Ішкі істер министрлігі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ айналысқан синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасына тосқауыл қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: кадрдан скриншот

Шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, оған басшылық жасағаны және қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық топ мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан, ұйымдастырушы сатып алған жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық заттарды дайындап, сақтаған.

“Топ мүшелері міндеттерді өзара бөлісіп алған.

Есірткі зертханасында салқындату, желдету жүйелері, сондай-ақ синтетика өндіру үшін арнайы жабдықтар болған.

Есірткі жасырын түрде, құпия сақтай отырып дайындалған. Күдіктілер көршілердің күдігін тудырмас үшін үйден тек қажет болғанда ғана шығып, үй аумағына ұйымдастырушының Wi-Fi желісіне шығатын бейнебақылау камераларын орнатқан.

Сонымен қатар есірткі әзірлеуге арналған шикізаттар мен дайын өнімді сақтайтын гараж және автокөлік сатып алынған.

Бұл мүліктердің барлығы көлеңкелі схемамен төленіп, шетелдік сатып алушының атына тіркелмегенә, – деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев.

Жалпы тінту кезінде 12 кг астам мефедрон және 17 кг астам прекурсор тәркіленді.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.