Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сақтардың тарихы, мекендеген орны, шаруашылығы, тұрмысы



жүктеу 29.32 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі29.32 Kb.
түріСабақ

Бутакулова Гүлназ,

№3 мектеп-интернатының

тарих пәні мұғалімі

Сақтардың мәдениеті мен өнері
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сақтардың тарихы, мекендеген орны, шаруашылығы, тұрмысы

мәдениеті мен өнері және елі үшін Тәуелсіздік жолындағы күресі туралы оқушыларға толық түсіндіру.



Дамытушылығы: Сақ елінің тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың

ой өрісін дамыту.



Тәрбиелігі. Елін, Жерін сүюге, білімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сайыс, топтастыру, сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, оқулық, дәптер, слайдға суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Қорытынды

ІҮ Жаңа материалды түсіндіру

Оқушыларды 2 топқа бөле отырып, әр топқа ат қойылады.

І топ Қайсар

ІІ топ Жігер



Бәйге ойыны: Үй тапсырмасын сұрау, сұрақтар арқылы білімдері тексеріліп, бекітіледі.

І топ

1. Сақтар нешінші ғасырда және қай жерлерде мекендеген?

2. Грек парсы жазбаларында сақтарды қалай атаған?

3. Сақ тайпаларын басқарған адамды кім деп атаған?

4. Сақ елінің патшайымы кім?

ІІ топ


  1. Сақтар неше топқа бөлінеді?

  2. Сақтардың тұрмысы туралы не білесіз?

  3. Жылқының неше түрі болды, оларды ата?

  4. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдар неше топқа бөлінеді және оларды ата?

Ойын «Сиқырлы қоржын»

  1. Көсем қаза болса, сүйегін арбаға салып ............?

  2. Кирдің Томириске елші жіберу мақсаты не еді?

  3. І Дарий сақтарға қарсы жорықты қай жылы жасады?

  4. Сақтар б.з.д. нешінші ғасырда өмір сүрді?

Жаңа сабақтың жоспары

  1. Сақтардың мәдени мұралары

  2. Зерегерлік өнер

  3. Діни нанымдары


Сақтардың мәдени мұралары. Еуропадан бастап, Азияның орталық алып тауларына дейін созылған жазық дала, таулы, орманды өлке, басынан талай тарихты өткізген. Қай заманда болса да адам баласының өмірінде мәдениеттің атқарар қызметі зор. Мәдени мұралардың Қазақстан жеріндегі қалдық белгілері алуан түрлі. Олар алдымен адамдар мекендеген орындар, құрылыстар, от-ошақ орындары, қарулар, қоректенген азық қалдықтары, аулаған аң, баққан мал сүйектері. әсіресе садақ оғының ұшы, найза, пышақ, шақпақ, қайрақ, балта, балға , шоқпар, құмыра ыдыстар сынығы сияқты тас құралдар көп кездеседі. Молалардан, тас қорым обалардан адам сүйектерімен бірге көп бұйымдар, бертінгі заман молаларынан қола заттар, алтын-күміс бұйымдар ұшырасады.

Зергерлік өнер. Сақтарда зергерлік өнер жақсы дамыған. Суретші, мүсінші шеберлер құю ісімен, алтынды қалыпқа түсіру ісімен айналысты. Жануарардың басы бейнеленген тарақтар, көзі бар қымбат сырғалар, жүзіктер, белдіктер жасаған. Сақтардың зергерлік өнерінде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі кең таралған.

Діни нанымдары. Сақтарда діни нанымдар ерекше дәріптеледі, әрі алуан түрлі болып келеді. Отырықшы сақтар Жерді киелі деп білді. Олардың түсінуінше, Жер-Ана киелі күш иесі болып есептеледі. Көшпелі сақтар күнге, отқа, соғыс құдайына табынған. өлген адамның аруағына сиынды, ол қайта тіріледі деп есептеді.

Ойын «Шыңға жету»

10-сұрақ

1. Апасиактар дегеніміз кімдер?

2. Сақтардың мәдени мұраларын ата.

20-сұрақ

1. Кирдің Томириске жазған хаты, оның ойы қандай еді?

2. Томиристің ұлы Спаргаптың қазасы туралы не білесің? Томирис Кирді қалай жазалады?

30-сұрақ

1. І Дарийдің шапқыншылығы және Шырақтың ерлігі туралы не білесің?

2. Сақтардың мәдени мұралары мен діни нанымдары қандай болды?
Ойын соңынан «ұпайларын» қосып жеңімпаз анықталады.

Ойын «Ескеріп есте сақтау»


  1. Шірік Рабат қай өңірде?

  2. Есік қорғанынан табылған «...................». Бұл қорған қай жылдары зерттелді?


ІІІ Қорытындылау Ассоциация
Өжет Мал шаруашылығы

Батыл Зергерлік өнер

Ел Егін ша-

руашы-

Жауынгер лығы



Қазақ- Діни наным-

тың Тайпа дары

арғы тегі

Қайсар Сақтардың мәдени



мұралары

Сабақта оқушылар білімін бағалау, әр топ берілген белгілер арқылы бағаланады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет