Сабақтың жоспары



жүктеу 0.54 Mb.
бет3/4
Дата07.11.2018
өлшемі0.54 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4


Творческая работа.

Составьте по одному СПП с придаточным определительным.



Рефлексия.
Домашнее задание

Білімдерін бекіту
3.Рефлексия бақылау блогы

Нәтижелерді жинақтап, қортындылау

Рефлексия

Үйтапсырмасы


қолы ___________________

Қамырдан жасалған өнімдер



Сабақтың тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға қамыр түрлерінен, ұннан жасалған тағамдар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы: оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру;
Тәрбиелігі: ұн тағамдарын дайындағанда ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.
Көрнекілігі: нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды түсіндіру, тәтті тағамдар плакаты, пісірілген тағам түрлері, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Сабақты қортындылап талдау.
5. Оқушылардың еңбегін бағалау.
6. Үйге тапсырма.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.
2. Үй тасырмасын сұрау: Қой етінен дайындалатын ұлттық тағамдар.
1.»Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?
(Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек қүші артады).
2. Ет және ет тағамдарының құндылығын кім айтады?
(Сиыр етінің 18 - 20, қой етінің 15 - 20 пайызын белок құрайды. Құрамы 4 - 9 пайыз майдан тұратын ет, адам денсаулығына пайдалы, яғни күш береді).
3. Еттің құрамында қандай витаминдер кездеседі, кім айтады?
(Еттің құрамында В тобының витаминдері В1, В2, В3, В12, ал минералды заттардан - фосфор - 0, 2, калий - 0, 3 темір 2 - 3, мырыш 2 - 3 бар.)
4. Ұлттық аса қадірлі тамақ, ол қандай тағам?(Ет асу).
5. Қой етінен қандай ұлттық тағамдар дайындалады?
Қуырдақ 
Қазақша ет
Кәуап 
әсіп
Төстік 
тұшпара 
мәнті
Ал енді біздер тағам әзірлеу барысында естен ешқашан шығармайтын техникалық кауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпайық.
Қандай тағамды әзірлесең де мыналарды ұмытпа:
1. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.
2. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзінен кері қарай аш.
3. Қызып тұрған шәйнекке мұздай су құйғанда өте абай бол.
4. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.
3. Жаңа сабақ.
Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қамырдан жасалған өнімдер».
Дәпрерімізге тақырыпты жазайық.
Күнделікті өмірде көріп, естіп жүрсіздер, нанды қашан да қастерлеп өскен халықпыз.
Нан – жер - ананың адамзатқа беретін баға жетпес азығы.
Нан дастарқанға қалай келеді?
(Слайдтан ауыл өмірінен көрініс)
Жер жырту, тұқым себу, баптау, астык жинау, дүкен, наубайхана, қоймаға сақтау.
Ұн – қамырдың барлық түрін әзірлеудәң негізгі шикізаты.
Үй жағдайында пісіру үшін бидайдың майда ақ ұны, жоғары, 1 және 2 сортты бидай ұны пайдаланады, жүгері мен қара бидай ұны сирегірек пайдаланылады.
Қамырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май, В және РР1 витаминдер тобы, крахмал түрендегі көмірсулар болатындықтан, тамақтың құнарлығы жоғары.
Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады:
1. Ұннан жасалатын тағамдар - тұшпара, үй кеспесі, варениктер, құймақ.
2. Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер - пирожкилер, бауырсақ, бүрменан, бәліш және т. б.
3. Дәмделген нан өнімдері - қарапайым майқоспа нан, әр түрлі тоқаштар, қаусырма т. б.
4. Ұннан жасалған кондитерлік өнім – торт, печенье, пирожный, прәндік.
Бұл өнімдерді дайындау үшін қамырдын алуан түрін пайдаланады.
Ұн мен одан жасалған тағамдарды дайындау үшін әр түрлі ыдыстар қолданылады. Олар елек, оқтау, таба, қамыр кескіш, қамыр жайғыш, табақшалар. Ұннан тағам пісіру үшін қамыр илеу керек. Қамырдың өзін илеу түрлеріне қарай қою және сұйық қамыр десек болады.
Қамырды екі топқа бөледі: ашытқылы және ашытқысыз.
Ашыған қамырдан дайындалатын өнімнің сапасы оның иленуіне, толықсытылып өнделуіне, ашуына байланысты болады.
Қамыр әзірлеу алдында ұнды жылы орынға әкеліп, електен өткізеді.
Ұнды електен өткізудегі мақсат - одан бөтен заттар мен түйірлерді ажырату.
Қамыр илеу үшін ұнды елейді, ашытқыны жылы суға салып араластырады, тұз, қантты ерітіп алады. Ұнның нәруызы суды сіңіріп, ісінеді, қамырға былқылдақтық беретін желімтек түзеді. Ашыту процесі кезінде ашытқылар ұндағы қантты спиртке және көмірқышқыл газына дейін ашытады, ол қамырдан шығуға ұмтылып, оны кеуектейді де, кеуектілік түзіледі, ал сүтқышқылдығы бактериалары қантты сүт қышқылына дейін ашытады, ал ұн нәруыздарын ісіндіруге жақсы әсер етеді және тағамның дәмін жақсартады.
Ал осы нанға байланысты қандай ырым - тыйымдар білеміз.
1. Нан – дән басы. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қою керек.
2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Ол үкен күнә.
4. Нанды жерге тастауға, шашуға, басуға болмайды.
5. Аяқтың астына құранды қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.(Бұл жерде, құранды басып нанды ал, дегені нан құраннан да қастерлі екенін айтып өткен).
6. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде нан ұсынады.
Маман кеңесі айдарынан.
Мектеп асханасының аспазшысының кеңесін тыңдау.
Ашытқылы қамырды дайындау технологиясы
1. Қамырды илеу – ұнды елеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт немесе су қосады.
2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзіледі. Писіру кезінде спирт ұшып кетеді.
3. Қамырды өңдеу - әр түрлі өнімдерге арнап өңдейді.
4. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.
5. Ұсақ өнімдерді пісіру 10 - 12 мин., ірі өнімдерді пісіру 45 - 60 мин., температура 200 - 250 С.
Ашытпа дайындау - ұн, су(сүт), ашытқы, аз ғана қант қосылған сұйық қамыр. Ашытпаның ашуы – 1немесе1, 5 сағат.
Қамырдын ашуы – жылы жерде 2 немесе 3 сағат
Сарамандық жұмыс: Ашытқысыз қамыр дайындау.
Топшамамен жұмыс.
Сергіту сәті: (мақал - мәтел жарысы)
Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.
Ет етке, сорпа бетке.
Ас иесімен тәтті.
Тойған үйге тоғыз бар.
Асына тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
Нан - тамақтың атасы, ынтымақ көптің батасы.
Бекіту:
Тәтті, тәтті емес нан бисквит, үгілмелі, қайнатқы
Блиц сұрақтар. Оқушылар кезектесіп сұрақтар суырып жауап береді.
1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процесі)
2. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)
3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек?
4. Ашытқы қалай дайындалады?
5. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10мин)
Пайдалы кеңес.
- Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін мақтаны йодқа батырып, ыдысқа салып, нан салғышқа қояды.
- Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салу керек.
5. Бағалау. Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.
6. Үйге тапсырма. Өз таңдаулары бойынша қамыр илеп, пісіпіп әкелу, реферат жазып келу және жаңа тақырыпты оқып келу.
Құймақ
Құрамы: 3 жұмыртқа, 1 ас қасық құмшекер, 1, 5 пиала сүт немесе су, 0, 5 шай қасық тұз, 2ас қасық өсімдік майы.
Қажетті ыдыс - аяқтар: жұмыртқа былғайтын табақ, бығауыш, таба, тарелке.
Дайындау технологиясы.
Жұмыртақаны жарып құмшекер мен тұзды салып араластырып, 30 мин былғайды, көлемі үлкейіп көбейеді.
Сүт және ұн салып араластырады, тұйіршек болмау керек.
Дайын сұйық қамырға өсімдік майын қосады.
Табаны қыздырып, жұқалап пісіреді.
Бисквиттік қамыр дайындау.
Құрамы: 4 - 5 жұмыртқа, 1 стакан құмшекер, 1 стакан ұн.
Қажетті ыдыс - аяқтар: табақ, елек, былғауыш немесе миксер, шұңғыл тарелке.
Дайындау технологиясы.
Жұмыртқа мен құмшекерді араластырып, көлемі бірнеше есе үлкейгенше көпсітеді.
Еленген ұнды қосып, сұйық қамыр жасайды.
Май сіңген пергамент қағазы төселген табаға сұйық қамырды құяды.
200 - 220 С температурада пісіреді.
Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамелькәмпитшоколаджеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печеньепряникторткексорама (рулет), вафли, т.б. енеді. Кондитер өнімдері – жоғары калориялы тағам. Мысалы, 100 г. печеньеде 440 ккал, халуада 570 ккал, шоколад кәмпитте 550 ккал болады. Кондитер өнімдерінің құрамында қант көп (70%-ға дейін) болатындықтан ол ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды. Қағазға оралып та, оралмай да шығарылады. Кейбіреуі пластмасса не металл қораптарға салынады. Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындар: “Рахат” ААҚ (Алматы қ.), “Қарағанды кәмпиттері” ААҚ (Қарағанды қ.), “Баян сұлу” ААҚ (Қостанай қ.). Сондай-ақ барлық ірі елді мекендердегі кондитер цехтарында, шағын кондитер кәсіпорындарында дайындалады.

Сабақтың жоспары

План урока


Пән

предмет


Қазақ тілі

Күні

дата

















№ сабақ

занятие №






Топ

группа

















Тақырып


Тема

Қазақстан мемлекеті,оның құрылымы.

Мақсат ;Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық – саяси, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту, мәтінді пысықтау.
Дамытушылық; Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.Өз беттерімен жұмыс жасауға үйрету;

Тәрбиелік; Оқушылардың өз жерін, елін сүюге баулу;




Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап,пікірлесу

Көрнекілік

мәтін

Сабақтын барысы

Ход урока

1. Бағдарлану – мотивациялық блок

Мотивационно – ориентировочный блок

Сабақтың тақырыбын шығу, жазұ

Выход на тему, запись темы урока





Оқу мақсатын қою

Постановка цели, задач урока



Сабақтың барысымен танысу Знакомство с ходом урока

Білім жаңғыртуы

Актуализация знаний



1Ұйымдастыру Сабақ тақырыбымен таныстыру мақсатын айту

Синоним, антонимдер, мақал- мәтелдерді сұрау




2. Операциялық- танымдық блогы

Жаңа материалды мазмұндау (баяндау)

Бүгін біз сабақта Қазақстанның саяси жүйесі, Заңдары, Рәміздері, қалалары, географиялық орны туралы сөйлесеміз

Сөздікпен жұмыс(сөздерді естеріне түсіріп, қайталау) : қазына, , өмір, құқық, бостандық, , мемлекет, тәуелсіз, жер көлемі, шаршы, шақырым, , солтүстік, оңтүстік, шығыс, шектеседі, ұлт, ұлыс өкілдері, батыс, ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, заң, шілде, қабылданды, тұңғыш, бап, нышандар, ту, , көгілдір, күн, қыран, бейбітшілік, тыныштық, байлық, еркіндік, пырақ, жұлдыз, алтын.

Қазақстан

    Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас. Қазақстан мемлекеті - демократиялық, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның жер көлемі 2,7 шаршы шақырым. Қазір елдің астанасы - Астана қаласы.Астанаға дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астана болды. Астана 1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап астана болды.Қазақстан бес мемлекетпен солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан , Өзбекстан  және Қырғызстан, ал шығысында  Қытаймен  шектеседі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Елімізде 14 облыс бар. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.Мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы алды.ҚР «Тілдер туралы Заңы» 1989 жылы  22 кыркүйекте, екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Ал, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа  Конституция қабылданды. Ата Заң 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

    

Білімдерін бекіту; Қазақ тіліне ғана тән дыбыстары бар сөзді анықтаңыз Қазына, адам, мемлекет, астана,  алтын

Ұяң дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз  ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір Қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді белгілеңіз әнұран, күн, қыран, бейбітшілік, белгі Тұйық буынды сөзді табыңыз байлық, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын Үндестік заңына бағынатын сөзді табыңыз  қыркүйек, елтаңба, әнұран,тыныштық,оңтүстік 

3.Рефлексия бақылау блогы

Нәтижелерді жинақтап, қортындылау

Рефлексия


Сабақтың жоспары

План урока


Пән

предмет


Қазақ тілі

Күні

дата


1.02.16.













№ сабақ

занятие №






Топ

группа


П-21













Тақырып


Тема

Аспаздық өнімдерді дайындау.

Мақсат ; Тамақ әзірлеу технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу.Теориялық білімді практика барысында көрсете білу. 

Дамытушылық; салыстыра білуге,талдау жасай білуге, еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап,өзін –өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету.  Тәрбиелік; Ас тағамын қадірлей білуге үйрету. Пәнге қызығушылықтарын арттыру жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету.



Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап,пікірлесу

Көрнекілік

мәтін

Сабақтын барысы

Ход урока

1. Бағдарлану – мотивациялық блок

Мотивационно – ориентировочный блок

Сабақтың тақырыбын шығу, жазұ

Выход на тему, запись темы урока





Оқу мақсатын қою

Постановка цели, задач урока



Сабақтың барысымен танысу Знакомство с ходом урока

Білім жаңғыртуы

Актуализация знаний



1Ұйымдастыру Сабақ тақырыбымен таныстыру мақсатын айту


IIІ.Өткентақырыптықайталау. Мағынанытану
Наннантағамаспайды, 
Нанбәріндебастайды, 
Бассадаадамқұранды, 
Нанды,бірақбаспайды. 
Нанқарағымкиелі, 
Нандыхалықсүйеді. 
Қастерлеген адамға, шапағаты тиеді. 


2. Операциялық- танымдық блогы

Жаңа материалды мазмұндау (баяндау)



Нанның дастарқанға дайын болып келуі ойланған жанға кашанда қызық,ғажап. Нан ертеден-ақ халықтың әл-ауқатын, тіршілік тынысын танытады. Нан пісірген адамдар әрқашан сыйлы да, құрметті болған. Біз арзан нанға кенелген, әлемдегі ең бай мемлекетте өмір сүреміз. Сол үшін елімізге дән ризамыз.Әйтсе де сол нанның баршылығы кейде келеңсіз жағдайға соқтырады. Егер төрт адамы бар әрбір отбасы күн сайын 100 грамм нанды тастайтын болса,бір жылда 36 килограмнан астам нан рәсуа болады екен. Еліміз бойынша алғанда бұл кеткен шығынның орнын толтыру үшін әрқайсысы 20мың тонна астық сиятын 100элеватор салуға,57 диірмен орналастыруға,тәулігіне 50 тонна нан шығаратын 130нан заводын тұрғызуға тура келеді екен. 
Нан қонақжайлық пен молшылық рәзімі. Мысалы,орыс халқында қонақты нан, тұзбен қарсы алу дәстүрі ертеден қалыптасқан.Қазақ халқында дастарқан бидай ұнынан жасалған нан мен бауырсақсыз жайылмаған, ал бауырсақ нан өнімдерінің ішінде ерекше орын алады. 
Нан өнімдерін әр түрлі қамырдан пісіреді? Қамырдан жасалған тағамдар жоғары құндылыққа ие, сондықтан барлық ел аспаздығында маңызды орын алады. 
1.Ұн тағамдарын пісіруге қажетті негізгі өнімдер? 
ҰН СУ Ұн тағамдарын пісіруге АШЫТҚЫ 
қажетті негізгі өнімдер 2.Ұн тағамдарын пісіруге кандай сұрыпты ұн пайдаланамыз? 
Ұн - қамырдың барлық түрін әзірлеу үшін қажетті негізгі өнім. Тағамды үй жағдайында пісіру үшін жоғары, бірінші және екінші сұрыпты бидай ұны жиірек, қарабидай ұны, арпа, қарақұмық жүгері жармалары сирегірек пайдаланылады. 
Ұннан жасалған тағамдардың құрамында бағалы қоректі заттар: көмірсулар, ақуыз, май,минералды заттар болғандықтан, тамақтың құнарлығы жоғары. 
3.Ашытқыны не үшін пайдаланылады? 
Ашытқы сұйық, сығымдалған және құрғақ кептірілген болуы мүмкін. Қамырдың көтерілуі және ашу процесінің ұзақтығы ашытқының сапасына байланысты. 
Қамыр қопсытқыштары.Қопсытқыш қоспаған қамыр тығыз болады. Ондай қамыр вареник,кеспе, тұшпара дайындау үшін қажет.Қамыр сапасын жақсарту үшін және оны көтеру үшін оған қопсытқыш қосу керек, сонда қамыр жақсы көтеріледі. Қопсыту тәсілі әртүрлі болуы мүмкін: 
Білімдерін бекіту 1. сұрақ-жауап Тұзды не үшін пайдаланылады? 
Тұз қамырдың ашуына, оның физикалық құрамына әсер етіп, дәмін келтіру үшін пайдаланылады. . Нан өнімдерінің құндылығын, дәмін және құрамындағы хош иісті арттыру үшін қандай қосымша өнімдер пайдаланамыз? 
Нан өнімдерінің құндылығын, дәмін және құрамындағы хош иісті арттыру үшін қосымша өнімдер :май,қант,жұмыртқа пайдаланылады. Органолептикалық тәсілмен талдау ( дәмін,иісін көру). 

Тағамның сапасы неге байланысты? 
Тағамның сапасы ұнның сапасына байланысты.Ұнның дымқылдығын мынадай әдіспен анықтауға болады:ұнды алақанға салып сығу керек, егер түйір дереу шашылып кетсе, онда ұнның өте құрғақ болғаны; егер алақандағы ұн қозғағанда ыдырап шашылса,онда бірыңғай дұрыс болғаны;

2. Тест сұрақтарына жауап



3.Рефлексия бақылау блогы

Нәтижелерді жинақтап, қорытындылау

Рефлексия

Үй тапсырмасы  Нан, ас туралы мақал- мәтел 



қолы ___________________
Тест сұрақтар. 
І-нұсқа 
1.Қамырды илер алдында ұнды 
А) Кептіреді 
Ә) зиянкесетрдің бар жоғын тексеру 
Б) елеуіштен өткізу 
В) Іріктейді 
2. Крахмал алынады 
А) күріштен 
Ә) алмадан 
Б) қырыққабаттан 
В) картоптан 
3. Үгілмелі қамырды дайындау үшін қандай азықтарды көп мөлшерде қолданады? 
А) ас содасы 
Ә) жұмыртқа 
Б) май 
В) қант 
4. Бисквит қамырды дайындау үшін қандай азықтарды көп мөлшерде қолданады? 
А) ас содасы 
Ә) жұмыртқа 
Б) май 
В) қант 
5. Ашытқылар бұл не? 
А) тұздың түрі 
Ә) кристалды ұнтақ 
Б) микроорганизмдер 
В) тамақ содасы 
6. Ванилин бұл не? 
А) тұздың түрі 
Ә) тамақ содасы 
Б) ашытқы 
В) дәмдеуіш 
7. Үгілмелі қамыр жаю үшін қолайлы температураны көрсет. 
А) 0-10 С 
Ә) 15-20 С 
Б) 20-25 С 
В) 25-30 С 
8. Үгілмелі қамырдан жасалған тағамды қандай температурада пісіреді? 
А) 180-220 С 
Ә) 150-180 С 
Б) 220-250 С 
В) 250-270 С 
9. Ұн тағамдарын пісіруге қажетті негізгі өнім. 
А) май 
Ә) жұмыртқа 
Б) ұн 
В) ванилин 
10. Ас содасын қамырға қоспас бұрын. 
А) тұзбен араластырады 
Ә) сірке қышқылымен ерітеді 
Б) қантпен араластырады 
В) маймен араластырады 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет