмет балалар, енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Ойын:

Шарты мынадай:

Мына допты мен кімге лақтырам, сол маған Қазақстан қалаларының біреуінің атын айтып, қайтып лақтырады, Ойын жылдам ойналуы тиіс.



Мақсаты: Есте сақтау қабілетін арттыру және жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Өте жақсы қатыстыңдар, рахмет.

Енді, балалар, Елтаңба өлең шумақтарын тыңдайық.

Елтаңба

Бейбіт: Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбас елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Алуа: Бабам тұлпар жаратты,

Құлыннында танып-ақ,

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Сәтті: Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.

Балалар, шаршаған боларсыңдар, олай болса мың бұралған биші қыздарымыз

Қазақтың ұлттық биін билеп бергісі келіп тұр екен.

Қазақтың ұлттық биі «Қамажай».

Келесі, балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіре отырып, Отан туралы ән айтып береміз дейді.



Орындайтындар: Зарина, Назира, Альмира

Қазақша сөйлеу білеміз бе? Қазақша сөйлеу, біздің ең бірінші міндетіміз. Қазақ тілін білген адам ғана, осы айтып отырғанның бәрін, ой елегінен өткізіп,түсіне қарап, құрметпен, патриоттық сезіммен қарайды екен.

Осыған орай мынадай мақал айтып кеткім келіп отыр.

Мақал- мәтел:

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.(Балаларға хормен қайталату). Тіл туралы тыңдайық.

Мемлекеттік тіл

Әдия: Әркім тілін сүйеді,

Қадірлейміз мұны біз,

Қазақ тілі киелі –

Мемлекеттік тіліміз

Қазына бар бұл тілде

Анам айтқан жыр-әнін.

Жоғауы мүмкін бе?

Өлмейтұғын мұраның?!

Даяна: Өшпейді еш уақытта

Ата-баба аңсары:

Қазақ тілі бақытқа

Жеткізеді баршаны!



  • Балалар, өз қаламызға қайтсақ қалай қарайсыңдар?

  • Ия.

  • Олай болс,а біздің қаламыз қалай аталатын еді?

  • Көкшетау қаласы.

Балалар, қайтарда ұшаққа билет болмағандықтан, поезбен баруға тура келіп тұр.

Проводник киімін киген қыз шығып:

Құрметті жолаушылар! Темір жол вокзалына хош келдіңіздер! « Астана – Көкшетау»бағытындағы поезд бірінші жолға келіп тоқтайды. Сақ болыңыздар! Поезд 1 минуттан кейін жүреді. Жолдарыңыз болсын, құрметті жолаушылар! (Балалар, автобустан түсіп, поезд болып бір айналып шығады).

Орындықтарына отырады.

Балалар, астанамыз – Астана қаласы ұнады ма?


  • Ия.

Олай болса, өзіміздің қаламыз Көкшетау қаласы да әдемі, ұқыпты,табиғаты көркем шағын қала екен.

Хансұлу қызымыз, Көкшетау қаласын ерекше жақсы көретінін білдіріп,



«Сүйікті қалам» - деген өлеңін оқып берсем, - дейді. Мұқият тыңдайық.

Көшелері құлпырған сала-сала,

Алаңдары кең құшақ сайран дала.

Көргендері арлы арудан аунымайтын,

Ақ көңілді, кеі пейіл қайран қала!

Өлеңің өте керемет екен, рахмет саған Хансұлу.

Балалар, біз бүгін Астана жайында айттық. Астана туралы кім не түсінгенін біліп, қортынды жасайық.

Тезірек екі топқа бөлініп, 1 топ: мына плакаттағы суреттерді бояйды,

2 топ, келесі плакатқа мына суреттерді жапсырады.Өте жақсы.Қай топ бірінші болып бітіреді, сол балалар жетік түсіеген екен.Орнымызға отырайық.

Балалар, біз бүгін не жайында әңгіме айттық?

Қазақстанның Республикасының рәміздері туралы айтып беріңдерші.

Қазақстан рәміздері: Әнұран, жалауымыз, елтаңба екен.

Осымен тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сабағымыз аяқталды.Сендердің осылай тыңдап, сабаққа жақсы қатысқандарың да өлең, тақпақ айтқандарың, жарысып, білімдеріңді көрсеткендеріңнің өзі «Тәуелсіздікке қосқан кішкентай үлестеріңнің бірі» деп санаймын. Көп, рахмет . Қазақстан Республикасының болашағы сендерсіңдер, сондықтан жақсы азамат болып өсу өзіміздің қолымызда, осылай әрдайым сабаққа белсенді қатысып, тәртіпті, әдепті, мейірімді бала болуға тырысу қажет.

Қазақстанның тұғыры биік болсын, ағайын! Олай болса, осы айтқан ойларды түйіндей отырып, «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық демекші, мынадай шағын «Қазақстан туралы» , биікке самғаған қыранымызды, тұлпарымыздың шабысын,керегеміздің кеңдігін, шаңырағымыздың биігін,Астанамыздың жайқалып тұрғанын, яғни балалар сендердің өмірлерің қандай бақытты өмірде өмір сүріп жатқандарыңды көрсеткім келіп отыр, Осы бақытты сезініп, сендер бір –бірлеріңмен дос, тату, білімді ұрпақ болса екен деп, сендерге үлкен үміт артамын.



Сабақты «Балдәурен» әнімен аяқтайды.
«Арман» балабақшасы

Тақырыптық сабақ:

«Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, ағайын!»

( № 7 «Шағала» тобы)



Өткізген:Г.С.Кулболдина


Көкшетау - 2017
Каталог: uploads -> 2018 -> post01
post01 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
post01 -> Кіріспе Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды
post01 -> Оқу ісінің меңгерушісі 2014 ж Пән аты: Информатика
post01 -> Шаян көп салалы лицей жалпы орта мектебі
post01 -> «Доптар мектебі» Білім беру саласы
post01 -> Айнұр Жүнісова Бақтиярқызы
post01 -> «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады»
post01 -> Кайып Акбота Баймураткызы Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет