Сабақтың мақсаты: «Электродинамика»



жүктеу 27.43 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі27.43 Kb.
түріСабақ




Гумарова Жазира Армановна

БҚО, Казталов ауданы, Қайыңды ауылы.

Қайыңды орта жалпы білім беретін

мектебінің физика пәні мұғалімі.

10 сынып Физика

Сабақтың мақсаты: «Электродинамика» қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты:

  1. Электростатика, зарядтардың сақталу заңын, Кулон заңын, электр өрісі, электросыйымдылық, электрлік шамалардың анықтамаларын бірліктерін, өлшейтін құралдарды білу; алған білімді қорытындылау, есеп шығару.

  2. Алған білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету, есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту.

  3. Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, доп, плакаттар,

маркерлер, карточкалар.



Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, АКТ, СТО әдісі, «Дауылға қарсы

тұру әдісі», эссе, деңгейлік тапсырмалар.



Сабақтың типі: Қорытынды сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аударғаннан кейін оларды топқа бөлу.

б) Топқа бөлу. (Молекула әдісі).

Оқушылар орындарынан тұрып, музыкамен молекула тәрізді сынып ішінде жүреді. Музыка тоқтағанда, қай жерде тұрса сол жерде сол топқа отырады.

с) Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру.

Оқушылар топта отырып бірден үшке дейін санайды. Үшінші оқушы топқа «Қайырлы күн ДОСТАР!» деп тілек тілейді.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Дауылға қарсы тұру» әдісін қолданамыз.

Осы әдіс бойынша топтар бір-біріне доп лақтырып, сұрақтар қояды.

ІІІ. Постер қорғау. Ойлан, тап!

Бүгін біз «Электродинамика» бөлімін қорытындылаймыз. Үш топқа үш түрлі тақырып. Осы тақырыптар бойынша постер қорғаймыз.

І топ: Электрсыйымдылық

ІІ топ: Электр тогы

ІІІ топ: Өткізгіштерді жалғау

ІV. Кім жүйрік? /есептер шығару/

Әр топқа 2 есеп беріледі.



  1. Бірінен бірі 3 см қашықтықта тұрған әрқайсысы 10 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі?

  2. Егер зарядталған шексіз пластина бетіндегі зарядтың беттік тығыздығы 354 нКл/м2-қа тең болса, ол пластина өрісінің кернеулігі қандай болатынын табындар.

  3. Конденсаторда 100 пф; 300 В деген жазулар бар. 50 нКл заряджинақтау үшін осы конденсаторды пайдалануға бола ма?

  4. Кедергісі 84 Ом-ға тең реостаттың орамасы көлденең қимасының ауданы 1 мм2 болатын никель сымнан жасалған. Сымның ұзындығы қандай?

  5. Қалта фонарына арналған шам 3,5 В, 0,28 А деп жазылған. Жұмыс режиміндегі кедергі мен тұтынылатын қуатты табу керек. Қыздыру шамы баллондағы 220 В, 60 В деп жазылған. Жұмыс режиміне сәйкес ток күші мен кедергіні табыңдар.

  6. 3 В кернеу мен 0,3 А ток күшіне лайықталған төрт шамды паралель қосып, 5,4 В-қа тең кернеу көзінен қоректендіру керек. Шамдарға тізбектеп қандай кедергілі резистор қосу керек?

V. Сергіту сәті.

VI. Кім жылдам? /формуланы толықтыру/

І. ; ; ;

ІІ. ; ; ;

ІІІ. ; ; ;



VII. Бекіту.

Бүгінгі сабақта не түсіңдің, не білдін? (эссе)



VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма. (Деңгейлік тапсырма)

І топ. «Электродинамика» сөзжұмбақ құру.



ІІ топ. Графикалық диктант.

ІІІ топ. Тест

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет