Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 2 санына кестелік көбейту және бөлу білімдері мен біліктерін тиянақтау



жүктеу 30.62 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі30.62 Kb.
түріСабақ

Сынып: 2 «В»

Күні: 20.04.2017 ж

Пән: Математика

Тақырыбы: 2 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды 2 санына кестелік көбейту және бөлу

білімдері мен біліктерін тиянақтау.

2.Оқушылардың математикалық білім арқылы интеллектісін

дамыту. Есептеу машықтарын      

жетілдіру. Өздіктерінен жұмыс істеу. Жеке, топтық жұмыста шапшандылық

танытуға машықтандыру.

3.Өзін – өзі басқаруға, қжымдылыққа, белсенділікке

тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.

Сабақ түрі: ойын

Көрнекілік: оқулық, көбейту кестесі, кескіндемелер

Сабақ кезеңдері:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру

ІІІ Жаңа тақырып

ІҮ Логикалық тапсырма

Ү Кескіндемемен жұмыс

ҮІ Бағалау

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру.

Психологиялық алхау:

Шөлеркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын,

Нұрын сыйлап біздерге

Көкте мәңгі күн тұрсын.

Тірек білімдерін жетілдіру. «Иә, жоқ» арифметикалық ойын.

708 санында 7 жүздік 8 ондық бар (жоқ)

489 саны 490 санның алдындағы сан (иә)

920, 290, 209 сандардың әрқайсысында 9 жүздік бар (жоқ)

200+20+2 өрнегі 222 тең (иә)

Егер 300-ге 20-ны қосса 302 болады (жоқ)

499 саны 500-ден 1-ге кем (иә)

893 саны 839-дан артық (иә)

ІІ Үй жұмысын тексеру:

11+12+13+17+18+19=90

22+26+28+27+150+24+23=300

21+22+23+27+28+29=150

290+250+240+210=990

ІІІ Жаңа тақырып:

Жұптық жұмыс, 2-ге көбейту кестесін сұрау

Оқушыларды жреби арқылы топқа бөлу

№ 2 тапсырма  Есептердің шешуін жаз «Теңге алу ойыны»

а) Бір қорапта 6 қарындаш бар. Осындай 2 қорапта қанша

қарындаш бар?

ә) 12 дәптерді 6 оқушыға теңдей бөліп берді. Әр оқушы

қанша дәптерден алды

б) Дүкенде әрқайсысында 8 килограмнан 2 жәшік сәбіз

әкелінді. Барлығы қанша килограмм сәбіз әкелінді?

в) Бір қорапта 8 шырын бар. 2 қорапта неше шырын бар?

2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады.

2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады.

№3 тапсырма

1топ – 20-ға дейінгі жұп сандарды жазады.

2топ – 20-ға дейінгі тақ сандарды жазады.

ІҮСергіту сәті

№5 тапсырма. Есептерді шығар. Кері есептер құрастыр.

«Сақина тастау»

а) 18 бала жұптасып сапқа тұрды. Қанша жұп болды?

ә) Бір отрядта 6 ғарышкер бар. Екі отрядта қанша ғарышкер

бар?


№6 Логикалық тапсырма «Арқан тартыс»

Үстелде шие салынған 3 стақан тұр. Мәлік бір стақандағы

шиені жеп қойды да, бос стақанды үстелге қойды. Неше стақан қалды?

                    

Екінші ауысымда оқитын екі дос мектепке бара жатыр. Олар

бірінші ауысымда оқитын үш жолдасын кездестірді. Мектепке барлығы неше бала

бара жатыр?

№7 кескіндеме «Бәйге»

ҮҚорытынды:

Бес жолды өлең

Зат есім - Көбейту кестесі

Сын есім – Қызықты

Етістік – Жарыстық

Синоним – Арифметика

Бағалау парақшасы

Үйге тапсырма: 193бет №4 тапсырма



 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет