Полицейлер өзің салық қызметкері ретінде таныстырған ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Видео авторы компонияда жұмыс істемейтін ер адамның кіріп келіп, өзін сол жердің қызметкері ретінде таныстырған. Куәгердің сөзінше, ол бұрын Түрксіб ауданында салық қызметінің басшысы болғанын айтқан. Сонымен қатар күдікті Астанаға полиция департаментінің басшысымен көрісуге бара жатқанын айтып, қамқорлығы үшін 5 миллион теңге бопсалай бастаған.

Оқиға куәгері дереу полицияға хабарласып, кірістер департаменті мұндай қызметкер жоқ екенін айтқан.

Айта кетейік, оқиға Алматыдағы компаниялардың бірінің кеңсесінде болған.

"Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қызметкермен байланысты бопсалаудың жағдайы туралы ақпараттың желіде таралуына байланысты бұл ақпараттың жалған және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Біздің аталған оқиғаға байланысты қызметкеріміз жоқ екенін нақтылаймыз", – деп хабарлады Алматы мемлекеттік кірістер департаменті.

  • "Сіздің ұлыңыз тұтқындалды": Алматыда ер адам зейнеткерлерді сан соқтырып келген

  • "Не істегенімді түсінбедім": Қарағандылық әйел "Ұлттық банк қызметкерімін" деген алаяққа сеніп, несие алған

Алматыдағы кірістер департаменті мұндай жағдайлар болғанда одан әрі тергеу жүргізу үшін полиция департаментіне жүгінуді сұрады.

Еске салайық, Қостанай қаласының 76 жастағы тұрғыны интернет-алаяқтар кесірінен 23 миллион теңгесінен айырылып қалды. Зейнеткерге әлдекім белгісіз нөмірден телефон соғып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. Белгісіз біреу оның есепшотында ақшасы бар екенін, алаяқтар оны ипотекаға рәсімдемек болғанын айтқан.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.