Сабақтың мақсаты: а Оқшыларға операциялық жүйелер туралы мағлұмат беру



жүктеу 26.36 Kb.
Дата19.09.2018
өлшемі26.36 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер

Сабақтың мақсаты: а) Оқшыларға операциялық жүйелер туралы мағлұмат беру.

ә) ОЖ-нің даму тарихымен, жіктелу түрлерімен таныстыру.

б) ОЖ-нің жіктелу белгілері бойынша түрін анықтау.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер, интерактивті тақта, плакат, оқулық

Сабақтың барысы:

І - ұйымдастыру.

а) Оқушыларды түгелдеу

ә) Сабаққа дайындығын текреу.

б) Сабаққа назарларын аудары.



II. Үй тапсырмасын тексеру:  сұрақ-жауап арқылы сұрау

Бәйге 1

1) Компьютер жанындағы өсімдік



кактус

2) Баспаға шығару құрылғысы



принтер

3) Бос орын қалдыру пернесі



пробел

4) Функционалды пернелер нешеу?



12

5) Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі



Бит

Бәйге 2

1) Компьютердің негізгі негізгі құрылғыларын ата



пернетақта, монитор, жүйелік блок

2) Компьютердің миы



процессор

3) Информатика пәні нені зерттейді?



ақпараттық процесстер

4) Жаңа жолға түсу пернесі



Enter

5) Деректерді сақтауға арналған құрылғы



Жад

Бәйге 3

1) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас



интерфейс

2) Windows дегеніміз не?



операциялық жүйе

3) Қағаздағы кескінді түсіріп, мониторға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы?



сканер

4) Компакт дискіні басқаша қалай атайды?



лазерлік диск

5) Ақпараттық процесстерді қандай әрекеттер жатады?



жеткізу, өңдеу, сақтау

ІІІ Жаңа сабақ

Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді, жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды.



  • Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқанда жүктелетін және оның барлақ құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама (Ермеков, Қараев 8 кл. оқу құралы).

  • ОЖ – компьютердің аппараттық бөлігі мен қолданбалы бағдарламаларды, пайдаланушымен өзара әсерді басқаруды қамтамасыз ететін бағдарламалық орталардың жиынтығы

(К.М. Беркінбаев оқулық).

  • ОЖ – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі бұйрықтарды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік бағдарламалар. (О.Камардинов оқу құралы)

Операциялық жүйелердің басты қызметібұл ресурстарды басқару, ол басқаратын негізгі ресурс – компьютер аппаратурасы

Операциялық жүйе құрамы.

  • базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады, оған жетуге жол ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу.

  • шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді;

  • қосымша сервистік программалар (утилиттер) – қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді.

Демалыс сәті:

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жаса

Ойлан тап

Берілген сөзден жаңа сөздер құрастыру қажет.

ИНФОРМАТИКА

БАҒДАРЛАМА



ПЕРНЕТАҚТА

Сабақты бекіту.

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйенің басты қызметін ата.

  3. Операциялық жүйенің құрамын ата.

  4. ОЖ-ді негізгі ерекшеліктеріне байланысты жіктеу.

Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма

Бақылау жұмысқа дайындалып келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Қалалық көркемсурет лицейі – юнеско клубы «Графика және оның түрлері»
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Кинотеатрға барамыз. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> Сабақ№ Сыныбы Күні
lessons -> Сабаќ жоспары бекітемі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділігі
lessons -> Ќайырбек Оразов атындаѓы
lessons -> «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
lessons -> Диктант 5 сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет