Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік



жүктеу 37.29 Kb.
Дата07.03.2019
өлшемі37.29 Kb.
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің қарапайым құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылысындағы ерекшеліктер .

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың вирус,прокариоттар жайлы білімін қалыптастыра отырып, үйренген білімдерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу.

2) Дамытушылық: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Білім бере отырып,шығармашылығын,дүниетанымын дамыту.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.

3) Тәрбиелік:Денсаулықты,гигиенаны сақтауға,табиғатты аялауға тәрбиелеу. .

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық,тірек-сызба, оқу құралдар

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

сөздік,көрнекілік,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар



Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, сабаққа назарларын аудару.

Үй тапсырмасын сұрау: Митохондрия,пластидтер,ядро

Үй тапсырмасын сұрау түрлі ойындар ойнату арқылы сұралады.

1. Сәйкес жауапты тап



Ұғымдар

Анықтамалары

1.Митохондрия

а) өсімдік жасушасына тән органоид,үш типі бар,хлоропласт,хромопласт,

лейкопласт;



2. Пластидтер

ә) ядросы толық жетілген организмдер

3. Эукариоттар

б) жасушада дән немесе түйіршік формалы болады

4. Ядро

в)ДНҚ жіпшелерінен тұратын созылыңқы денешік

5. Хромосома

г) өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі

2.Биологиялық диктант.



  • ядро қабықшасын толтырып тұратын қоймалжың зат.

  • ______ шар тәрізді тығыз денешік,оның мөлшері 1-2 мкм.

  • _______аденизинтрифосфат.

_______дегеніміз хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз.

  • Митохондрияның негізгі қызметі_________________.

  • Ядроның сыртын __________ қоршайды

3. «Дәрігер генетик»диагноз қою.



Жаңа сабақ :


  • Вирустар- жасушасыз тіршілік иелері. Тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайды. Мөлшері- өте ұсақ, өлшемі 0,0000002 см. Пішіні : шар,таяқша, жіп, сопақша болады.

  • Туғызатын аурулары: тұмау, қызылша, гепатит (сары ауру) ,шешек, ұшық,сал ауруы (полиомиелит), ЖҚТБ т.б.

  • Зияны: адам, өсімдік, жануар ағзасына еніп, ауру туғызады.

  • Ашылуы: 1892 жылы орыс микробиологі Дмитрий Иосифович Ивановский темекі өсімдігінің теңбілін зерттеп ашқан.

  • Терминді ғылымға енгізген: 1899 жылы Нидерланд ботанигі және микробиологі Мартин Виллем Бейерник

  • Бактерия (грекше: “таяқша”) – ядросы толық қалыптаспаған, біржасушалы ағза. Оларды микроскоп арқылы ғана көре аламыз.

  • Ашылу тарихы: бактериялар жайлы алғаш деректі 1683 жылы голландиялық ғалым Антон Левенгук ашты. Бактериялар ХҮІІ ғ. Ұлғайтып көрсететін аспаптың көмегімен зерттелді.

  • А.Левенгук 150-270 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, онымен тоқтау су, теңіз суының тамшысы, бұрыштың тұнбасын т.б. қарады.

  • 1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

  • Бактерияларды зертейтін ғылым: миробиология.

  • Микробиология (грекше “микрос” – кішкене, “логос” – ғылым) – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым.




  • Цианобактериялар деп бактериялардың фотосинтез үрдісі жүретін жасыл-қызыл түсті өкілдерін айтады.




  • Цианобакерияларың жасушаларының пішіні цилиндр, шар тәрізді. Сыртын қалың сілемейлі қабық жабады. Жасуша қабығы үш қабаттан тұрады. Сыртын және ішін цитоплазмалық жарғақша жабады. Сыртқы боялған бөлігі- хромотоплазма, ішкі түссіз бөлігі- орталық плазма деп аталады. Хромооплазмасында цитоплазманың тығыздалуынан пайда болған жарғақшаларды қоршай орналасқан хлорофилл және көк, қызыл пигменттері болады. Орталық плазманың нағыз ядродан айырмашылығы- сыртын қоршаған 2 қабат жарғақшасы, хромосома жіпшелері, ядрошығы болмайды. Орталық плазма қатарласа орналасқан жіпшелер күйінде болады. Нағыз ядросы болмағандықтан, цианобактериялар жасушалары қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді.



Сабақты бекіту:



1.Олар жасушасыз тіршілік құрылымы болып табылады.

а) бактериялар ә) вирустар б) саңырауқұлақтар

2.Бактерия жасушасына енген вирус:

а) бактериофаг ә) спора б) бактерия

3. Тұмау, сары ауру, шешек,қызылша ауруларының қоздырғышы:

а) бактерия ә) вирус б) бактериофаг

4.Таяқша тәрізді бактериялар:

а) бацилл в) кокка с) спирилдер

5. Шар тәрізді бактериялар:

а) кокка в) вибрион с) бацилл

6.Бактериялардың фотосинтез үрдісі жүретін көк-жасыл, қызыл түсті өкілдері:

а) түйнек бктериялары в) цианобактериялар с) шіріту бактериялары








Бағалау:оқушыны бағалау
Үйге тапсырма:Прокариоттар және вирустар.

«Спид» тақырыбына іздену жұмысы



Дәптермен жұмыс жасау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет