Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Оқушыларға ораза ұстау парыз ба? Қасиетті Рамазан айы басталған сәтте қоғамда жыл сайын дәл осы тақырып қызу талқыланады. Жұрттың бір легі ұл-қызының ауыз бекіткенін құп көрсе, екінші тарап қарсылық танытуда. Бұл мәселеге қатысты Stan.kz ақпарат агенттігінің YouTube арнасында да имам мен аудармашы арасында ашық пікірталас өтті. 

Бұл баттлда балалардың ораза ұстауына қарсылық танытқан Серік Рысжанов. Ол құранды орыс тіліне аударған адам. Ал Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы мектеп жасындағылардың ауыз бекітуін жақсылыққа балап отыр. 

"Шариғатта ораза балиғатқа толған кісілерге міндеттеледі. Балиғат жасы қыз балада да, ер балада да 14-15 жас. Балиғатқа толмаған балаға шариғат ораза ұстау парыз емес. Өйткені адамдар діни сауатсыздықтан балаларына міндеттеп жатады. Денсаулығы жақсы, ауырмайтын 10-11 сынып оқушыларына ғана ораза ұстауға біз кеңес береміз, соған үгіт-насихат жасаймыз", – дейді наиб имам.

Ал құранды орыс тіліне аударған Серік Рысжанов балаларға оразаны міндеттеп, діни ақпарат беру дұрыс емес екендігін айтады. 

"Қазіргі 15 жастағы балаларда діни шешімге келуі үшін сана-сезім жоқ. Олар 18-20 жасқа келген кезде өздері шешу керек. Оларға "ораза саған парыз, ораза ұстамасаң сенде күнә болады" деп ешқашан айтпау керек. Шариғаттың көзқарасын балаларға айтуға біздің құқымыз жоқ. Ол діни мемлекеттің заңдары ғой. Жалпы, шариғаттың қағидалары мен біздің мемлекеттің заңдарын ұштастыру қате деп ойлаймын. Шариғаттың қағидалары кезінде болған, ол мемлекеттік заң емес. Себебі біз зайырлы мемлекетпіз. Бұл – бір. Екіншіден, оразаны міндет ету, күштеудің себебінен ораза ұстаған бала "мен жәннатқа кірем, сендер кірмейсіңдер" деп қатарластарына айтуы мүмкін. Балада осындай ой тумау үшін міндеттеудің қажеті жоқ. Мектеп жасындағы балаға ешқандай діни қағиданы үйретудің қажеті жоқ, білім алу керек", – дейді Серік Рысжанов.

Алайда Алматы орталық мешітінің наиб имамы қаршадайынан ұл-қыздарға тиып салып, кәмелеттік жасқа толғанда ғана еркіндік беру қателік деп түсінеді. 

"Жалпы, мен "біз ислам мемлекетіміз" деп айтқан жоқпын. Бүкіл конституциямыз құранмен басталу керек деп те айтқан жоқпын. Әркімнің діни сенімі мен бостандығы туралы конституцияда жазылған. Екіншіден, бала 18 жасқа тола сала бәрін бүгіннен бастаймын деп кетпейді ғой. Бала 13 жасында, 14 жасында ойланады, толғанады, жан-жағына қарайды. Бала қазір дұрыс шешімге келіп жатса неге біз оған тиым салуымыз керек? Баланы барлық нәрседен тиып тастап, 18 жаста ғана бастау керек деген дұрыс емес", – дейді дін өкілі. 

Сондай-ақ пікірталасқа қатысқан Серік Рысжанов ораза ұстау мектеп жасындағылардың білім алуына да кедергі келтіретінін ашық айтты. 

"Себебі адамда ең көп нәр алатын орган – біздің ақылымыз. Егер баланың қарны ашып жүрсе, оның түске таяу күші болмай қалады да. Басы ауырады, дұрыстап сабақ оқи алмайды. Тіпті бала емес, үлкен кісілердің өзі кейде өздерін солай сезінеді. Дәл 15-16 жастағы баланың сабағы көп, олар олар жоғары білімге дайындалып жатыр. Емтиханға дайындалады. Содан кейін олардың психологиялық жағын да ойлау керек. Оларға көп нәрсе ауыр тиеді. Түрлі оқиғалар болған. Мысалы, ҰБТ-ға дайындалған кезде баланың көбісі ата-анасымен ұрсысып жатады. Ал егер олар бір ай ораза ұстаса не болады? Сондықтан 15-16 жастағы бала әлі ақыл иесі емес", – дейді аудармашы.

Бұл пікірмен имам келіспейді. Оның айтуынша, шариғат бойынша ақыл-есі түзу баланың ораза ұстауы қалыпты жағдай. 

"Егер балаға оразаның қадір-қасиеті жеткілікті деңгейде түсінділірген болса, ол сол уақытта ораза ұстамаса, ол белгілі бір деңгейде күнә болады. Ағамыз 15-16 жастағы балалар ақыл иесі емес дейді. Егер сол бала заңды бұзса, біздің мемлекет "ақыл иесі емес" деп қарамайды. Өйткені ол мектепте физиканы, химияны оқып жүр бала. Біз оған бала деп баға бергенімізбен, ол ересек адам, көзқарасы бар адам. Содан кейін "ораза ұстаған баланың білімі нашарлап кетеді, ата-анамен ұрысқа апарады" деп жатыр ғой. Негізінде тәрбие дұрыс болмаса, бала ораза ұстай ма, ұстамай ма ол бәрібір ата-анамен ұрыс болады. Жыл он екі ай ұрыс болады. Бүкіл қоғам қазір баланың оразасымен арпалыс жатыр ғой. Біздің қоғамда балалардың тәрбиесінде ақтап тұрған басқа да мәселе көп негізі. Сондықтан қара бұлтты төндіру берудің қажеті жоқ", – деді Алматы орталық мешітінің наиб имамы. 

Дін өкілі мен аудармашы арасындағы ашық пікірталаста дәл осы тақырып жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айының рухани құндылығы мен адам ағзасына пайдасы туралы да ақпарат айтылды.
Видео сұхбаттың толық нұсқасын дәл қазір Stan kz YouTube арнасынан көріңіз.

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.