Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бір орында және қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беруді үйрету



жүктеу 47.2 Kb.
Дата16.04.2018
өлшемі47.2 Kb.
түріСабақ




  1. Сабақтың тақырыбы: Бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру

  2. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға бір орында және қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беруді үйрету. 2. Көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Әдепті, тәртіпті болуға, Өз халқына берілгендік, Отанға деген

сүйіспеншілік пен патриоттық рұх қалыптастыру.



  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өкізілетін орны: Саптық алаң.

  3. Өткізілетін күні:

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, оқулық плакаттар

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.


Әскери сәлемдесу
Әскери сәлемдесу әскери қызметшілердің ұйымшылдығының үлгісі, өзара сыйластығының куәсі және жалпы мәдениетінің көрінісі болып табылады.Барлық әскери қызметшілер кездескен (озып өткен) кезде Қарулы Күштердің саптық жарғысымен (бұдан әрі – Саптық жарғы) белгіленген ережелерді қатаң сақтай отырып, бір-бірімен сәлемдесуге міндетті.Бағыныстылар мен әскери атағы бойынша кішілер бірінші болып, ал олардың жағдайлары тең болған кезде бірінші көрген сәлем береді.

Әскери қызметшілер одан басқа:

Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне;

әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, сондай-ақ әскери кемеге келгенде және одан кеткен кезде Әскери-теңіз жалауына;

әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа тағзым етуге міндетті.

Әскери бөлімдер мен бөлімшелер сапта тұрған кезде команда бойынша:

Қазақстан Республикасының Президентіне;

барлық тікелей бастықтарға, армия генералдарына, генерал-полковниктерге, адмиралдар, сондай-ақ әскери бөлімде (бөлімшеде) инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарға;

Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне;

әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, ал әскери кемеде Әскери-теңіз жалауына, ол көтерілген және түсірілген кезде;

әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа;

кездескен кезде бір-біріне сәлемдеседі.



Әскери сәлемдесуді саптағы орнында

және қозғалыста орындау
Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 10-15 адымға жақындағанда, бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)» командасын береді.

Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, бір уақытта басын оңға (солға) бұрады және бастықты, оның соңынан басын бұра отырып, көз қиығымен шығарып салады.

Бастық саптың тыл жағынан келген кезде бөлімше командирі бөлімшені артқа бұрады, ал одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін команда береді.

Бөлімше командирі әскери сәлемдесуді орындау үшін команда беріп (егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарады; егер ол «иыққа», «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен болса, қаруы жоқ қолымен қозғалысты жалғастыра отырып, осы Жарғының 74-тармағында көрсетілгендей іс-қимыл жасайды), бастыққа саптық адыммен келеді; оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Лейтенант мырза. Екінші бөлімше сабақ кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Бөлімше командирі сержант Әлімов».

Сәлем берілетін бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілгеннен кейін қолын бас киіміне апарады.

Бөлімше командирі баяндап болғаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым артта және саптың сыртқы жағынан жүреді.

Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «Еркін тұр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа дейін 10-15 адым қалғанда бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ЖҮР, назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасын береді. «ТІК ЖҮР» командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. «Иыққа» күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, басын бұра отырып қолын бас киіміне апарады.

Бастықтың жанынан өткеннен кейін немесе «Еркін жүр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ЖҮР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

Бастық сәлемдескенде немесе алғыс жариялаған кезде әскери қызметшілер көтеріңкі, анық, үйлесімді жауап береді. Қозғалыста барлық әскери қызметші сол аяқтарын жерге қоя отырып, кейінгі сөздерді әрбір адыммен айтып жауап беруді бастайды.
. Бастықтың немесе үлкеннің «Сәлеметсіздер ме, жауынгерлер (офицер мырзалар)» деген сәлемдесуіне сапта немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер «Сәлеметсіз бе» деп жауап береді; егер бастық немесе үлкен «Сау болыңдар, жауынгерлер (офицер мырзалар)» деп қоштасса, онда әскери қызметшілер: «Сау болыңыз» деп жауап береді. Жауаптың соңына «мырза (ханым)» сөзі және әскер тегі немесе қызметі көрсетілмей, әскери атағы қосылады.

Мысалы: «Сәлеметсіз бе, кіші сержант мырза». «Сау болыңыз, бас старшина мырза», «Сау болыңыз, лейтенант мырза».

Егер командир (бастық) қызмет тәртібімен әскери қызметшіні құттықтаса немесе оған алғыс айтса, онда әскери қызметші командирге (бастыққа): «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деп жауап береді.

Егер командир (бастық) әскери бөлімді (бөлімшені) құттықтаса, ол созылыңқы түрде үш дүркін «Урамен» жауап береді, ал егер командир (бастық) алғыс айтса, әскери бөлім (бөлімше) «Қазақстан Республикасына қызмет етеміз» деп жауап береді.



в) Қорытынды бөлім – 5 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
  • Сап элеметтерін атаңдар.


  • Сапты басқару қалай орындалады?

  • Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?

  • Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?

Алғашқы әскери дайындық пәнінің



ұйымдастырушы оқытушысы: Абиров.Т
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет