Сабақтың мақсаты: Білімділік Жердің су қабығы, оның құрамы, дүниежүзілік су айналымы туралы түсінік беру



жүктеу 62.71 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі62.71 Kb.
түріСабақ

Гидросфера-Жердің су қабығы

Жармухамбетова Арухан Зейновна

М.Маметова атындағы № 27 физика-математика

бағытындағы мектеп-лицейінің

география пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Жердің су қабығы, оның құрамы, дүниежүзілік су айналымы туралы түсінік беру;



Дамытушылық

Топпен жұмыс істету арқылы, ойын жеткізе білуге үйрету арқылы, гидросфера туралы түсініктерін дамыту;



Тәрбиелік

Су-тіршілік көзі екенін ұғындыра отырып, оны қастерлеуге, ластамауға, үнемдеуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, карта, тест, сызба, бағалау жұлдызшасы.

Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, жинақтау, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: Биология, дүниетану, т.б.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ( Сынып екі топқа бөлініп, тапсырмалар орындап сайысады. Сабақ барысында екі топқа да ортақ тапсырмалар беріледі. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріліп отырады. Нәтижесінде көп жұлдызша жинаған « Жеңімпаз топ», көп жұлдызша жинаған « Білгір оқушы» анықталып, марапатталады).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . ( Үй тапсырмасын тексеруде төмендегі тапсырмалар орындалады).

1.Материктердің атын білесің бе?(сұрақ-жауап)

1.Бұл материкте өте ыстық, мұнда әлемдегі ең үлкен шөл - Сахара және ең ұзын өзен - Ніл орналасқан;

2.Бұл материкте өте суық, бірақ мұнда пингвиндер өмір сүреді, "құстар базары" бар;

3.Бұл материкті Солтүстік .... және Оңтүстік ...... деп айтуға болады;

4. Бұл материкте ерекше жануарлар өмір сүреді, олар: қалталы iбiлiс, түрпі, қалталы аю, кенгуру, т.б.

5. Бұл материк - ауданы бойынша ең үлкен материк, мұнда ең үлкен жазық пен ең биік тау бар.




2. Материктер мен аралдар тапсырмасы:

1. Материктерді үлкендігі бойынша 2. Аралдар қандай үш топқа



рет-ретімен орналастыр бөлінеді?









3. Кескін картаға материктерді тауып, боя.( интерактивті тақтадағы кескін картаға материктерді тауып бояп, атын жазады).


ІІІ. Жаңа сабақ.(Оқушылардың қызығушылықты оятып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында төмендегі суреттерді ұсындым. Оқушылар осы суреттерге қарап, жаңа сабақтың тақырыбын табу керек)

Ендеше жаңа сабақтың тақырыбы: Гидросфера-Жердің су қабығы .
1. Жаңа сабақ бойынша сабақ түсіндірілді.

Гидросфера – Жерді қоршап тұрған су қабығы.Ол жер бетінің ¾ бөлігін алып жатыр.

Гидросферадағы судың 97,5 %-ы ащы су болса, ал 2,5%-ы тұщы су. Тұщы су қоры дүние жүзінде өте тапшы. Дүние жүзіндегі су тынымсыз айналыста болады. Сол себепті жер беті буланып, жаңбыр жауып, тіршілік қалыптасады.

Дүние жүзіндегі жалпы су қоры-1360 млн.км 3 . Жер бетіндегі сулар – мұхит-тарда, өзен-көлдерде, мұздықтарда, жер астында, атмосферада кеңінен тарал-ған. Оны мына суреттен де көруге болады.



Су жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының дамып жетілуі үшін өте маңызды. Адам ағзасында 65 % су болуы тиісті. Олай болмаған жағдайда терінің құрғап қалуына алып келеді. Су құрамында белгілі мөлшерде тұз болады. Егер 1 литр су құрамында 35 грамм тұз болса, онда ол ащы су болып есептеледі.

Су 3 күйде бола алады .

Қатты күйде Сұйық күйде Бу күйінде



.

« Су-тіршілік көзі» демекші, тіршілік үшін судың маңызы өте зор. Сондықтан, барлық адамзат баласының міндеті- оны ұқыпты пайдалану, исараптамау, қорғау.



ІV. Бекіту. ( Жаңа сабақты бекіту мақсатында тапсырмалар орындалады).

1.Сандар әлемінде тапсырмасы. (Берілген цифрлардың нені білдіретінін анықтау)

97, 1, 2,5, 3, 65, 35.



2. «Кестеде көрсетілген денелер гидросфераның қай бөлігіне жататынын анықта» тапсырмасы.( Тиісті бағанға + белгісін қой)

Гидросфера бөліктері

Мұхит

Құрлық суы

Жер асты суы

Мұздық

Ауадағы су

Шалшық
















Байкал көлі
















Бұлақ
















Жайық өзені
















Құдық
















Бұлт
















Антарктида
















3. «Ойлан тап!» тапсырмасы

1. Тіршілік үшін судың маңызы қандай?

2. Егерде табиғаттағы су айналымы тоқтап қалса,

жер бетінде не болар еді?

4. Сөйлемді толықтыр» тапсырмасы:

1. Қар мен мұз ериді. Су........... күйге өтеді.

2. Судың қайнауынан............ пайда болады.

3. Судың қатуынан ............күйге өтеді.


V. Сабақты қорытындылау.

1. Гидросфера деген не?

2. Гидросфераны нелер құрайды?

3. Жер бетінің қаншасы су, қаншасы құрлық?

4. Тұщы су қоры неше пайыз?

5. Су қалай айналады?

6. Су қандай күйлерге ауыса алады?

7. " Су-тіршілік көзі" дегенді қалай түсінесің?



Сайысты қорытындылау:

«Жеңімпаз топ» пен "Білгір оқушы " анықталды.



VІ. Бағалау,марапаттау.

VІІ. Үйге тапсырма: « Гидросфера-Жердің су қабығы» тақырыбын оқып келу, сөзжұмбақтар құрастырып келу.

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы































№ 27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп-лицей

А ш ы қ с а б а қ

Тақырыбы:

«Ауадағы су буы, бұлттар, атмосфералық жауын-шашын»

Сыныбы: 6б

Пәні: Физикалық география.

Пән мұғалімі: Жармухамбетова А.З.

Орал-2016ж

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет