Сабақтың мақсаты: «Биоақпараттандыру және синергетика»



жүктеу 46.85 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі46.85 Kb.
түріСабақ

Сыныбы: 7

Пәні: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты: «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясының Ауызша сабақ - 1 картасы бойынша Әмір Темірдің шыққан тегі және оның Орта Азияны билеген тұсында жасаған шапқыншылық жорықтары мен оның зардаптары туралы толық түсінікті қалыптасыру және өз түсінгендерін практикада қолдана білу. Оқушылардың өз бетінше ізденіс- шығармашылық жұмыс арқылы 63% оқу материалын меңгерту. Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру сөздік қорларын молайту.

Сабақ типі: «БиС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Технология: «БиС» технологиясы, «Ауызша сабақ -1» картасы .

Білім: тарихи анықтама, терминдер.

Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.

Дағды: жылдамдық, есте сақтау.

Сабақтың көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар; проектор.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:


  • Оқушылармен амандасып, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

  • Сынып лидері оқушыларды рухтандырады.

Үй тапсырмасын еске түсіру.

  1. Моғолстан мемлекеті қай ұыстың орнына құрылды? /Шағатай ұлысы/

  2. Моғолстанның құылуына басты рөл атқарған тайпа / дулат/

  3. 1348 жылы Моғолстанның ханы етіп сайланып кім таққа отырды / Тоғылық –Темір/

  4. Моғолстанды Мауаранахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салған кім / Әмір Поладшы/

  5. Мемлекеттің орталығы қай қала / Алмалық қаласы/

  6. Моғолстан қай дінді мемлекеттік дін деп қабылдады? /Мұсылман/

  7. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша бір күнде неше адам ислам дінін қабылдады? / 160 мың/

  8. 14ғ. аяғында Моғолстан жеріне кімнің әскері бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды? /Әмір Темір/

  9. Моғолстан мемлекетінің өмір сүрген уақытын анықта: /14ғ аяғы-16ғ. басы/

  10. 1365 жылы болған «Батпақ шайқасында» кім жеңіске жетті?/Ілияс-Қожа хан/

  11. Дулат тайпасының мұралық лауазымы қалай аталады? / Ұлысбегі/

  12. «Байпақ шайқасында» екі жақты шайқасында қанша адам қаза тапты: /10мың/

Сабақ барысы : І.МЖ (1 параққа 4мин тақырып 2,5 бет- 10 мин)

І.Кілтті сөздер немесе трек сөздерді есте сақтау. (12 сөзді 1мин жаттау, 1мин жазу)

1. Барлас / Әмір Темір шыққан тайпа/

2. Тарағай / Әмір Темірдің әкесі/

3-4. 1336-1405жж / Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары/

5. Құндызша /Тоқтамыстың әскерін қуып жетіп ойсырата жеңген жері/

6-7. 1372-1390жж /Әмір Темірдің Моғолстанға 10 шақты жорық жасаған жылдары/

8. Баязид / Осман сұлтаны/

9-10. Сарай-Берке /Алтын орданың астанасы/

11. Анкара /1402 жылы сұлтан Баязидке соққы берген қала

12. Сайрам /Моғолстанға жасалған жорықтарының алғашқы қалаларының бірі


ІІ. Мәтін бойынша қарама-қарсы сұрақ қойылады.

1. Моғолдардың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағайдың баласы -Әмір Темір

2. Әмір Темір 1370 жылы Мауараннахрды басып алып неше жыл бойы жеке дара билік жүргізеді. – 35жыл

3. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын қай мемлекетті әлсіретуді көздеді. – Ақ Орда

4. Ақ Орданың жеңілуіне әкеп соққан не жағдай болды. – Ұрыс хан мен баласы Тоқтақияның қайтыс болуы.

5. Ақ Орданың жеңілгенінен кейін Әмір Темір кімді Сауранда таққа отырғызды. – Тоқтамысты

6. Тоқтамысты жазалау үшін Әмір Темір 1391 жылы қанша әскермен қарсы жорыққа аттанды. – 200 мың.

7. Әмір Темір 1372-1390жж аралағында қай мемлекетке 10 шақты рет жорық жасады: Моғолстан

8. 1376 жылы Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін қанша адамдық әскер аттандырды: - 30 мың

9. Әмір Темірге қарсы 1380 жылдың аяғында одақ құрған мемлекеттер: Ақ Орда мен Моғолстан

10. 1404-1405 жылдарда Әмір Темір Қазақстанның қай өңірін басып алды: Оңтүстік Қазақстан

11. Әмір Темір қаза болған қала: - Отырар

12. Әмір Темірдің Қытайды жаулап алуына не кедергі болды? /Әмір Темірдің қайтыс болуы

13. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жердегі шайқас қашан өтті: 1391 жылы

14. Әмір Темірдің жорықтары қандай сипатқа ие болды: тонаушылық, басқыншылық

15. Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары: 1336-1405

16. Әмір Темірдің шыққан тайпасы: - барлас
ІІІ. Сыни сұрақтар

Оқушылар қойылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген жауап береді.


1. Әмір Темір 1370 жылы Мауараннахрды басып алды. /ия/

2. Әмір Темір Моғолдардың түркіленген байбақты руынан шыққан / жоқ барлас /

3. Әмір Темір 1330-1440жж өмір сүрген. /жоқ 1336-1405жж/

4. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын оның өзіне жақын жатқан Ақ Орданы басып алды. /ия/

5. 1376 жылы Ұрыс ханның дүние салуы, көп ұзамай оның ұлы Тоқтақияның қаза болуы Моғолстанның жеңілуіне әкеп соқты. /жоқ, Ақ Орда/

6. 1480 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін басып алды / жоқ ,1380 жылы/

7. Моғолстандағы жорығында шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттерді талқандап, қайтып оралды. / ия/

8. Әмір Темірдің Қытайды жаулап алуына сауда келісімі кедергі болды.

/ жоқ, Әмір Темірдің қайтыс болуы

9. Әмір Темір 1371-1372жж. Моғолстанға әскер аттандырды. /ия/

10. 1404-1405 жылдар аралығында Әмір Темір Солтүстік Қазақстан жерін жаулап алды./жоқ Оңтүстік Қазақстан/

11. Әмір Темірдің Қазақстан жеріндегі ұзақ жылдар бойы жасаған жорықтары оның 1405 жылы Түркістан қаласында қаза болуымен аяқталды.

/ жоқ, Отырар қаласында/

12.1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. /ия/

13.Әмір Темір 1400 жылы Қытайға шыққан жорығында қаза тапты.

/жоқ, 1405 жылы/

14. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке- дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 ж. аяғында одақ құруға әрекет жасайды. /ия/

15. Әмір Темір орасан зор империя құрды /ия/

ІV. Жаңа тақырып бойынша тақырыптық сөз қорын жазу. /5мин. уақыт беріледі./

  


Бағалау: 4-5 белгі 5 ұпай

3 белгі -4 ұпай

2 белгі -3 ұпай

«2» баға қойылмайды.



Қорытылау: Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады.

Үйге тапсырма: - § 31мазмұндау, 135 бет кестені толтыру. Тақырыпты бойынша қосымша тарихи деректер қарастыру.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет