Сабақтың мақсаты: Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру. Сабақтың мақсаты



жүктеу 36.03 Kb.
Дата15.07.2018
өлшемі36.03 Kb.
түріСабақ

Сынып: 8 «ж»
Сабақтың мақсаты: Excel бағдарламасында функциялар мен

диаграммаларды құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Функция шебері көмегімен функцияларды қолдану, дайын

функциялардың түрі мен қолданылуын тапсырмалар беру

арқылы алған білімдерін жинақтау.

Дамытушылық : Сабақта оқушылардың шығармашылық және ойлау

іс-әрекеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу

дағдыларын қалыптасуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Бір-бірімен ынтымақтаса, ұқыптылықпен өзара көмек көрсете

алуға тәрбиелеу. Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сүюге

тәрбиелеу.

Құзыреттілігі: Оқушыларды бәсекге қабілеттілікке баулу, ақпарат жинау,

өңдеу.


Сабақтың типі: Білім мен білікті тексеру сабағы.

Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жинақтау.

Сабақтың әдісі: Қайталау сабағы.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Тірек схемалар.

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг:

  1. Сыныптың санитарлық –гигиеналық жағдайын көру.

  2. «Амандасу» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырады.

Шеңберге тұрып, бірімен-бірі қол алысып амандасып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

  1. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

III. Үй тапсырмасын сұрау:

Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру тәсілдерін пайдалана отырып, омірмен байланыстырып слайдтар жасау терілген. Берілген тапсырмаларын екі топтан оқушы шығып жасап, әкелген үй тапсырмасын қорғайды.



IV. Тапсырмалар

Теориялық жағынан пысықтау . Экранда функциялар мен диаграммалардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар суреттерге қарап сипаттама береді.












V. Практикалық жұмыс






Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмын.

Наурыз көженің шығынын есептеңдер.

Сендердің қолдарына 2000 теңге ұсынамын.

Құрамы: 1 келі ет

100 грамм бидай

100 грамм күріш

100 грамм тары

Тұз

Айран


Су

V. Практикалық жұмыс

Наурыз көженің шығынын есебінің диаграммасын түзіңдер.



VI. Сергіту сәті

Сергіту сәтінде ұлтық ойын «асық ату» арқылы жасырылған

сөзжұмбақтарды шешу.

VII. Логикалық есептер

1.Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?

Шешімі: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л

2. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

Шешімі: 53

3.Жоғарыдағы графикте адамдардың жастары берілген. Олай болса 0-9 жас

арасындағы адамдардың санын табыңыз.

А) 36


В) 35

С) 34


Д) 33

Е) 32

Шешімі: 33


  1. Жоғарыдағы графикте адамдардың жастары берілген. Олай болса 10-19 жас арасындағы адамдардың санын табыңыз.

А) 6

В) 18


С) 24

Д) 12


Е) 26

VIII. Сабақты қорытындылау

Бағалау: Балдық жүйе 9 – 10 5 баға

7 -8 4 баға

5 – 6 3 баға
Сонымен балалар, сіздер бүгінгі сабақта «Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру» тақырыбы бойынша толық мәлімет алдыңыздар. Енді сіздер алдыңыздағы кестені толтырыңыздар, яғни осы күнге осы тақырып туралы не білетін едіңіздер, бүгінгі сабақта алған жаңа біліміңізді және осы тақырып бойынша қандай мағлұматты кеңінен білгілеріңіз келетінін жазасыздар.

Білетінім

Білгенім

Білгім келетіні











IX. Үйге тапсырма беру

Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру және қорғау.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет