Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, табиғи



жүктеу 52.84 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі52.84 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: §36. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы.

Эволюцияның қозғаушы күштері.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, табиғи

сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру



Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта- қиялы мен қабылдауы сияқты

танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды

байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне, адамгершілік қарым-

қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.



Көрнекілігі: ғалымдар портреті, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Жеке оқушымен жұмыс

Сабақтың әдісі: суретпен жұмыс, ауызша, диктант, сандармен жұмыс,

сызбанұсқа



Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу.

Ә) түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (слайд арқылы).

«Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл»

(Ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері туралы оқушылар мағлұмат береді)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

1859, 3, 3000 (слайдтан көрсетемін)

Оқушылар осы сандар бойынша мәліметтер береді.

Мен осы тақырыпты әрі қарай жалғастырамын.

Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасында дүниеге келген. 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты мақсаты - Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция ЧилиГалапагосТаити аралдарынанЖаңа ЗеландияТасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікінеұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді. Англияға қайтқаннан кейін Дарвинкөгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты.

Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейльдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын - « Түрлердің табиғи сұрыптау жолымен шығу тегі» жарыққа шығарады. Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыпталу.


Дарвин мен Уолестің теориясы


1.Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән.

2. Барлық тірі организмдерге көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді. Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді. Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің, судың, жарықтың жетіспеушілігінен т.б. себептерден тіршілігін жояды.

3. Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарама – қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады.

4.Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп, ал ондай өзгергіштігі жоқтары жойылып отырады (табиғи сұрыпталу ).

5.Түрлердің көбейіп, ұрпақ қалдыруы – пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан – ұрпаққа беріліп бекітілуі. Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектін арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады.

Эволюцияның негізгі 3 қозғаушы күші:

Тіршілік үшін күрес Тұқымқуалау өзгергіштігі

Табиғи сұрыпталу

ІҮ. Сабақты бекіту.

Оқушылар қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптауды салыстыра отырып, кесте толтырады.






Қолдан сұрыптау

Табиғи сұрыптау

Әсер етуші фактор

адам

табиғат

Артықшылығы







Кемшілігі







Ұқсастығы








Үлестірме (қосымша мәлімет).

Ч.Дарвин өмірінің кезеңдері

 1809 жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери қалашығында дәрігер отбасында өмірге келді

 1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі.

 1828 жылы Кембридж университетінің дін факультетіне түсіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алады.

 1831 жылы Ч.Дарвин солтүстік Уэльс геологиялық экскурсиясынан оралған соң, Кембридж университетінің профессоры Джон Генслодан хат алды. Хатта Дж. Генсло «Бигль» кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатынын хабарлап, Дарвиннің осы саяхатқа табиғат зерттеушісі ретінде қатысуын өтінді. Ч. Дарвиннің 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп деректер жинайды.

 «Бигль» кемесінің мақсаты:

Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен Тынық мұхит аралдарының картасын жасау.

 Кеменің саяхаты 1831жылы 27 желтоқсанда басталып, 1836жылы 25қазанында аяқталады.


Ч.Дарвиннің еңбектері

 «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы” (1859)

 “Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” (1868)

 “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” (1871) және т.б.


Ү. Үйге тапсырма. §36. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы.

Эволюцияның қозғаушы күштері.-оқу.

А,В,С, деңгейлерін орындау.
ҮІ. Рефлексия. Бағалау.

М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ




«Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы.

Эволюцияның қозғаушы күштері»

Өткізген: Тлепова Н.Б.-Биология пәні мұғалімі



Сайқын ауылы
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет