Сабақтың мақсаты: Білімділік : қазақ халқының мәдени даму деңгейімен



жүктеу 41.94 Kb.
Дата02.05.2018
өлшемі41.94 Kb.
түріСабақ

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Иргалиева Жазира


Тақырыбы: Ұлттық құндылықтарымызды аялайық!

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: қазақ халқының мәдени даму деңгейімен,

олардың тұрмыс тіршілігіндегі, салт – дәстүріндегі

ерекшеліктермен таныстыру.

2.Дамытушылық: ұлттық мәдениетке деген

қызығушылықты оята отырып, оқушылардың бойында

ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, достық пен татулыққа, ел

тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті

арттыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, буклеттер, интерактивті тақтадан слайдтар

көрсету.


Сабақтың барысы:

Оқушылар үш топқа бөлініп білімдерін жарыстырады. «Бәйге» - қазақтың ұлттық ойыны, ат жарысы. Белгілі бір мерекелі күндерде, аламан бәйге жариялау – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Бұл бәйгеден озып келу атың жүйрік те, төзімді болуына, шеберлігіне байланысты. Сөйтіп «Білім бәйгесінің ұраны» Күш білімде! деп бәйгемізді бастайық.

Бәйге 8 жарыс түрінен болады:

І.Тіркелу.

ІІ.Жорға жарыс.

ІІІ.Теңге алу.

Ү.Қыз қуу.

ҮІ.Көкпар.

ҮІІ.Аударыспақ.

ҮІІІ. Ханталапай

Осынау дүбірімен күй ақтарған,

Бәйгеден озып келу сияқты арман,

Туған ел үшін үміт үзбей қарап отыр,

Тұлпардан қалаған өңкей тұяқтардан,

Алдағы бір баратын бағыт анық,

Сәйгүлік екеніңді тағы таныт

Бәйгеде аттың басын тартпас болар,

Ал енді тізгініңді ағыталық.



І. Тіркелу. (Оқушыларға бір күн бұрын топтың атын, төсбелгісін белгілеу үшін

тапсырма беріледі.)

Тұлпар ,Сұңқар ,Барыс топтары.

Шарты: Әр топ өз атын, төсбелгісін тіркейді.

ІІ. Жорға жарыс.

Шарты: сұрақ – жауап, әр топқа он сұрақтан беріледі.

1.Тұлпар тобына: 1. Киіз үйдің төбесі? (шаңырақ)

2.Жүннен тоқылған бұйым?(алаша)

3.Жазғы сырт киім? (шапан)

4.Келіншектің бас киімі?(сәукеле)

5.Әлі атын жоймаған қала? (Түркістан)

6.Киік терісінен тігілген киім? (жарғақ)

7.Жылдың басы қай ай? (наурыз)

8.Қазақтардың компасы? (темір қазық)

9.Түйе иесі? (Ойсылқара)

10.Юпитердің қазақшасы? (есекқырған)



2.Сұңқар тобына: 1.Киіз үйдің қабырғасы? (кереге)

2.Жүннен басылған төсеніш? (киіз)

3.Қазақтың қыстық киімі? (күпі)

4.Әжелердің бас киімі? (кимешек)

5.Түйе сүтінен сусын? (шұбат)

6.Сиыр иесі? (Зеңгі баба)

7.Қазақша жыл басы? (тышқан)

8.Жазғы жайылым? (жайлау)

9.Жылқы иесі? (Қамбар ата)

10.Айттырылған қыз? (қалыңдық)



3.Барыс тобына :

1. Ұлттық бала жиһазы?

2.Жүннен басылған аяқ киім?

3.Бала өмірге келгенде жасалатын ең алғашқы дәстүр?

4.Қыздардың шашына тағатын әшекей?

5.Әулеттің үлкені кім?

6.Қыста қоныстайтын аймақ?

7.Алғашқы мүшел?

8.Немеренің баласы кім?

9.Сиыр иесі?

10.Ағаның әйелі?
ІІІ. Теңге алу.

Шарты: Топ мүшелері қазақ халқының әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлері

бойынша сөздікпен жұмыс. Сөздік оқылады, ал топ мүшелері тез жауап

берулері тиіс.

Азан – таңартеңгілік намазға шақыру.

Азан шақырып ат қою – нәрестеге ат қою.

Айға бата беру – жаңа ай туғанда айтылатын ырым.

Асар – бір істі көпшлік болып көтеріп алу.

Ауыз тию – ұсынылған астан дәм тату.

Базарлық – тойдан келгенде әкелетін сый.

Байғазы – сыйлық көрімдік.

Бауырына салу – бала қылып асыру.

Ерулік – жаңа көшіп келген көршіні қонақ ету.

Жеті ата – шежіренің бастауы.

Кіндік шеше – жаңа туған баланың кіндігін кескен кісі.

Қалың мал – қалыңдық үшін берілетін төлем.
ІҮ. Желіс жарыс.

Шарты: қазақтардың шаруашылығы негізінен мал, бұл жарыста топтар бір –

біріне кез – келген малдың атын айтады және қарсы топ сол малдан

алынатын өнімді,төлін,иесін айтады.

Сиыр – сүт. Сиыр-бұзау.Сиыр-Зеңгі баба


Ү.Қыз қуу.

Шарты: Әр топтан бір ұл, бір қыз шығады, бір – біріне бес сұрақтан қояды. (Олар

бір – бірінен бес қадам алыс тұру керек, егер ұл қыздың сұрағына жауап

берсе бір қадам аттай береді)сұрақтарды алдын – ала өздері даярлап алып

келеді.


ҮІ.Аударыспақ.

Шарты: Орыны ауыстырылып берілген сөздерді екі топ тез – тез дұрыстап жазу

керек.
Тұлпар тобына: Барыс тобы:



Қарыңаш – (шаңырақ) Зыруан – (наурыз)

Напаш – (шапан) Рашатеб – (беташар)

Сықа – (асық) Табұш – (шұбат)

Арыбмод – (домбыра) Егерек – (кереге)

Ыплош – (шолпы) Нақабытла – (алтыбақан)
Сұңқар тобына:

Елекуәс – (сәукеле)

Қамыт – (тымақ)

Ағасоб – (босаға)

Зыбоқ – (қобыз)

Кісеб – (бесік)

Қыдңылақ - (қалыңдық)

ҮІІ. Көкпар.

Шарты: Тұрмысқа, салт – дәстүрге қатысты сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға 3

топ жарыса жауап береді.


1.Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балаларда қатысады. Ол үшін ала жіп, көк шөп, қайшы және жүйрік адам керек. Бұл не? (тұсаукесер)
2.Ол тойларда беріледі. Көп адам бір затқа таласады. Оған жүйрік ат та, білек күші де керек. Оны жеке – жеке немесе топқа бөлініп те жүргізеді. Бұл не? (көкпар)
3.Ол үй жиһаздарының бірі. Тұрмыс қажетіне де, сәндік бұйым ретінде де қолданылған. Ол әр түрлі қызмет атқарады, соған лайық түрліше аталады және үй ішінің әр жерінен орын алады. Кейде онымен адамды да тасиды не жасырады. Ол не? (сандық)
4.Оны негізінен үлкен апалар киеді. Оны әйелдердің жасына қарай әр түрлі етіп әрлеуге болады. Ол қазақ әйелдеріне ғана тән айбын, көрік береді. Қазір көп қолданылмайды. Ол не? (кимешек)
ҮІІІ. Ханталапай

Шарты: 3топ өздері үйден әзірлеп алып келген бас қатырғыштарды шешу.
Қорытынды: Ұпайлары есептелініп жеңген топ марапатталады және жеке оқушылар бағаланады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет