Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады



жүктеу 76.84 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі76.84 Kb.
түріСабақ

Мендигалиева Гулим Сагидуллиевна,

ЖББ Көгеріс негізгі мектебі

БҚО, Сырым ауданы

Қонақ күту


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

3-бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер



Сынып: 5


Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша жинақы мәтін жазады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сюжетті суреттердің желісі, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша құрылымы дұрыс жинақы әңгімені жаза біледі.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Сюжетті суреттердің желісі, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша өз бетінше тұжырым жасай алады, жинақы мәтінді тексеріп, түзете алады.



Бағалау критерийлері

  • Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.

  • Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі, қосымша ақпараттарды анықтайды.

  • Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша жинақы мәтін жазады.

  • Мәтінге сай өзіндік ой-пікірлерін тұжырымдайды.

  • Жинақы мәтінді тексеріп, түзетеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Мәтіннің жанрлық ерекшеліктері мен сипаттамаларын анықтай алады, жазу кезінде жинақы мәтінді дұрыс құрып, талдау жасауға оқылым бойынша білімін пайдалана алады.



Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

қонақжайлық, қонақ күту, құт келеді.



Талқылауға арналған сұрақтар:

Қонақжайлық дегеніміз не?

Қонақ күту туралы не айтар едіңдер?

«Қонақпен бірге құт келеді» дегенді қалай түсінесіздер?



Құндылықтарға баулу

Құрмет; ашықтық; ынтымақтастық; қазақстандық патриотизм немесе азаматтық жауапкершілік; еңбек және шығармашылық; тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пəнаралық байланыс

тарих, әдебиет, өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер туралы түсінігі бар, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыра біледі, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша жинақы мәтін жаза алады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ширату. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне гүл ұсынып, жылы тілектерін білдіреді.

С. «Пазл» әдісімен сурет қиындыларын құрастырады. Тағам суреттерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

  • Бұл суретте не бейнеленген?

  • Тағам түрлері

  • Дәмді етіп, әдемілеп кімдерге дайындаймыз?

  • Келген қонақтарға дайындаймыз.

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қонақ күту» деп жаңа сабағымның тақырыбын болжатамын.


Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.

гүл

сурет қиындылары











Сабақтың ортасы

30 мин


Жазылым алдындағы тапсырма



1-тапсырма Ж. «Еркін жазба» әдісімен суреттері бойынша әңгіме құрастырады.

Дескриптор:

  • Суреттерді ретімен орналастырады.

  • Әңгімеге ат қояды.

  • Реттілігі бойынша әңгіме құрастырады.

Жұппен талқылап, түзетеді.

Топпен талқылайды, оқуға ұсынады.



ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір-бірін бағалайды.



Саралау жұмысы:

Суреттер беріледі. Суретке сай тірек сөздер беру.


Жазылым кезіндегі тапсырма С.

Аудиожазбадан мәтін тыңдалады.



2-тапсырма ТЖ. Әр топқа мәтін беріледі. Мәтінді сканерлеп оқып, «INSERT» әдісімен орындайды, кестені толтырады.

V

+

-

?

«Бұрын-нан білемін»

«Жаңа ақпарат»

«Менің ойлағаныма қайшы»

«Білгім келеді»


Дескриптор:

  • мәтін бойынша таныс мәліметтерді жазады;

  • жаңа ақпараттар алады;

  • өзіндік ой-пікірлерін білдіреді.

ҚБ «Бағдаршам» арқылы бағалау.



Саралау жұмысы:

«Ойыңды жалғастыр» әдісімен кейбір оқушылардың ойын тыңдаймын.

Мәтін беріледі.



Қонақ күту дәстүрі

Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру – қонақжайлықтың негізгі белгісі. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Баяғыда бабаларымыз бір ауылға, бір үйге барғанында қонақ күтетін отауға түспей тұрып, сыртқа қару-жарағын қалдырып, үй ішіне қамшысын ұстаған қалпы кіретін еді. Қонақтың үйге қамшысын ұстап кіруінің себебі: қамшы тұрған жерде жын-шайтан болмайды.

3-тапсырма ТЖ.

«Ақпараттық сүзгі» әдісімен мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды.

  • мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратады.

ҚБ «Геометриялық фигуралар» арқылы бағалау.



Саралау жұмысы: Мәтін бойынша негізгі ақпараттарды беру.

4-тапсырма. Ж. «Т кестесі» арқылы негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Мәтін

Жинақы мәтін





Жауаптарын топта талқылап, ұтымдысын шығарады.

Дескриптор:

  • жинақы мәтін құрастыруда негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді.

  • мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, жинақы мәтін жазады.

ҚБ Бас бармақ арқылы бағалау.

Саралау жұмысы:

Жинақы мәтін үлгісін беру.




https://www.zharar.com/kz/kenes/3685-konak.html

мәтін үлестірмелі парақшамен таратылады.




Сабақтың соңы
10 мин

Жазылымнан кейінгі тапсырма ТЖ.

5-тапсырма «Қонаққа бару» әдісі арқылы әр топ бір-бірінің мәтінін тексереді, түзетеді.

Дескриптор:

  • мәтінді мұқият оқиды.

  • мәтін құрылымын біледі.

ҚБ «От шашу» арқылы бағалау.

Саралау жұмысы: Мәтін жазудың өлшемдерін беру.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.

Кері байланыс

«Ресторан» әдісі арқылы оқушылармен кері байланыс орнату. Мұғалім оқушыларға бүгінгі күнді ресторанда өткіздік деп ойлап, төмендегі сұрақтарға жауап беру керектігін айтады.

  • мен тағы ... тапсырыс берер едім.

  • маған бәрінен ұнағаны ...

  • менің асқазаным қорытты ...

  • келесі де маған қосыңызшы ...

Оқушылар өздерінің жазғанын оқып, тақтаға жапсырады.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет