Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпаратты жазуды және санауды үйрету, ақпарат тасымалдаушылармен таныстыру



жүктеу 29.11 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі29.11 Kb.
түріСабақ


Тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ақпаратты жазуды және санауды үйрету, ақпарат тасымалдаушылармен

таныстыру
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту

V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
VIII. Қорытындылау


І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Сәлемдесу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Информатика деген не?

2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?

3. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

4.Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар?

5.Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер




ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
М: Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?
О: Ақпарат – сақтау. Түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
М: Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
О: Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.
М: Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпараттың түрлерін есімізге түсірейік.
- Ақпарат
- Сан
- Видео
- Мәтін
- Дыбыс
- Графика

Ақпараттың өлшем бірліктері:

   1 байт=8 бит;

    1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

    1 мбайт(мегабайт)=1024кбайт;

   1гбайт(гегабайт)=1024мбайт;

1 тбайт(терабайт)=1024гбайт

Қатты диск (винчестер) – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы.

Жұмсақ диск (дискета) - шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін

қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш.



Лазерлік дискілер (CD, DVD) - үлкен көлемді ақпаратты сақтауға, оқуға мүмкіндік беретін тасығыш.

Флеш-жады заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар

Нысанды бумадан жылдам іздеу.


Ізделінетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.
Кеңейтілген іздеу
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.
Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.
Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.
Ақпаратты тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт - дик. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді.

ІV Практикалық жұмыс

V Сергіту сәті

VI Оқушыларды бағалау

VII Сабақты бекіту

1. «Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?

2.Сендерге қандай ақпарат тасығыштар белгілі?

3.Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?

4.Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

5.Ерте заманда қандай ақпарат тасығыштар болған?



Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу.§13 Сөзжұмбақ құрастырып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 1305
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1305 -> «Бекітемін» «№45 «АҚ Орда» мектеп- гимназиясы» кмм директоры: А. П. Архабаева Сыныбы: 2
1305 -> Сабақ жоспары: «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет