Сабақтың мақсаты: Білімділігі оқушыларға жерде тіршіліктің дамуы туралы мағлұмат беру



жүктеу 29.93 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі29.93 Kb.
түріСабақ

Cабақтытың тақырыбы: Жерде тіршіліктің дамуы.

Күні:


Пәні: Биология

Сыныбы: 9

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі - оқушыларға жерде тіршіліктің дамуы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы - оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілетін

арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Тәрбиелілігі - адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, география

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Ғаламшарымыздың биологиялық тарихы

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Бекіту

V. Қорытындылау

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Храмсояудың тамыры мен жапырактарынын жойылу себептерін қалай түсіндіресіңдер?

2.Арамсояу немен және калай қоректенеді?

3.Органикалық зат түзе ме?

4.Биологиялык регрестің биологияльш. прогрестен кандай

айырмашылығы бар?

5.Дегенерациянын қанша жолы бар?

6.Жануарлардағы дегенерация мысалдарын талдап беріндер.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жер кабатындағы тасқа айналып сақталып қалған қалдықтарынан

зерттейді. Сондықтан геологиялық кабаттар Жер тарихының тас шежіресі. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронологиялық әдіс колданылады. Әрбір геологиялық

дәуірдің өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін қабаттардың орналасу тәртібінің сұлбасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Организмдердің пайда болу жүйелілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын біліп, ғалымдар ғаламшар

тарихынын хронологиясын тіршіліктің дамуын сипаттады. Жер тарихының шежіресі. Жер тарихы — заманға; заман — кезеңге;

кезең — дәуірге; дәуір — ғасырға бөлінеді Бір заманның аякталуы мен

келесі заманның басталуының арасында құрлық пен теңіздің

арақатынасының өзгеруі; тау түзілудің қарқынды жүруі — жер бедерін

өзгертіп, кайта құрады. Заманның аттары.

1. Архей — ежелгі заман.

2. Протерозой — алғашқы тіршілік.

3. Палеозой — ертедегі тіршілік.

4. Мезозой — ортадағы тіршілік.

5. Кайнозой — жаңа өмір.

Архей заманында тіршіліктің дамуы. Архей заманьшда аспанды

түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанар таулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз еді. Тау жыныстарының кұрамында графит көп болған. Ғалымдар графит тірі организмдердің құрамына кіретін органикалық қосылыстардың қалдығынан түзіледі деп есептейді. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда қабығы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болған. Олар суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Сондықтан алғаш пайда болған тірі организмдер — гетеротрофтар деп есептеледі. Канада, Австрия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер — строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі аныкталған. Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар — прокариоттар архейде тіршілік еткен. Шөгінді жыныстар — темір, никель,

марганецтерге де бактериялардың қатысы бар. Көк-жасыл балдырлар

мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да зат алмасу жақсы

дамып көбеюге қабілетті болтан. Жер бетінде тіршілік эволюциясында

фотосинтездің болуы — ең басты кезең. Себебі фотосинтез органикалық

дүниені жануарларға және өсімдіктерге бөлуге себепші болды. Ең алғашкы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар — көк-жасыл

балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табигат эволюциясындағы ірі ароморфоз фотосинтез процесінін жүруі.

Архей заманының соңында ең алғашқы колониялы балдырлардың

шыққандығына Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған

қалдыктардың табылғаңы дәлел.

Протерозой заманында тіршіліктің дамуы. Протерозой — Жердің тарихи



дамуындағы ең ұзаққа созылған заман.
Қорытындылау

Үй тапсырмасы:
Каталог: uploads -> doc -> 05e0
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
05e0 -> Жамбыл мәңгі жаңғырық! (Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет