Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Электромагниттік толқындар тарауын талдай отырып, оның



жүктеу 67.89 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі67.89 Kb.
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар тарауын қайталау
Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Электромагниттік толқындар тарауын талдай отырып, оның

өмірде қолданылуы мен зияны жайлы ғылыми білім беру


Дамытушылық: оқушылардың оқу материалын талдай білу, бақылау,

салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыта отырып,

танымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды электромагниттік толқындардан өз ағзаларын

дұрыс қорғай  білуге,ұйымшылдықпен шешім қабылдауға,

жауапкершілікті сезініп,бір-бірінің пікірін тыңдауға,

мақсатқа жетуге талпынуға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: білімді дамыту.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап , есептер шығару,талдау

баяндау, сәйкестендіру, экспериментте дәлелдеу,

критериалды бағалау
Бағдарлама модульдерінің кіріктірілуі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда

АКТ-ны пайдалану,оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың көрнекіліктері: үлестірме материалдар, слайд,электромагниттік

толқынды тарататын және қабылдайтын рупорлар, постер

бейнежазба,плакаттар,сәйкестендіру парақтары,бағалау

парағы, тест сұрақтары,Ньютон сақинасы, дифракциялық тор.



Пәнаралық байланыс: биология, информатика, математика, тарих
Қолданылған технология: интербелсенді оқыту әдісі
Болжамдап отырған нәтиже:

Электромагниттік толқындар және оның қолданылу аясы,

пайдасы мен зияны жайлы теорияны меңгерген,толқындық

оптика заңдары мен формулаларын практикалык есептер

шығаруда қолдана алатын білімді тұлға қалыптасады.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (отырыстары,оқу құралдары)

4. Сыныпты топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Теориялық білімдерін тексеру.

2. Практикалық білімдерін тексеру.

ІІІ. Эксперимент көрсету

IV. Формулаларды сәйкестендіру

V. Есептер шығару

VІ. Сергіту сәті (Проблемалық сұрақтар)

VІІ. Тараудың ғылымилығы

(электромагниттік толқындардың өмірдегі пайдасы мен адам ағзасына зияны

және одан сақтану жолдары жайлы оқушылардың ғылыми көзқарастары )

VІІІ. Сабақты қорытындылау (слайд арқылы)

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Х. Үйге тапсырма беру.

ХІ .Рефлексия
Сабақ барысы:
Кешенді - сатылай сабақ жоспары:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

4. Сыныпты шариктер арқылы топқа бөлу


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Теориялық сұрақтар:

  • Электромагниттік толқындар және оның қасиеттері

  • Электромагниттік толқындар шкаласы

  • Жарық дегеніміз не? Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы

  • Жарықтың екі жақтылық қасиеті (Ньютон және Гюйгенс принципі)

  • Спектр дегеніміз не?

  • Жарықтың қысымы

2. Постер қорғау

І топ - электромагниттік толқындардың толқындық қасиеттері туралы ІІтоп - электромагниттік толқындар шкаласы және жарық дисперсиясы




а) Шағылу

  ә) Сыну  

б) Дифракция









в)  Интерференция – әр түрлі толқын 

көзінен таралған толқындардың қосылуы



г)  Поляризациялану- өріс тербелістері бір

бағытта өтетін электромагниттік толқын

 






Δr – толқындардың жүрген жол айырымы

n=0, 1, 2…



Поляризация құбылысы электромагниттік

толқынның көлденең толқын екенін дәлелдейді.Өріс тербелістері бір бағытта өтетін электромагниттік толқындыполяризацияланған толқын деп атайды




Электромагниттік толқындар шкаласы - Электромагниттік толқындарды

жиілік бойынша жіктеу: 


1. Төменгі жиіліктегі толқындар.
2. Радиотолқындар
3. Инфрақызыл сәулелер
4. Көрінетін сәуле шығару
5. Ультракүлгін сәулелер
6. Рентген сәулелері
7. Гамма сәулелері

Көрінетін жарық келесі түстерден тұрады:
1. Қызыл – 760 нм

2. Қызғылт

3. Сары

4. Жасыл


5. Көгілдір

6. Көк


7. Күлгін-380 нм

ІІІ. Эксперимент көрсету

І топ – рупорлар арқылы электромагниттік толқындардың шағылу, сыну,

жұтылу,поляризациялық қасиеттерін көрсетеді

ІІтоп – жарықтың интерференция,дифракция, дисперсия,поляризациялық

қасиеттерін көрсетеді


ІV. Формулаларды сәйкестендіру кестесі:


Формуласы


Физикалық шаманың аты



интерференцияның минимум шарты



ақ және қара бетке түскен жарық қысымы



толқын ұзындығы



интерференцияның максимум шарты



электромагниттік толқын шығару ағынының тығыздығы



сынудың абсолют көрсеткіші




салыстырмалы сыну көрсеткіші



 электромагниттік толқын шығарудың орташа қуаты немесе оны толқынның интенсивтілігі 


V. Есептер шығару

  1. Есеп №1005 (Физика есептерінің жинағы А.П.Рымкевич)

Жарық Күннен Жерге  қанша уақытта жетеді ?



Берілгені:              Формуласы:          Шешуі:

с =3*108 м/c            c=R/t

R=15*1010 м            t=R/c=500с≈8мин.

т/к  t-?


Жауабы: Жарық Күннен Жерге дейін 8 минутта жетеді.


  1. 1 с уақытта 30 км қашықтықтағы нысанаға дөп түсу үшін

радиолокатордың жіберетін импульстер саны (с = 3·108 м/с)
Берілгені:              Формуласы:          Шешуі:

t =1 с R· N =с· t /2

R=30 км N = с· t /2·R= 3·108 м/с ·1 с/ 2·3·104м=5000

т/к N-?



Жауабы: импульстер саны 5000

VI. Сергіту сәті: Проблемалық сұрақтар

  • Неліктен транспорт қозғалысы кезінде тыйым салынатын белгілерге,электр бағандарының жерден 1м биіктіктегі бөлігі қызыл түспен сызылады?

  • Шәкәрімнің : «Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса, көлеңке орнығады қайда барып» деген өлең жолдарында қандай физикалық заңдылық орындалады?

  • «Оптика» сөзіне  ассоциация құрастыру.

  • Жарық сәулесі, интерференция, дифракция, спектр, дисперсия, оптикалық аспаптар, айна т.б 

  • Шағылған және түскен сәулелер арасындағы  бұрыш 600-қа тең болу үшін сәуле жазық айнаға  қандай бұрышпен түсуі керек?


VII. Тараудың ғылымилығы


VІІІ. Сабақты қорытындылау (слайд арқылы)

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Екі топ бір-бірін бағалайды:



  • Үй тапсырмасына берген жауаптары бойынша,

  • Шығарылған есептері бойынша,

  • Шығармашылығы мен белсенділігі бойынша бағалайды.


Х. Үйге тапсырма беру.

«Голограмма» тақырыбы бойынша шығармашылық ізденіс



ХІ .Рефлексия

кестені толтыру:



Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Каталог: uploads -> doc -> 0d68
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d68 -> Департамент образования, культуры и спорта Ненецкого автономного округа
0d68 -> "Ќазаќтыѕ ўлттыќ ойындары"


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет