Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, топтық жұмыс, ассоциация, болжау әдісі



жүктеу 81.87 Kb.
Дата16.12.2018
өлшемі81.87 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды?

Мақсаты:Әңгімені аялдамамен оқи отырып, не туралы оқығанын, ондағы мағынасы түсініксіз сөздерін анықтайды.Ағаштар жайында білімдерін кеңейтеді, белсенді, ынталы, оқуға үйренеді. Оқушылардың байланыстырып, жүйелі сөйлеуін, шығармшылық қабілеттерін дамыту.Табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа, бірлікке, жақсыны үйренуге, жаманнан жиренуге баулу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, топтық жұмыс, ассоциация, болжау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:ақын суреті, интерактивті тақта,сызбалар, оқулық, кітапшалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану,сурет, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Оқушылармен сәлемдесу, жағдайларын сұрау.



Бір біріне сәттілік тілеу.

Қима қағаздар арқылы топқа бөліну.(қайың, емен, бәйтерек.)

Бағалауды айту.

Бір біріне сәттілік тілеу.

  1. Өткенді қайталау

  • Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?

  • Балалар қайда барды?

  • Бодан компасты не істеді?

  • Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғалым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? ( М.Дулатов.Шешенің балаларын сүюі.)

  • Ауыл мектебін үздік бітіріп, оқуын әрі қарай жалғастырып, Торғайдағы екі жылдық мұғалімдер училищесіне түсті.Қай мәтіннен үзінді? (А.Дулатов.Аяулы Жақаң.)

  • «Сибирь» деген сөзде Тұрар неге елең ете қалды?

  • Әлемге әйгілі палуан? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы.)

  • Жиб-Жица күресінің тәртібі қандай?

  • Сұмпайысын қарай гөр.Партаның астына кітапты ашып қойып, бір көзі мұғалімде болса, бір көзімен соны сығалап тұрмақшы ғой. Қай мәтіннен үзінді?(Менің атым Қожа.)

  • Үлкен той болды.Тойда мектеп меңгерушісі жиналған жұртқа қысқаша құттықтау сөз сөйледі.(Орындалған арман.С.Көбеев.)

Қызығушылығын ояту.

Қазір жылдың қай мезгілі?Қыс.Қыстан кейін қай мезгіл?

Көктем.Осы көктем мезгілі кезіндегі атқарылатын ең бірінші жақсы игілікті шара не деп ойлайсыңдар? Ағаш отырғызу.


  1. Жаңа сабақ.

Бүгінгі оқитын әңгімеміз ағаш отырғызуға байланысты.

Ағаштар неге ашуланды?Б.Соқпақбаев.

Автор туралы не білеміз?

Әңгімені оқымас бұрын сендер ағаш туралы не білесіңдер?




  1. Мағынаны тану.



  1. Оқулықпен жұмыс.

«Аялдамамен оқу»

I-аялдама ( 1,2,3,1). Ағаш отырғызу апталығы


II-аялдама (5,6,7,8,9). Алмабектің ағашы
III-аялдама (10,11,12,13). Ғажап оқиға / Ашулы орман
IV –аялдама(14,15).Алмабектің өз қатесін түсінуі./ Жаңарған жас талдар.


  • Ғажап оқиға –

  • Енді әңгімедегі ғажап оқиғаны өз бетімен іштен оқиды. Өзінің ой болжауымен салыстырады. «Мені таң қалдырды» белгісі бойынша жұмыс жасайды.

Сені не таңқалдырды?

Оқушылардың жауабы

  • Ағаштардың ашулануы

  • Ағаштарға жан бітуі

  • Адамша қозғалуы

VI.Дәптермен жұмыс.-

Көркем сөздер.

Түйе беліндей-

Орман атасы-

Ми қайнатқан –

Қосымша мәлімет беру.

Ағаштардың суретін көрсету: қайың ағашы, емен ағашы, бәйтерек ағашы.

Астана қаласының символы «Бәйтерек» суретін көрсету.

—         Бұл ағаштар қандай жерде өседі? (Дүниетану пәнімен байланыстыру).

—         Біздің қалада осы ағаштардың қайсысы өседі? (Қайың және терек
Емен

Емен (лат. Quercus, орыс тілінде Дуб ) – шамшат тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.

Қайың[өңдеу]

Қайың (лат. Betula) — қайыңдар тұқымдасына жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет!

1Қайың гүлдеуі

2Орман "пионері"

3Қайың қолданылуы

4Дереккөздер

Қайың гүлдеуі

Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері қарапайым сырға тәріздес болып келеді. Ал қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы да туады.

Орман "пионері"

Қайыңның ұрықтары желмен тез ұшып кетеді. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерде де тез өсіп-өнеді. Сондықтан қайыңды орманның "пионері" деп атайды.

Қайың қолданылу

Скандинавия елдерінде қайыңның дінінің төменгі жағы үйілденіп, шорланып-жуандап кететін қайыңдар бар. Оған тіпті балта да батпайды. Мұны Карелия қайыңы деп атайды. Оның ағашынан әшекейлі әсем жиһаз, қобдиша және әр түрлі безендіру заттарын жасайды. Карелия қайыңы өте сирек ұшырасады. Сондықтан қазір оны қолдан жасанды жолмен өсіруге әрекет жасалуда.

Бәйтерек ағаш[өңдеу]


Бәйтерек немесе мырзатерек (лат. Populus nigra var. afghanica, Populus іtalіca, Populus pyramidalis) – талдар тұқымдасыныңқара терек түріне жататын кіші түр. Оңтүстік Қазақстанда өседі. Биіктігі 20 - 45 м, бұтақ шоғыры пирамида тәріздес, қабығы айғыздалып тілінген, қоңырқай түсті. Діңі тік, жуан (диаметрі 1 м-ге дейін). Жас өркендері мен жас сабақтары түкті келеді, жапырақтары жалпақтау үш бұрышты, ұшы үшкірлеу не доғалдау, жапырақ жиектері ара тісі тәріздес болады. Гүлі шашақтанған, тығыз, ұзындығы 4 - 6 см, ені 5 мм-дей. Дара жынысты, әр гүліндегі аталық саны 15 - 20. Қазақстанда өсетін бәйтеректің гүл сырғалары болмайды. Қалемшесі арқылы көбейтіледі. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Бәйтеректі елді мекенді көгалдандыру үшін өсіреді. Жемісінде эфир майы болғандықтан парфюмерияда қолданылады. Діңі қағаз өндірісінде пайдаланылады.

ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫС

Қалай ойлайсыңдар ағаштар ашулана ма?

Ағаштарды кессе

шапса ашуланады.

сындырса

күтпесе


VII. Сергіту сәті

Қосымша тапсырмалар.

1.тапсырма.

Кун шуағын шашады,

Жауын да жауып алады.

Көктем келіп жеткенде,

Ағаштар бүршік жарады.



2.тапсырма

Алмабектің айыбы неде?

Жас ағашты уақытымен суармады

Түбін қопсытпады.

Үйренгісі келмеді

Табиғатқа қастандық жасады.

Ол ерінді.



3.тапсырма

«Жалғасын тап»

1).....еңбегімен озады.

.....езілумен тозады.

2).....ертеңі бітпеді.

IX.Сен білесің бе?

Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы өсімдіктің бірі - ағаш тектес немесе бұтақ тұрпатты арша. Арша – ағаш - фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1, 5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50 - 65 тоннаға дейін шаң - тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды.
Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді. Ал, 500 - 600 жыл арша үшін қарапайым жастың бірі саналады.

Сахналап көрсету.

Қорыту.

Қалай ойлайсыңдар ағаштар ашулана ма?

Ағаштарды кессе

шапса ашуланады.

сындырса

күтпесе
Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?



Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?

Үйге тапсырма.

Мазмұнын білу

Текше әдісі.

а) талда. Әңгімедегі оқиға қандай ретпен баяндалғанына қысқаша талдау жасап айту.

ә) салыстыр. Алмабектің ағашы мен басқа балалардың ағаштарының жағдайын салыстыра отырып әңгімелеу.

б) бағала. Алмабектің іс-әрекетіне қояр бағаң қандай? (Әңгіменің басында, соңында).

в) қолдан. Осы әңгімеден нені қолданар едің? (Ағаш отырғызу)

  • Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?

  • Балалар қайда барды?

  • Бодан компасты не істеді?

  • Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғалым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? ( М.Дулатов.Шешенің балаларын сүюі.)

  • Ауыл мектебін үздік бітіріп, оқуын әрі қарай жалғастырып, Торғайдағы екі жылдық мұғалімдер училищесіне түсті.Қай мәтіннен үзінді? (А.Дулатов.Аяулы Жақаң.)

  • «Сибирь» деген сөзде Тұрар неге елең ете қалды?

  • Әлемге әйгілі палуан? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы.)

  • Жиб-Жица күресінің тәртібі қандай?

  • Сұмпайысын қарай гөр.Партаның астына кітапты ашып қойып, бір көзі мұғалімде болса, бір көзімен соны сығалап тұрмақшы ғой. Қай мәтіннен үзінді?(Менің атым Қожа.)

  • Үлкен той болды.Тойда мектеп меңгерушісі жиналған жұртқа қысқаша құттықтау сөз сөйледі.(Орындалған арман.С.Көбеев.)


Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп

АШЫҚ САБАҚ

Б.Соқпақбаев.

Ағаштар неге ашуланды?

4 «А» сынып





Өткізген: Махсотова Ж

2016 ж

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет