Сабақтың мақсаты: Білімділігі



жүктеу 39.44 Kb.
Дата26.04.2019
өлшемі39.44 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:  Координаталары бойынша нүктені салу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі:  Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын таба білу, координаталары берілген нүктені координаталық жазықтықта сала білу дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: а) Суреттер бойынша нысананы көздей отырып, нүктелердің координатын табу және оны жаза білуге дағдыландыру.
ә) Деңгейлік есептер шығарта отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау қасиеттерін дамыту. 
3. Тәрбиелілігі: Әдептілікке , ұқыптылыққа үйрету

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, үлестірме қағаздар

Сабақтың жоспары:

І Танымдық деңгей 1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру (5мин)

Өткен сабақты қайталау (5мин)

ІІ Алгоритмдік деңгей 3. Жаңа сабақты түсіндіру(10мин)

ІІІ Эвристикалық деңгей 4. Сабақты бекіту (15мин)

IV Шығармашылық деңгей 5. Сабақты қорыту (5 мин)

6. Үйге тапсырма беру(1мин)

7. Бағалау (2мин)

Жеке оқушымен жұмыс: Деңгей бойынша тапсырма беру

Сабақтың барысы:

Танымдық деңгей

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, көңілдерін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақты қайталау

Үйге берілген тапсырманы тексеру барысында тақтада алдын ала дайындалған үй тапсырмасының есептерінде түсіп қалған сандар, амалдар немесе белгіні орнымен қою керек болады.

№1133

(ауызша сұрақтар)



1) Тік бұрышты координаталар жүйесі дегеніміз не?(Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу)
2) Тік бұрышты координаталар жүйесі қандай ұлы математиктің есімімен аталады?(француздың ұлы математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады)
3) «Координаталар» сөзі қазақша қандай мағына береді(латынның «coordinatus» –қазақша «реттелген» деген мағына береді).
4) Координаталық түзулер қалай аталады? (координаталық осьтер)
5) Көлдененнен сызылған координаталық түзу қалай аталады?(абсцисса осі)
6) Тігінен сызылған координаталық түзу қалай аталады?(ордината осі)
7) координаталар осьтерінің қиылысу нүктесі қалай аталады?(координаталар басы)
8) Координаталар осьтері жазықтықты неше бөлікке бөледі және оларды қалай атаймыз?(4-ке бөледі, ширектер)
9) Ширектердегі абсциссалар мен ординаталардың таңбалары қандай?(І ширек (+;+); ІІ ширек(-;+); ІІІ ширек(-; -); ІV ширек(+;-))


Алгоритмдік деңгей

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Мысалы, берілген координаталық жазықтықта D(-3;4) нүктесін салу керек болсын. D (-3;4) координаталары бойынша нүктені салу үшін:
1.абсциссалар осінен -3 нүктесін тауып,осы нүкте арқылы Ох-ке ⊥ түсіреміз;
2.ординатасы 4 болатын нүктені тауып,осы нүкте арқылы Оу осьіне ⊥ жүргіземіз;
3.түзулердің қиылысу нүктесі – ізделінді нүкте; D (-3;4)


Электронды оқулықтан тапсырмалар орындату

Эвристикалық деңгей

ІҮ Сабақты бекіту

Оқушыларға деңгей бойынша тапсырма беру





3. Оқулықпен жұмыс (оқулықтан есептер шығару)
№1124 №1125 №1126 №1134 №1135


Шығармашылық деңгей

V. Сабақты қорыту

Берілген координаталары бойынша сурет салу

Координаталық жазықтықта нүктелерді координаталары бойынша белгілеп, ненің суреті шығатынын анықта:



а) (1;–3), (1;2), (5;6), (6;5), (6;6), (7;6), (7;4), (9;2), (9;–3), (1;–3)

ә) (4;–1), (4;1), (6;1), (6;–1), (4;–1)


Координаталық жазықтықта нүктелерді координаталары бойынша белгілеп, ненің суреті шығатынын анықта:

а) (–4;2), (–3;3), (–2;3), (0;4), (1;4), (–1;3), (1;3), (–2;2), (–1;1,5), (1;1,5), (3;0), (4;–2) (4;–3), (5;–2), (4;–4), (–1;–4), (0;–3), (1;–3), (0;–2), (–2;–4), (–3;–4),

(–2;–3), (–2;–2), (–3;1), (–4;1), (–4;2) ә) (–3;2)




Координаталық жазықтықта нүктелерді координаталары бойынша белгілеп, ненің суреті шығатынын анықта:

а) (–9;2), (–6;–1), (–1;–1), (1;8), (2;6), (3;8), (4;5), (6;4), (5;3), (7;1), (7;2), (8;2), (8,–3), (4;–4), (4;–3), (1;–1), (3;–8), (1;–8), (–1;–5), (–5;–4), (–5;–8), (–8;–8), (–8;–1), (–9;2) ә) (4;2)



VI. Үйге тапсырма: №1136 №1137

VII. Бағалау




«5» Шығармашылық деңгей






«4» Эвристикалық деңгей



«3» Алгоритмдік деңгей



«2» Танымдық деңгей



Оқушылардың аты

функциясының графигін сал

функциясының графигін сал

функциясының графигін сал

функциясының графигін сал


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет