Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы ақпаратты жүйелеу, жинақтау, тапсырмалар арқылы толықтыру, тексеру, өңдеу



жүктеу 51.71 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі51.71 Kb.
түріСабақ

Сан есім

Жұмағалиева Алмагүл Амантайқызы

Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы, Кіндікті ауылы.

Сабақтың мақсаты: 1. Сан есім туралы ақпаратты жүйелеу, жинақтау, тапсырмалар арқылы толықтыру, тексеру, өңдеу.

2. Сөз таптарын ажырата білуін, сөйлем ішінің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.

3.Ана тілін қадірлеуге, сауатты жазуға адамгершілікке, кішіпейілділікке, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сөзжұмбақ, тест сұрақтары.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.



2.Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн достым,

Қызықты күн болсын!

Сәрсенбінің сәтінде,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

3.Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.

Өткен материалды қайталау.

Ертеде сөз табы деген ата болыпты. Атаның төрт баласы болған екен.

Затты жақсы ажырата білетін болғандықтан үлкен баласының атын Зат есім деп қойыпты.

Екінші баласы үнемі қимылдап жүретін болған. Оның атын Етістік деп қойған екен.

Үшінші баласы заттың дәмін, түрін, түсін жақсы ажырата білген екен, сондықтан оны Сын есім деп атаған екен.

Ал төртінші баласын атаға біз тауып беруге көмектесуіміз керек. Оны табу үшін көптеген тапсырмалар орындау қажет.

Атаға көмектесеміз бе, балалар?

Ендеше 3 топқа бөлінеміз.

1-топ: Зат есім.

2-топ: Етістік.

3-топ:Сын есім.

Өткен сабақты қайталау үшін алдымыздағы ұяшықты таңдаймыз. Онда сұрақтар беріледі. 1-тапсырма.


10

30

50

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Етістік дегеніміз не?

4.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

5.Сын есім дегеніміз не?

6.Сын есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

2-тапсырма: «Ой қозғау».

Мына тізбектегі ж әрпін сызып шығыңдар, қалған әріпті оқыңдар.

Сжажнж ежсжіжмж – Сан есім

Енді, балалар, сан есім неше дыбыстан тұрады?

7 дыбыстан тұрады. 7 саны қазақ халқында қасиетті сан.

7 саны туралы не білеміз?













Жеті ата, жеті қазына, жеті әулие, жеті ұрпақ, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті қат жер, жеті күн туралы айтылады.



3-тапсырма: «Ой шақыру»

Байлық, түрін, іскер, санын, мысал, білдіретін, жұрнақ,ретін, сөзге, заттың, сөздерді, жалғану, арқылы, дейміз, сан есім керекті сөздерді пайдалану арқылы қандай ереже шығаруға болады?

Оқушылар ереже шығарады, мысалдар келтіреді. Оқулықтағы ережені оқытып шығу.

4-тапсырма: 498-жаттығу, өлеңді дауыс ырғағымен оқу.


Мұғалім

Оқушы

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл- кеңес тыңдау үшін!

Жүрек деген не үшін керек?

Жауларымнан жасқанбау үшін

Тіл мен жағың не үшін қажет?

Ақиқатты айту үшін

Ал аяғың не үшін қажет?

Шетте жүрсең, Туған жерге қайту үшін

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болып шықты он саусақ.

4-тапсырма:

Дәптермен жұмыс: 499-жаттығу.

Жұмбақты оқып, жатқа жаз шешуін тап.

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек. /домбыра/

500-жаттығу. Ребус шешу.



5-тапсырма: Тақтамен жұмыс.

Сан есімдерді сөзбен жазу. 5,9,7,12,15,30.



6- тапсырма: Өтірік өлеңді оқып, сан есімдерді тап:

Елу метр есіктен

Еңкеюмен шақ кірдім.

Жүз қасқырды өшіккен,

Бір қозыға бақтырдым.

Мініп екі барысты,

Екі ешкі жарысты.

Екі минут ішінде

Екі айналды марсты.

7-тапсырма: Суретпен жұмыс. Сөйлем құрау керек.

Жайлауда бес ат жайылып жүр ..............................



8-тапсырма: Шығармашылық тапсырма.

Мен мектепке келгенде .................

Балалармен таныстым....................

9-тапсырма: Ұлттық ойын «Теңге алу».

Шашылған теңгелерді әмиянына салу керек. Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.



Зат есім: Өте жақсы, балалар, көптеген тапсырмалар орындап, атаға баласын тауып беруге көмектестіңдер. Ол баланың аты кім екен?

Сан есім екен.

Қорытынды: Сан есім дегеніміз заттың санын, ретін білдіреді.

Неше? Нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді.

Топпен жұмыс. Венн диаграммасы.





Сабақты бекіту:

Бұрын білгенім

Бүгін білдім

Білгім келеді





































Үйге тапсырма: 505-жаттығу. Суреттерге сөйлем құра.

Балалардың білімдерін бағалау.

Бүгін сабаққа белсенді қатысқан оқушылар былай бағаланады:

«Бес» дегенің – үздік баға,

Оқитын бол үздік қана.

«Төрт» дегенің – жақсы баға,



Алады оны жақсы бала.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет