Сабақтың мақсаты: Білімділік : көлеңкеге төзімді өсімдіктің тірі табиғат екенін



жүктеу 42.23 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі42.23 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік : көлеңкеге төзімді өсімдіктің тірі табиғат екенін

дәлелдеу. Өсімдік мүшелері, оның тұқымнан

өсетіні, атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті

жағдайлар туралы түсінік беру.
Дамытушылық : Оқушылардың өсімдік туралы білімдерін

кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : өсімдіктің адам және жануар өміріндегі маңызының

зор екенін меңгерте отырып оны қорғауға, ажырата

білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кесте, мақал- мәтелдер, буклет.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс
Пәнаралық байланысы: Бейнелеу, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу

2. оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайланып,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Салыстырмалы кесте І топ

Гүл бөлімдері

1

2

3

4

5

6




















1. Гүл бөлімдерін жазыңдар.

ІІІ. Оқушы білімін тексеру

«Күннің көзін бұлттан ашу» ойыны.

  1. Жыл маусымдарында ағаштың өзгеруі ?

2 . Өсімдіктің тіршілік формалары?

  1. Бұталардың тіршілік формаларын ата?

  2. Өсімдіктердің пайдасы қандай?

  3. Өсімдіктердің ауаға тигізер пайдасы?

  4. Өсімдіктердің маңызын ата?

ІV. Жаңа сабақтың мақсатын қою.

Оқушыларға көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы толық мағлұмат беру.



V. Жаңа сабақ
Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.

Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды.



Қырлышөп– биіктігі 0,4-1,2 см, қалың қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық сары түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз айларында гүлдейді. 
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жеррлерде өседі 
Әйкен - ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының 
сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері

өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. 

Саумалдық – биіктігі 1,5 метірге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры-жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3 тен орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған. 
Қырыққұлақ- биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама –қарсы орналасқан 
уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді. 
Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі. 
Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы , С витамині емдік заттары бар. 

Қазтабан – тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр –шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым – шілде айларында піседі. 
Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі. 
Сергіту (қимылмен)
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Қызыл - жасыл гүлдері
Көздің жауын алады
Үзіп - жұлмай бекерге
Аялайық біз оны!
VІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

Қырлышөп


Әйкен Саумалдық



Қазтабан


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Оқушылар бүгінгі сабақта өздеріне ұнағандарын жазып «Білім ағашына» іледі.



Бағалау


Үйге тапсырма:Көлеңкеге төзімді өсімдіктердің суретін салу.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет