Семіздік бойынша денсаулық сақтау саласының маманы Аманда Блэк диетаның салмақ тастау кезінде тиімсіз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos/belchonock

Аманда Блэктің айтуынша, салмақ тастауда кей азық-түлік түрлеріне шектеу қою қажет.

"Ең әуелі, адам салмақ жоғалтпас бұрын жақсы тамақтануы керек. Себебі күнделікті тұтынатын тағам адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді. Ал тамақтануға шектеу қойса, адам бойында зиянды әдеттер пайда болуы мүмкін", – деді сарапшы.

Маман өзіңізді қинап, аш жатудың немесе дәмсіз тамақ жеудің қажеті жоқ екенін айтады.

"Әрқашан жеткілікті мөлшерде қалыпты тамақтанып отырсаңыз, тез арықтауға болады. Қатты тойып алып жемеу керек. Тамақтану процесіне саналы түрде қарап, одан ләззат алуды үйренсеңіз, аз болса да, құнарлы тамақтануды әдетке айналдырасыз", – дейді Аманда Блэк.

  • Дәрігер арықтауға көмектесетін шайдың 6 түрін атады

  • Еттен кейін Coca-Cola ішу дұрыс па – Танымал жарнамаға қатысты маман пікір білдірді

Бұдан бөлек, ол тамақты "жаман" немесе "жақсы" деп бөлудің мағынасыз екенін атап өтті. 

"Артық салмақтан арыла алмай жүргендердің басты проблемасы, ол "зиянды" өнімдерді жеуден емес, керісінше, шамадан тыс тамақтанудан болып отыр.

Еске сала кетейік, эндокринолог Зухра Павлова ұйықтарда сүт өнімдерін ішу семіздікке әкеліп соғатыны туралы жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.