Сабақтың мақсаты: Бір тамшы су



жүктеу 29.4 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі29.4 Kb.
түріСабақ

Сабақтың мақсаты: Бір тамшы су.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға су, оның тіршілік үшін маңызы т.б. туралы айтып, түсінік бере отырып, суды үнемдеп жұмсауға, қорғауға баулу.

Сабақтың әдісі: көрініс көрсету, ән айту, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, әртүрлі суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Бәрі: Табиғат анамыз,

Біз оған баламыз.

Қиындық күн туса,

Көмекке барамыз.

ІІ. Кіріспе:

1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! 3 б сынып оқушылары дайындаған «Бір тамшы су» деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

2 – жүргізуші: Тәрбие сағатымыздың «Бір тамшы су» деп аталу себебі: сәуір айы экология айлығы болып табылады. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау, суды қорғау, оның тіршілік үшін маңызы туралы айтып, дәлелдеу мақсатында осындай тақырыпты таңдап отырмыз.

1 – жүргізуші: «Су – тіршілік көзі» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Расында да сусыз тіршілікті көз алдыңа елестетпеудің өзі қиын. Солай емес пе?

2 – жүргізуші: Сусыз жердің беті шөл далаға айналып, шаң – тозаң көтеріліп, ауа да ластанады емес пе?!

1 – жүргізуші: Енді кезекті достарымызға берсек деген ой бар менде.

2 – жүргізуші: Дұрыс айтасың. Кезекті достарымызға берейік.

1 – жүргізуші: Үш топ біріге отырып, бір көрініс көретеді. Көрініс «Бір тамшы су».

ІІІ. Негізгі бөлім:



Автор:

Бір тамшы су – тіршіліктің тірегі,

Бір тамшы су ішсе гүл де күледі.

Жасыл желек желкілдейді күледі,

Бір тамшы су тіршілікке керегі.

Гүл:

Бір тамшы су көсегімді көгертер,

Бір тамшы су өмірімді өзгертер.

Бір тамшы су көңілімді көтерер,

Бір тамшы су бойыма күш, әл берер.

Торғай:

Бір тамшы су қандырады шөлімді,

Сүйемін мен қалың орман жерімді.

Су болмаса, орман қайда жайқалған?

Су болмаса гүл де болмас жайнаған,

Құс көрдің бе, шөлдеп тұрып, сайраған.


Балық:

Қара судың қасиетін білемін,

Өйткені мен ылғи суда жүремін.

Бір тамшы су қасиетіңнен айналдым,

Сусыз айтшы қалай өмір сүремін.

Жер:

Су болмаса, қалай көктеп, көгерем,

Білем, білем, шаң – тозаңмен көмілем.

Сусыз бетім тілімденіп, жарылар,

Мейлі жаңбыр, мейлі қар, тек сумен семірем.

Жеміс ағашы: Су боласа, қандай жеміс мен берем?



Табиғат: Суды үнемдеп жұмсаңыздар адамдар,

Торғай: Су болмаса шырылдайды торғайлар.

Балық: Су дегенің ауаменен бара бар,

Су болмаса көңілім менің алаңдар.



Бұлт: «Жаңбыр жауса жер ырысы» деген бар,

Нөсер жаңбыр саймен суды ағызар.

Тамылжыған табиғатқа сыйым бар,

Нөсерленген жаңбырымды қабыл ал.



Адам: Жаңбыр жауып, гүлдер түгел құлпырды,

Құстар келді мекеніне былтырғы.

Сай – салалар суға толды сарқырап,

Күннің көзі шыға келді жарқырап.

Ән: «Жау, жау жаңбыр» хормен.

(Экраннан су туралы слайд көрсетіледі)

2 – жүргізуші: І тапсырма: Су туралы мәліметтер, үш топқа(Оқушылар су туралы жинаған мәліметтерді оқиды)

1 – жүргізуші: ІІ тапсырма: І топқа мақал – мәтелдер айту.

2 – жүргізуші: ІІ топқа тыйым сөздер айту.

1 – жүргізуші: ІІ топқа жұмбақ айту. (Тапсырмалар орындалады)

2 – жүргізуші: Ойын «Бір тамшы суды төкпей жеткіз»

1 – жүргізуші: Сөзжұмбақ шешу. (Суды қорғау керек деген сөз шығады)

2 – жүргізуші: Елімізде осындай өзен – көлдер бар екен. Керемет!

1 – жүргізуші: Сонымен достар, су туралы не білдік?




ІІІ – топ ІІ – топ

Электр қуатын Өзен, көл, теңіз

Алады

Тынымсыз шипалы су жаңбыр, қар, сусыз өмір

айналыста мұз жоқ

жүреді минералды су

жер асты қорғау үнемдеп

сулары керек жұмсау керек

буға айналады
маңызы зор ластауға

болмайды
пайдалы


1 – жүргізуші: Сонымен достар, суды қорғау керек екен. Суды қорғауға ат салысайық, «Бір тамшы судың» қадірін білейік, - дей отырып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

2 – жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет