Сабақтың мақсаты: Эклиптика,зодиак шоқжұлдыздары, тоқырау күндері туралы ежелгі ғалымдардың көзқарасы жайлы түсіндіру



жүктеу 37.23 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі37.23 Kb.
түріСабақ

Күннің жылдық қозғалысы Күн жүйесі туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары

Сабақтың мақсаты: Эклиптика,зодиак шоқжұлдыздары, тоқырау күндері туралы ежелгі

ғалымдардың көзқарасы жайлы түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Механикалық қозғалыс дегеніміз не? Санақ жүйесі дегеніміз не? Автобустағы жолаушының қандай денелермен салыстырғанда тыныш отырғанын,ал қандай денелермен салыстырғанда қозғалып бара жатқанын көрсетіңдер?

ІҮ. Жұмбақ жасыру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту.

Күнді бақылай келе, ғалымдар ерте кезден –ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті ежелгі гректер Эклиптика деп атаған.Ол әлі күнге дейін астрономияда осы атауын сақтап келеді.Эклиптика зодиак шоқжұлдыздары (грекше зодиакос куклос жан-жануарлар дөңгелегі) деп аталатын 12 шоқжұлдыз арқылы өтеді. Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы шоқжұлдыздардың жиыны зодиак белдеуі деп аталады.Зодиак шоқжұлдыздарының әрқайсысында Күн бір ай шамасында болады. Эклиптика бойымен жылжи отырып, Күн аспан экваторын 21 наурыз және 23 қыркүйек қарсаңында болатын, күн мен түн теңесуі деп аталатын нүктелерде екі рет қиып өтеді.

Күн мен түннің көктемдегі теңелу нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады.Бұл күндерде Күн аспан экваторын басып өтеді, ал аспан экваторын аспан көкжиегі қақ бөледі. Ендеше көкжиек үстіндегі және астындағы Күн жолдары тең, яғни күн мен түннің ұзақтығы бірдей.

22 шілдеде күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашық орналасады. Бұл ең ұзақ күн –жазғы Күн тоқырау күні. 22 желтоқсанда Күн экватордан Оңтүстікке қарай ең алыс қашықтықта болады. Бұл ең қысқа күн -қысқы Күн тоқырау күні.

Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашқы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек қарастырылып, ЖЕР дүниенің қозғалмайтын центрі ретінде қабылданды. Мәселен Біздің заманымыздан бұрынғы ІҮ ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотель осы пікірді ұстанып,Жерді қозғалмайды деп есептеді. Аристотель Жер – Әлемнің табиғи центрі болғандықтан,ол ешқайда құлап кетпейді және барлық ауыр денелер осы центрге қарай ұмтылады деген пікірде болды.

Біздің заманымыздың ІІ ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы александриялық Клавдий Птолемей өзінен бұрын өмір сүріп,кейінгілерге жол салып кеткен Аристотель, Гиппарх т.б еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген, геоцентрлік (грекше гео- жер) жүйесін жасады.Ол дүниенің центріне қозғалмайтын Жерді қойды да , оны өзге шырақтар айналып жүреді деді.

Дегенмен планеталардың орналасуы жөніндегі бақылау мәліметтері молайған сайын Птолемей тұжырымдары түзетулер енгізуді талап етті.

Оны ХҮІ ғасырда ұлы поляк ғалымы Николай Коперник жүзеге асырды.

Николай Коперник (1473-1543). Поляк астрономы. Осы ілімі бойынша Жер басқа да

планеталармен бірге Күнді айнала қозғалады. (Әбу Райхан әл –Бируни еңбектерін оқушыға кітаптан оқыту.) Күн жүйесінің тоғыз үлкен планеталарымен қатар Марс пен Юпитердің арасында астероидтар деп аталатын көптеген кіші планеталардың орналасқаны белгілі болды.Алайда астрономдар бізге әлі де болса таныс емес планеталарды іздестіруін тоқтатқан жоқ.

Күн маңындағы планеталар: Меркурий,Шолпан,Жер.Марс.

Алып планеталар: Юпитер,Сатурн,Уран,Нептун

Сергіту сәті.

«Төртінші артық»

21 наурыз, 23 ақпан, 23 қыркүйек, 22 желтоқсан

Меркурий, Юпитер, Марс, Жер

Балықтар, Торпақ, Қарақұрт, Ешкі мүйіз

Юпитер, Сатурн,Уран, Шолпан

Қорытынды:

Астрономиялық жұмбақтар

Үйге тапсырма: §19 §20 оқу. Ұлы ғалымдар альбомын жасау



Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 06e2
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
06e2 -> Сабақ тақырыбы: Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері Сабақ мақсаты: Білімділік
06e2 -> Тіршілік ќауіпсіздігініѕ негіздері
06e2 -> Мақсаты: Көктем, мереке, ананы және оның аналық сезімін құрметтеуге, аналарға деген қамқорлық қайырымдылық, мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу
06e2 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық ою-өрнегінің қима үлгісін жасау. 5-сынып. Мақсаты
06e2 -> 3 ІІ. Негізгі бөлім


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет