Сабақтың мақсаты :«. Оқуға шақыру», «Сал-сал,Білек,сал Білек»



жүктеу 0.56 Mb.
бет1/4
Дата27.06.2018
өлшемі0.56 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 21.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы. Оқуға шақыру.Сал-сал,Білек,сал Білек.

Сабақтың мақсаты. Оқуға шақыру», «Сал-сал,Білек,сал Білек»

өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру.Оқушыларға өлеңді оқыту арқылы дыбыстарды анық, дұрыс айтуға дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, дыбысты дұрыс айтқызу, пікірлесу стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері. Балалар қол ұстасып шеңбер құрап, мынадай өлең жолдарын айтады.

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!

II Өткен сабақты пысықтау.

Өткенді еске түсіріп қайталау. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

III Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс.

1.Сөлемдерді көшіріп жазу.

2.Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау.

III Қосымша тапсырмалар

Көру диктанты: ата, көгершін, Алматы, қоңыр, оюлар, Ақтөбе, Қазақстан

Дыбыстық талдау: ата, қоңыр, оюлар, қасқыр, жиһаз
Серігіту сәті.

Мына менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған .

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау мнің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.


IV Оқулықпен жұмыс.

Оқуға шақырыу

- Оқып беру

Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана, әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жалтылдап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбіржан да:

Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға...
-Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәлімет беріп кетем

Ахмет Байтұрсынов - Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.



-Өлеңді талдау

Балалар өлең не жайлы?

Не туралы айтқан?

Бірінші шумағында ақын не айтқысы келді?

Ал екінші ше?
-Тізбектей оқыту.
Сал-сал Білек, сал Білек

-Мәнерлеп оқып беру

Сал-сал Білек, сал Білек,

Балдан тәтті бал Білек,

Мектепке бар бір мезгіл,

Әжеңнің тілін ал, Білек.

Сал-сал Білек, сал Білек,

Сабағыа бар, Білек.

Қыдыра берме қалтиып,

Етегіңмен қар күреп.

Сал-сал Білек, сал Білек,

Сұлу талдай тал Білек,

Оқып-оқып бір асқан

Ғалым болмай қал, Білек.

-Өлеңді талдау

Өлең не жайлы?

Өы өлеңнен не түйдіңдер?


-Тізбектей оқыту.
-Мағжан Жұмабаев туралы мәлімет беру

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, ФирдоусиСағдиХафизОмар ҺайямНизамиНауаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
V. Қорытындылау: Балалар біз сонда бүгінгі сабақта нені өттік, сабақ түінікті болды ма,

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 22.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Тақырыбы: «Бір қазан сүт» Ө. Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шапшаң жүргізіп оқуға түсінгені туралы жүйелі әңгімелеп айтуға үйрені. Оқцшылардың құстар тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту. Құстарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету. 

Сабақтың өту әдісі: сұрақтар беру, түсіндіру, жинақтау, көрнекілік, т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, жазылған қималар, құстар суреттері.

 

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру

Амандасу, сабаққа назарын аудару


Психологиялық дайындық

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі.
ІІ. Өткенді қайталау

«Құстың ұясы» әңгімесін бірнеше оқушыға оқыту.

Түсінігін әңгімелеу.
ІІІ. Өткенді бекіту

Үй құстары, дала құстары- айырмашылықтарын айту және тақтадағы кестеге жазу

 

 Сергіту сәті    



Әдемі әтеш

               Таң атпай тұрыпты

               Ойқастап жүріпті

               Жан- жаққа қарапты

               Айдарын тарапты.

   


ІҮ. Жаңа сабақ «Бір қазан сүт» Болжамдау әдісі (кесте)

-Мәтінді оқып беру


- Бір қазан сүтті пісіріп, суытуға үйдің іргесіне қойып едік, енді бір қарасақ, қаспағы а қалмапты.

- Төгіліп қап па?

-Біреу ішіп кетіп пе?

-Төгіліп те қалмапты, ешкім де ішпеген.

-Төгілмесе, ешкім ішпесе, бір қазан сүт қайда кеткен?

-Көбелек келіп күмп етіп, көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етіп, жарымын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қарқ етіп, қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етіп, сарып ішіп ол кетті.

Қырғауыл келіп қиқу сап, қазан түбі қаспаған қырнап ішіп ол кетті.


- Балалар, сонда мына әңгімеде не туралы айтылған?

- Сонда бір қазан сүт қайда кеткен екен?

- Шын    мәнісінде не болды деп ойлайсың?

- Оған қандай дәлел бар?

- Не болады?
Ой толғаныс.

           - Түсіндіру, оқушыларға оқыту, балалар тізбектей оқыту.

           -  Сөздікпен жұмыс

Дәптермен жұмыс.

Сөздік диктант: бала, орман, дала, қала, Қазақстан.
-Ө. Тұрманжанов туралы мәлімет беру.

Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылы – 1978, Алматы) – жазушыМәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген (1927). 1927 – 1978 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, даярлық курстың және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1927 – 1930), Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы (1929), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) проф., Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, “Қазақ әдебиеті” газетінде, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында редактордың орынбасары, редактор (1935 – 37), “Жазушы” баспасында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығып тұрған “Ақ жол” газетінде 1920 жылы жарияланған. “Таң өлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925). 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан кедей”), 1929 жылы өлең кітабы (“Таң сыры”) басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Ү. Білімді бекіту.

      Түртіп алу стратегиясы.

Құстар пайдасы мекені

      Құстар туралы ән, тақпақтар айту, сөзқжұмбақтар шешу.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 23.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Күңшіл үйрек. Бақа

Мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге, ертегідегі негізгі ойды ұғынуды үйрету. Оқушының ой-өрісін,сөздік қорын,таным белсенділігін дамыту. Адамгершілікке,ізгілікке, жаман қасиеттен (қызғаншақ,мақтаншақ) аулақ болуға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Ой қозғау,негізгі идеяны суреттеу,сұрақ қою,салыстыру кестесі, көрнекілік стратегиясын қолдану
Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі,математика
Көрнекіліктер: оқулық, әдістемелік құрал, №3 жазу дәптері, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Амансың ба Күн?
Амансың ба Ғасыр,Әлем?
Баршаңызға амандық сәлем!

ІІ.Өткенді еске түсіру
Ойын. «Ойлан,тап»
1-сұрақ. Үй іргесіне суытуға қойған бір қазан сүттің көбігін не ішіп кетті?
2-сұрақ. Жарымын не ішіп кетті?
3-сұрақ. Қалғанын не ішіп кетті?
4-сұрақ. Қаспағын не жеп кетті?

ІІІ.Жаңа сабақ
- Ой қозғау
Аққу, үйрек,түлкі суреттерін көрсете отырып бұлар туралы білетін білімдерін сұрау.

- Сергіту жаттығуы
Әуенмен: аққу болып қалқимыз, үйрек болып шалқимыз, түлкі болып бұраңдаймыз.

- Сөздік жұмысы
Суреттер көрсету арқылы күншіл,сүңгуір,ор сөздерінің мағынасын түсіндіру. 

- Мағынаны тану
Ертегінің желісі бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын айтып беру.


- Оқулықпен жұмыс.
Іштей, тізбектей оқыту.
Баяғы да бір сүңгуір үйрек болыпты. Ол көлдегі екі аққуды көре алмапты. «Бұлар менен неге сәнді, неге әдемі? Жұрт оларды жақсы көреді, атпайды. Аққу неткен бақытты құс?!» деп қызғаныпты.

Аққуды көре алмаған сүңгуір үйрек бір күні түлкіні көріп:

- Түлкі, түлкі, сен неге мына аққуларды жемейсің?-дейді сүңгуір үйрек.

- Олардың ұйықтайтын жерін маған көрсетші, - деді түлкі.

Уәде бойынша, сүңгуір үйрек аққулардың ұйқыға кеткен кезде, түлкіні ертіп келеді. Мұны сезген қос аққу оянып кетіп, терең суға қарай жүзе жөнелді.

Ісі сәтсіз болып, қарны ашқан түлкі сүңгуір үйректің өзін бас салады. «Біреуге ор қассаң, өзің түсесің» деген осы.


- Дәптермен жұмыс.
Ертегіге қатысқан кейіпкерлерді сұрау,тақтаға жазу,буынға бөлу,дәптерге жазу. Аққу,үйрек,түлкі.

- Ой толғаныс
Мен үйрекпін,мен аққумын,мен түлкімін. Оқушылар пікірлерін жазады.

-«Бақа» өлеінін оқып беру және түсіндіру.

- Бақа , бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Көзің неге тостақ?

Бұтың неге талтақ?

- Темір терсек кқп киіп,

Басым содан жалпақ

Көрінгенге көп қарап,

Көзім содан тостақ.

Су ішінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.


- Өлеңді талдау және жаттатқызу.
- Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу

М м, Н н, ң әріптерін көркем жазу.
Көру диктанты: бақа, үйрек, түлкі, аққу.

ІҮ. Сабақты бекіту
«Сиқырлы сандар» ойыны
1 2 3 4 5 6 7
А Н Ң М Ы С Ж

7 1 3 6 5
Ж А Қ С Ы
7 1 4 1 2
Ж А М А Н 
Ү. Сабақты қорытындылау.

- Балалар бүгін біз сіздермен нені үйрендік?

- Сабақ түсінікті болды ма?

- Сұрақтарың бар ма?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 24.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қожаның аты
Мақсаты :
Оқушыларға халық ауыз әдебиеті жанрының бірі -аңыз әңгіме туралы түсінік беру. Берілген аңыздың мазмұны мен идеясын, негізгі ой түйінін меңгерту. Сауатты, түсініп оқу дағдыларын, жүйелі, байланыстырып сөйлеу, өз ойын еркін айту дағдыларын қалыптастыру. Дүниетанымдарын кеңейту. Дұрыс оқу дағдысын арттыру.

Көрнекілік : Қожанасыр туралы бейне таспа, оқулық, анықтама

Әдіс-тәсілдер : ой шақыру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс
Сабақ барысы: 
1. Ұйымдастыру: 
Амандасу

Сабаққа назарын аудару
Психологиялық дайындық

Біз өмірге, ұлы өмірге 
Гүл көңілне иеміз
Елімізді, жерімізді, 
Тілімізді сүйеміз



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

Мақал айту «Күншіл үйрек» ертегісі «Бақа» жатқа сұрау.



Жан-жақты білімдерін тексеру:
-Балалар тағы бір қонағымыз сендер танымайды- ау деп кіргісі келмей тұр екен.


Бейне фильм «Қожанасыр» туралы

Қожанасыр (араб. Ходжа насруддин) -түркі халықтары арасына Орта ғасырда (13-ші н-се 14-ші ғасырларда) кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері.
Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия,Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.
- Ал сендер Қожанасыр туралы не білесіңдер? 
Қожанасыр туралы білетін 2-3 аңызын әңгімелету. 



Өмірде адам басына құрылған әңгімені аңыз дейді.Аңыз әңгімелер - бұл қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыз өмірде болған адамның іс-әрекетіне байланысты туған. Кейде аңызда өмірде болмаған адамның іс-әрекетіне байланысты. Қиял - ғажайып оқиғалар араласып келеді.Аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келеді.



-Өте жақсы қандай тапқыр баласыңдар ?

Енді сендерге соңғы тапсырмам :

мен туралы тағы бір аңызды оқулықтарыңнан оқып алыңдар.



ІІІ Жаңа сабақ :  «Қожаның аты» әңгімесі
Оқулықтан «Қожаның аты» әңгімесін оқу. 

Бірде Қожанасыр тойға барып. Той енді қыза бастағанда, үйіне қайтқысы келіпті. Бірақ көп аттың ішінен өз атын танымай дал болыпты. –Ей халқым! –депті айқайлап. –Аттарыңды алып кетіңдер. Қазір мен өз атымды атамын. Халық асып-сасып, әрқайсысы өз атын жетелей қашыпты. Қожекең жалғыз қалған өз атын мініп алып, жүріп кетіпті.
Оқулықпен жұмыс : 
1. Тақырыпты оқыту.


2. Әңгімені тізбектей оқыту, мазмұнын әңгімелету.
Сергіту сәті: бейнеролик арқылы балаларға ноутбуктен қожанасырдың өлеңімен қосыла отырып шырқау және оның қимылдарын қайталау арқылы сергіту сәтін орындайды.



Дәптермен жұмыс
Дәптерге күннің реті мен тақырыпты жазғызу. 



Білім меңгергенін тексеру : 
Сурет бойынша жұмыс : 



ІҮ. Сабақты бекіту: 
Қожанасыр өз атын қалай тапты?



Ү. Сабақты қорытындылау: Білемін, Білгім келеді, Үйрендім (ББҮ)
Білемін: Қожанасыр туралы әңгімелерді 


Үйрендім : Қожанасырдың шынымен өмірде болғанына
Білгім келеді : Бұдан да қызықты аңыздар


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 24.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақ тақырыбы: Кім неден күшті?

Сабақ мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру. Еңбек ете білуге баулу.Дұрыс оқу дағдысын артыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, коментарий, көрнекілік

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, оқулық, дәптер, әріптер.
Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру. орнымыздан тұрып амандасамыз.


Психологиялық дайындық.

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейк.
Енді бәріміз артымызға қарап қояйық. Бізге қонаққа апайлар келіп отыр.Балалар әдемілеп өзіміздің білімімізді көрсетейік.

Енді балалар мына столдың үстінде жатқан төртбұрыштар арқылы топқа бөлінеміз. Кімге қандай түс төртбұрыш келсе, сол түсті текшенің столына барып отырамыз.Өздеріміз басшы сайлап аламыз.


ІІ. Өткенге шолу

Енді балалар үй тапсырмасын тексерейік.



  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

  • «Қожаның аты» мәтініне әңгімелеу.

  • Кім маған әңгімелеп береді? (5-6).

  • Жақсы балалар сонымен Қожанасыр кім екен? Қожанасыр аңқау, іс-әрекетінің бәрі күлкі, ешкімге зияны жоқ, қайырымды, мейірімді адам. ---- Қожанасыр өз атын қалай тапты?

IІІ.Жаңа сабақ.

Мына тақтада сөзжұмбақ берілген. Қане бәріміз тақтаға қараймыз.



І

Е

Ш


К

р

с

қ

м

ы

а

ұ

а

Қ

С

т

е

ғ

В

а

Ж

а

м

г

н

о

с

і

г

е

н

і

1.Басында үшкір істігі бар.

Өзіне лайықтап тон пішкен.

Секіріп тастан түскен. (Ешкі)


2.Қиналып көтеріп

Өзінен ауырды

Жорғалап кетеді

Жүкшідей кәдімгі. (Құмырсқа)


3. Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар. (сағат)

4.Бұтаққа ілініп тұрамын

Піскенде себетке құладым. (жеміс)

5.Бір-бірімен қарап үйлер тіркеліп

Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. (вагон)

6. Қыр басында әр қилы

Сары теңіз толқыды. (егін)

- Сонымен қызыл жолақтың ішінде қандай сөз шықты оқимыз. Кім неден күшті? Деген ертегімен танысамыз.

-Ертегі дегеніміз не?

Ертегі халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі.

Балалар ертегілер 3 топқа бөлінеді. (тақтада)

Қиял-ғажайып ертегісі.(ойдан туындаған ертегілер. Кілем)

Хайуанаттар ертегісі. (жануарлар,аңдар)

Тұрмыс-салт ертегісі. (ертегі деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған.

Мыс: «Ертеде бір бай болыпты» Ертеде бір хан болыпты.


ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

Енді балалар оқулыққа қараймыз.

Бәріміз «Кім неден күшті» ертегісін іштей оқимыз.

1.Іштей оқыту.

2.Тізбектеп оқыту.

Балалар осы ертегі жоғарыда біз айтып кеткендей. Ертегінің қай түріне жататды?


Ү. Топпен жұмыс:

Балалар столдың ортасында бір парақ жатыр. Сол параққа осы ертегінің ішіндегі өздеріңе ұнаған кейіпкердің суретін салыңдар.

Салған суреттеріне дыбыстық талдау жасату.


  1. Сөзде неше әріп бар?неше дауысты дыбыс

  2. Неше дыбыс бар? Неше дауыссыз дыбыс

  3. Неше буын бар? Барын айту.

Қозы немен қоректенеді?

Оның пайдасы.

Қасқыр қайда болады?

Ол қандай аң?


Сергіту сәті:

Аюдың үйі үлкен

Қоянның үйі кішкентай

Аю ініне кіреді

Қоян соңынан ереді.
Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптердегі сұрақтарға жауап жазу.


ҮІ. Сабақты бекіту.

  1. Жасаған ием –

  2. Мұз –

  3. Күн –

  4. Бұлт –

  5. Жусан –

  6. Қошақан –

  7. Қасқыр –

  8. Мерген –

  9. Тышқан –

10)Құмырысқа –

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 25.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бақа мен балық

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен білімін тиянақтау, «Бақа» өлеңімен таныстыру, бақа туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқу, рөлге бәліп оқу дағдысын дамыту, сөздік қорларын дамыту, ойын, дүниетанымын дамыту. Оқушылардың адамгершілікке, жануарларды қорғауға, тапқырлыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, проблемалы оқыту.

Көрнекілігі: слайдтан суреттер, бақа туралы деректер көрсету

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

- Амандасу

- Сабаққау даярлау

- Сабаққа назарн аудару

Психологиялық дайындық

Балалар бір-біріне шеңберге жиналып бүгінгі сабаққа және күнге сәттілік тілейді.

Біз балдырған баламыз,

Құстан қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

ІІ. Өткенді еске түсіру.


  • Күншіл үйрек ертегісінің мазмұнын айту

  • Балалар мына ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

  • Сендерге қандай құстар ұнайды? Неге?

  • Түлкі неге аққуды жей алмады?

  • Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің деген мақалды қалай түсінесің?

ІІІ. Сабақтың мақсатын айқындау.

Балалар біз бүгін тағы бір ертегімен танысамыз. Біз бұл ертегі арқылы өткен білімін тиянақтау, «Бақа» өлеңімен таныстыру, бақа туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқу, рөлге бәліп оқу дағдысын үйренеміз.

ІҮ. Жаңа сабақ

Балалар мына сабақтың тақырыбына зер салайықшы. Сабақтың тақырыбына ждыбыстық талдау жасайықшы

Б-дауыссыз

А-дауысты

Қ-дауыссыз

А-дауысты

Б-дауыссыз

А-дауысты

Л-дауыссыз

Ы-дауысты

Қ-дауыссыз

Ой қозғау. Балалар сендер бақа туралы не білесіңдер, жалпы бақа деген не, ол нестейді тағы сол сияқты?

- Бақа туралы толығырақ түсінік беру.

- Ертегіні оқып беру.

- Ертегіні талдау

Сергіту сәті

1-ші сумен бетін жуды

2-ші шыр айнала бұрылды

3-ші еңкейіп жерге отырды.

4-дегенде секіріп кетті

5-дегенде орнына қонды.

Дәптермен жұмыс

№3 жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындату

Ү. Сабақты қорытындылау



Балалар енді сіздермен бүгінгі сабақты қорытындылайық. Мен сендерге мына смайликтерді таратып беремін, сабақ қалай өтті соның бәрін осы смайликпен таұтаға жабыстырамыз.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 26.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Каталог: uploads -> doc -> 0f69
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f69 -> Музыка 4 сынып


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет